56
мен түпнұсқаның арасында айқын көрінетін ұқсастық қатынас бар: ғылыми
таным үдерісінде модель түпнұсқаны алмастырады; модельді зерттеу түпнұсқа
туралы ақпарат береді [140,б. 54].
Модельдеу норманы өзгертуге және кейіннен жаңасын енгізуге
бағытталған рефлексивті талдауда тәжірибені дамыту қызметі ретінде пайда
болады. Осыған байланысты рефлексивті ойға бағыну бірінші орынға шығады.
Өз кезегінде, кез-келген болжам белгіленген мәселеге сүйенеді және
расталғаннан кейін ол өздігінен жүреді немесе мазмұн мақсаттарын тапсырма
фазаларына аударады. Сондықтан модель мәселе мен міндет арасында
орналасқан деуге болады.
Бірқатар ғалымдар модельді объектінің нақты өмір сүру формасынан
өзгеше түрде ұсыну ретінде анықтайды. Қазіргі заманғы ғылым жеке тәуелсіз
элементтерді-объектілерді олардың өзара әрекеттесуі ретінде зерттеумен
айналысатындықтан, біз «модель» анықтамасында жеке элементтерді де,
олардың қарым-қатынасы мен байланысын да қарастыратын«жүйе» терминін
қолдануды орынды деп санаймыз.
Келтірілген анықтамаларды қорыта келе, модельдеу – жаңаны жасау,
соның негізінде жаңа білімдер, зерттеу нысаны жайында біртұтас ақпарат
жинақтауға
мүмкіндік
беретін,педагогикалық
зерттеулерде
кеңінен
қолданылатын әдістердің бірі деген тұжырым жасаймыз. Модельдің мәнді
белгілері:
көрнекілік,
абстракциялау,
ғылыми
қиялдау
элементтері,
аналогияларды пайдалану, болжамдық элементтер жатады. Басқаша айтсақ,
модель – ғылыми болжамның көрнекі түрі болып табылады.
Моделді зерттеу бізге оқылатын білімді тұтас құбылыс ретінде қабылдау
туралы көзқарасты сақтауға көмектеседі және мәнін түсіндіреді.
Моделді түсіну үшін қажетті мәселелер:
- нақты объектінің қалай орналасқанын, негізгі құрылымы мен құрамын,
қоршаған ортамен дамыту және өзара әсерінің заңдылықтарын;
- объект немесе үрдіспен бақылауды үйренуін, берілген шарттар, мақсаты
мен критерийлерін басқарудың неғұрлым жақсы тұстарын анықтау;
- объектіге әсер ету тәсілдері мен формаларын жүзеге асырудын тура және
қосалқы салдарын болжау.
Модель құру – шынайы түрде жүзеге асырылатын жүйені арнайы
үйлесімділіктер арқылы материалды немесе моралды имитациялау жүргізу.
Экспериментте модель екі түрлі роль атқарады:
Достарыңызбен бөлісу: