46
Сурет 4 - Дене шынықтыру мұғалімінің рефлексивтік мәденииетінің ішкі
компоненттері
Суреттен көріп отырғанымыздай, дене шынықтыру мұғалімінің
рефлексивтік мәденииеті ең алдымен «рефлексия» жайындағы білімдер мен
әрекетті бағалай алу тетіктерін білу, оларды педагогикалық үрдісте қолдана
алу біліктері, соның негізінде өз кәсібіне деген құндылық көзқарасының
қалыптасып, тұлғалық және кәсіби мәнді сапаларының артуын қамтитын
кіріккен феномен.
Қорыта келе, болашақ дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби – мәнді сапасы
ретіндегі рефлексивтік мәдениетін қалыптастыру маман даярлаудың
құзыреттілік амалына негізделген білім берудің жаңа парадигмасын жүзеге
асыруға бағытталған деген тұжырым жасауға болады.
Жұмысымызда бұдан әрі қарай болашақ дене шынықтыру мұғалімінің
рефлексивтік мәдениетінің оның кәсіби қызметінде алатын орынына
тоқталатын боламыз.
1.3 Рефлексиялық мәдениет дене шынықтыру мұғалімінің кәсібилігі
мен шығармашылығының негізі
Еліміздің білім беру саласында соңғы уақыттарда болып жатқан
жаңашылдық бастамалар педагогтардың сондай-ақ білім алушы жастардан өз
тәжiрибелерiн сыни тұрғыдан қайта қарап, өзі айналысып жүрген істерінің
нәтижесінің мақсатқа сай орындалуын оймен зерттей білуге, өз кәсіби
әрекетіндегі кемшіліктерді саналылықпен түзетуге ынталандыруды мақсат
етеді. «Бұл әрекеттегі менің мақсатым не?»; «Не жасауым керек?»; «Қалай ?»;
«Бұдан не шығады ?» сұрақтарын өзіне үнемі қоя білетін және оларға дұрыс
жауап бере алатын педагогтың кәсіби әрекетте шығармашылық деңгейге
жететіндігіне күмән келтіруге болмайды.
Кәсіби әрекет – адамның рухани және материалдық, жеке, қоғамдық
қажеттіліктеріне жауап беретін, нәтиже алу үшін еңбек пәнін өзгертуге
Достарыңызбен бөлісу: