Белегова әлия ақанбайқызы болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің рефлексивтік мәдениетін



Pdf көрінісі
бет36/85
Дата26.10.2023
өлшемі3,25 Mb.
#188374
түріДиссертация
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   85
Байланысты:
дш

Теория мен тәжірибенің бірлігі– 
ұстанымы педагогикалық зерттеулерде 
үлкен роль атқарады. Практика қайсы бір теориялық ереженің ақиқаттығының 
өлшемі. Дегенмен де тәжірибеге негізделмеген теория өнімсіз болады. Сондай-
ақ теорияны басшылыққа алмаған практикада стихийялылық, тиімсіздік орын 
алады. Теория тәжірибеге жол ашады.Демек, педагогикалық зерттеулерді 
ұйымдастыруда психология мен педагогиканың теориясындағы жетістіктер 
ғана емес, тәжірибенің дамуы, жетістіктері да есепке алынуы тиіс.
Біз қарастырып отырған болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің 
рефлексиялық мәдениетін қалыптастыру үшін ең алдымен олардың 
«рефлексия», «рефлексиялық мәдениет» ұғымдарына қатысты теориялық 
білімдері болуы керектігін көрсетеді. Сонымен қатар жаңартылған білім 
мазмұны жағдайында мұғалімге қойылатын талаптар, білімдегі өзгерістер 
туралы хабары болуын алдыңғы қатарға шығарады. Оларды күнделікті 
сабақтарда, педагогикалық практика, зертханалық жұмыстарда қолданып отыру 
алған білімдердің тәжірибеден өтуін қамтамасыз етеді. Тек осы жағдай ғана 
болашақ педагогтың маман иесі ретіндегі ұшталуына, өсуіне жол ашады. 
Субъектілік. 
«Субъект» ұғымы (латынша – subiectum – бастаушы) – 
болмысты тану мен өзгертудің бастауы ретіндегі индивид немесе топ; белсенді 
жеткізуші деп аударылады. Бұл - философия, психология және педагогика 
ғылымдарында бірдей қолданылатын ұғым.Философияда адам әлемдегі үнемі 
қайта жаңару жағдайында болатын жан, ал сол жаңару адамның өзінің 
ұмтылысы нәтижесінде, өз ойларын ұмтылыстарына бағындыру нәтижесінде 
іске асады деген мағынада қолданылады. 
Психологияда субъект тұтастылықтың және автономиялықтың, өз 
белсенділігінің жоғары деңгейіндегі адам ретінде қарастырылады. Осы 
деңгейде адам өте жекеленіп кеткен, яғни өз мотивациясы, қабілеттері
психикасы ерекшеліктерін білдіреді. Адам субъект ретінде туылмайды, ол іс-
әрекет барысында субъект ретінде танылады. Әр тұлға – субъект, бірақ соның 
өзінде ол тұлғаға теңестірілмейді.
Субъект - өзін-өзі ұйымдастырудың белгілі бір сапалы тәсілі, тұлғаның 
өзін-өзі реттеуінің, ішкі және сыртқы жағдайлардың келісуінің тәсілі, барлық 
психикалық процестердің, күйлердің, қасиеттердің реттеу орталығы, сонымен 
бірге қабілеттердің, объективті және субъективті мақсаттарға қатысты іс-


65 
әрекеттің міндеттеріне сәйкес тұлғаның мүмкіндіктері мен шектеулерінің 
формасы. Субъектінің тұтастылығы, бірлігі және кіріктірілуі оның психикалық 
қасиеттері жүйелілігінің негізі болады. 
Педагогикада субъект өз іс-әрекетін, сол арқылы өзін-өзі дамытуды 
ұйымдастыра, реттей алатын адам ретінде қабылданады. Субъектілік тұлғаны 
белсенді субъект (орындаушы, бастамашы, үйлестіруші) ретінде қарастыру 
индивидтің көкейкесті міндеттерді шешу үшін мотивациясын түсінуге 
мүмкіндік береді және ақиқат шыңдықты қайтадан өндіруге қарым-қатынасын 
айқындайды, кәсіби әрекеттерді орындауда тың іздестірулерді қамтамасыз 
етеді.
Субъектілік мына төмендегі үш кіріккен мәнді сапалармен сипатталады: 

өзін-өзі детерминалдандыру
- өзінің ішкі өзгерістеріне және сыртқы 
белсенділігіне өзі себеп бола алу қабілеттілігі; өзіндік ресурстарды белсендіру 
мен іске қоса алу. Бұл қызмет тұлғаның ерік-жігерін ретке келтіре алуымен 
байланысты; 

өзін-өзі ұйымдастыру
- өзінің ұмтылыстарының, армандарының жүйесін 
жасай алуға қабілеттілік, өзінің әлемді түсінуін қадағалай алуы. Бұл сапаның 
қызметі мақсаткерлікпен байланысты; 

өзін-өзі дамыту
- өзінің ішкі дүниесі мен қоршаған ортаның сандық 
өзгерістерден сапалық өзгерістерге өтуіне ықпал етуге қабілеттілік. Бұл жағдай
оқушының бейімделмеген белсенділігінде көрініс табады.
Біздің зерттеу жұмысымызға қатысты субъектілік ұстанымының 
басшылыққа алынуы болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің өз әрекеттерін 
үнемі талдап, өзіндік кәсіби қорытындылар жасауға деген белсенділігі, соның 
нәтижесінде тұрақты рефлексиялық мәдениет сияқты сапасының қалыптасуына
түрткі болатындығымен түсіндіріледі. 
Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің рефлексивті мәдениетін 
қалыптастырудың жоғарыда көрсетілген тұғырлары мен ұстанымдары біздің 
зерттеуімізде келесі қызметтерді атқарады: 
-
гностикалық
(студенттердің 
алынған теориялық білімдерді, жүйелеу 
біліктілігі, дене шынықтыру ұйымдарында жаңа ғылыми жетістіктерді игере 
білу, т.б.)

-
кіріктірушілік
(педагогикалық жаңашылдықтарды, мәдениеттің, кәсіптің 
құндылықтарын қоғамға ендіру); 

прогностикалық
(кәсібиліктің нормаларын анықтауға қажетті 
педагогикалық үрдіс нәтижелерін болжауға септігін тигізу); 

реттеушілік
(кәсіби білім алу жағдайында студенттің іс-әрекетін реттеу, 
нақты ғылыми және өндірістік міндеттерді шешу кезінде қолдану); 

құндылық бағдарлы
(
денсаулық-сақтаудағыіс-әрекеттерді ұйымдастыру 
саласында инновациялық-маркетингтік жұмысты ұйымдастыру; алдын-ала 
жасау және іздеу жұмыстарын жоспарлау мен ұйымдастыру, болжамдау және 
мәселелерді диагностикалау мен зерттеу
). 
Келесі кезекте біздің жұмысымыздың аясында құрастырылған модель 
компоненттерінің сипаттамаларына тоқталамыз. 


66 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет