50
Өзін-өзі бағалау тұжырымдамасы педагогтың кәсіби өзін-өзі тану
құрылымына кіреді. Өзін-өзі бағалаудың өзін-өзі танумен байланысын С.Л.
Рубинштейн: адамның өзін-өзі тануы тікелей тәжірибелерде берілмейді, бұл
оның тәжірибесінің нақты жағдайын білуді қажет ететін білімнің нәтижесі. Ол
көп немесе аз болуы мүмкін. Өзін-өзі тану, оның
ішінде өзіне деген көзқарас
өзін-өзі бағалаумен тығыз байланысты. Адамның өзін-өзі бағалауы бағалау
нормаларын анықтайтын дүниетанымға байланысты» деген сипаттама түрінде
атап өтті.
Өзіндік бағалау «Мен-тұжырымдаманың» жүйеқұраушы компоненті
болып табылады. Мен образ адамның тұлға ретінде басқалардың оны бағалауы
мен оның өзін бағалауын салыстыра отырып өзін түсініп тану негізінде пайда
болады. Ғалым И.И.Чеснокова өзіндік бағалауға зор мән бере отырып, әртүрлі
әлеуметтік әрекеттестік барысында өзіндік баға да өзгерістерге ұшырап,
түзетіліп отырады деген пікір білдіреді [137].
Өзіндік баға әрекетке ынталандырып оның тиімділігін арттырады, себебі
бұл адамның көңіл-күйіне, оның секемшілдіктен бастап жұмысқа бар
ынтасымен берілуіне байланысты. Өзіндік баға оның психологиялық-
физиологиялық, психикалық күйзелістері, оның өмірлік тәжірибесі, ол өмір
сүретін
ортада
және
өмірге
келген
қарым-қатынас
жүйесінде
детерминалданады. Өзінің ішкі құрылымына қарай өзіндік баға тұлғаның өзі
сияқты көпастарлы. Оның мазмұны моральдік-адамгершілік
құндылықтар,
қарым-қатынастар мен мүмкіндіктерден тұрады. Тұлғаның тұтас өзіндік санасы
оның психикалық әлемінің жеке қырлары негізінде қалыптасады. Өзіндік баға
беру өзін-өзі тану мен табу адамға әлеуметтік, кәсіби, отбасылық тіпті жай
қарым-қатынастар мен байланыстар жүйесінде өз орынын анықтауға
көмектеседі. Объективті, дұрыс берілген өзіндік баға адамға оның шешуге
тиісті кәсіби мәселелерінің аясын анықтауға, орындалмайтын иллюзиялық
мақсаттардан дер кезінде бас тарта алуға мүмкіндік береді. Өзіндік бағаның
адамның нақты мүмкіндіктеріне сәйкес болуы оның өзімен өзінің ішкі
үйлесімділігіне, өзін-өзі құрметтеуге қол жеткізуіне ықпал етеді де, ал
керісінше жағдайда ішкі қақтығыстарға кейде невротикалық жағдайларға әкелуі
де мүмкін. Дегенмен адамда қандай да бір өзіндік
бағаның болмауы тұлғаның
өзін жоғалтуына әкеліп, оған басқалар-дың беретін бағасының мәнін
арттырады.
Тұлғаның өзіндік бағасы оның әрекет ететін ортасында қандай
құндылықтардың жетекші болып есептелуіне байланысты. Қоршаған
адамдардың, ұжымның пікірінің мұндай жағдайда шешуші роль атқарып
жататындығы белгілі. Мысалы: ұжымда адамның коммуникативті қабілеттері
құнды болса, сол сапасы бар адамдар өздерін артық бағалауы мүмкін. Ал
интеллектуалдық сапалардың үстемдігі жағдайында осы қабілеттері жоғары
адамдарға берілетін баға да жоғары болады.
Кәсіби өзіндік бағаны қалыптастыру жолдары психология ғылымында
қарастырылып келеді. Оның қорытындылары бойынша өзіндік баға негізінен
адамдардың бір-біріне беретін бағасына байланысты болғандықтан, қарым-
51
қатынас ететін ортаны өзгерту арқылы бағаның объективтілігіне жетуге болады
пікір бар. Психологтар сондай-ақ тұлғаның өзіндік
бағасының дұрыс болуын
психоаналитикалық жұмыстар жүргізу арқылы жолға қоюға болатынына
тоқталады. Оларға өзін-өзі бағалау шығармалары, мінездеме-бағалау, арнайы
сауалнамалар, тестер сияқты жұмыстар жатқызылады.
Кәсіби өзін-өзі бағалау-бұл өзін-өзі бағалаудың бір түрі жеке даму және
өте қиын, қарама-қайшы өзгереді. Өзін-өзі танудың басқаны түсінуге әсері
туралы отандық зерттеулердің нәтижесі басқаны объективті бағалау қабілетінің
қалыптасу деңгейі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым өзін-өзі бағалау
жеткілікті болады. Басқа адамның қасиеттерін білудегі дәйектілік өзінің «мен»
тұжырымдамасының реттілігін анықтайды. Басқаны бағалай отырып, субъект
өзінің назарын өзіне мүмкін деп санайтын және өзіне -өзі қанағаттанатын
қасиеттерге
аударады, ол өзі үшін маңызды емес деп санайтын жеке
қасиеттерге назар аудармайды.
Біздің
ойымызша,
маман
дайындау
жұмыстарының
негізгі
компоненттерінің - бірі білім алушылардың өзіндік баға беру қабілеттерін
дамыту болып табылады. Сондықтан бұл бағыттағы жүргізілетін жұмыстар оқу
үрдісінің барлық формаларының мазмұнында болуы тиіс.
Мұғалімнің кәсібилік пен шығармашылықта биіктіктерге жетуі өзінің
маман ретіндегі өсу деңгейін зерттей алу, дұрыс бағалай алудан
басталатындығы жайлы тоқталып өттік. Біз қарастырып отырған рефлексиялық
мәдениет талдау, жинақтау, салыстыру, қорытындылау сияқты кезеңдерден
тұрып, соның негізінде жаңа жоспарлар құра алуға жеткізеді. Демек, әрекет
жайлы ойлау мен ойға алғанды орындау, оны қайтадан ой елегінен өткізудің
психологиялық салмағы бар екендігі түсінікті.
Сондықтан да рефлексиялық
мәдениеттің атқаратын қызметі зор.
Педагогикалық әрекеттегі өзiн-өзi рефлексиялауды көптеген ғалымдар
мұғалiмнiң шығармашылық әрекетiнiң контексiнде қарастыра отырып, оның
негiзi тұлғаның өзiн өмiр сүру әрекетiнiң субъектiсi ретiнде танып, өзін-өзі
басқара алуы деп түсiндiредi. Ол мұғалімнің өзін - өзі дамытуы жаңалыққа
ашық болған жағдайда орын алады, ал «ашықтықтың» көрсеткіштері ретінде
Ю.Н. Кулюткин әлемдегі реализмді көре алу, дивергенттік, оралымды ойлай
алу, өз тәжірибесіне сыни баға бере алуды жатқызады [138].
Болашақ дене шынықтыру мұғалімінің шығармашылының дамуы үшін
оның
Достарыңызбен бөлісу: