Белегова әлия ақанбайқызы болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің рефлексивтік мәдениетін



Pdf көрінісі
бет32/85
Дата26.10.2023
өлшемі3,25 Mb.
#188374
түріДиссертация
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   85
Байланысты:
дш

Тұлғалық – бағдарлы тұғыр
негізінен оқыту үрдісінің адамға, оның 
даралығына бағыттауды, жеке тұлғаның мүмкіндіктерін танып, дамытуды 
көздейді. Адамның жеке тұлғалық қасиеттері мен даралығының;зияткерлік, 
түрткілік, көңіл-күй, еріктік, пәндік-тәжірибелік, экзистенциалдық, өзіндік 
реттеу сияқтыөрістерінің қалыптасуына негіз болатын білім берудің ерекше 
мазмұнын айқындауға бағдарлайды. Тұғырдың басты мақсаты мен қызметі – 
қай деңгейдегі болмасын білім алушының оқыту барысында жеке қабілеттері 
мен қасиеттерін есепке алу, әрі қарай жетілдіру. Осы тұғырдың көрнектіөкілі, 
И.С.Якиманскаяның пайымдауынша, жеке тұлғаға бағдарланған оқытуда 
даралау тәсілі барлық білім беру үдерісінің негізгі қағидасы болып табылады 
[142]. Бұл ойдан біз жеке тұлғалық тәсіл жағдайында білімгерлердің өзіндік 
жеке ерекшеліктерінің болуы қойылған мақсатқа жетудің - яғни, қайталанбас 
жеке тұлға ретінде әрбір білім алушының дамуын қамтамасыз етудің қажетті 
шарты екендігін түсінеміз. 
В.В.Сериков жеке тұлғаға бағдарланған білім беруге тән келесі 
заңдылықтарды атап көрсетеді: жобалау элементі – «тұлға өміріндегі оқиға», ол 
кейіннен біртұтас өмірлік нәтижеге айналады. Ал білім тек оның бір бөлігі ғана 
болып табылады. Оқыту мұғалім мен оқушының бірлескен қызметі 
болғандықтан, бұл әрекетте олардың бір-бірін түсінуі, қабылдауы, әсіресе 
оқытушының білім алушының бар мүмкіндіктерін білуі аса маңызды. Сонда 
ғана бірлескен әрекет білімгер үшін тұлғалық тәжірибенің бастауына 
айналады. Оқыту үдерісі оның табиғи өмір сүру жағдайына жақын бола түседі 
[143]. Автордың келтірілген тұжырымдамалық идеясы қазіргі кездегі бірлескен 
оқу әрекетін ұйымдастырудың басты қағидасы десек қателеспейміз. Тек 
осындай заңдылықтар басшылыққа алынған жағдайда біз қарастырып отырған 


61 
студент те, басқа субъектілер де бірлесе дамуға мүмкіндік алады деп 
есептейміз. 
Осы тұғырды басшылыққа алу арқылы болашақ дене шынықтыру 
мұғалімдерінің танымдық белсенділігін дамытып, олардың жеке тұлға ретіндегі 
ойлауы, қызығушылығы, мүддесі, ұстанымы, бағытталуы, өмірге, еңбекке 
көзқарасы, құндылық бағыттары, өмірлік жоспары және т.б. сияқты аса 
маңызды тұлғалық қасиеттерін жетілдіруге мүмкіндік аламыз.Демек, тұлғаға 
бағдарланған оқыту дегеніміз –білім алушылардың бір-бірінен айрықшалайтын 
жеке ерекшеліктерін есепке алу ғана емес, бұл-ең алдымен, оқушыға жеке тұлға 
ретінде, бірлескен қызметтің саналы әрі жауапкершілгі бар субьектісі ретінде 
қарау орын алып, соның нәтижесінде болашақ мұғалімнің рефлексиялық 
мәдениетін қалыптастырудың тиімділігі артады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет