Белегова әлия ақанбайқызы болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің рефлексивтік мәдениетін



Pdf көрінісі
бет34/85
Дата26.10.2023
өлшемі3,25 Mb.
#188374
түріДиссертация
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   85
Байланысты:
дш

эстетикалық құндылыққа
– жүйелілік, әдемілік, 
логикалык ойлау операцияларының элеганттылығы, шешімнің тапқырлығы 
жатады. 
Этикалық құндылықтар
мінез-құлық нормаларынан түзіледі. Олар 
«субъект-субъект» қарым-қатынасы арқылы реттеліп отырылатын: сыни ойлау, 
басқаларды құрметтеу, ашықтық, сезіну, ынталана білу, ғылым алдындағы ақ 
адалдық т.б. моральдік-этикалық нормалар. 
Әлеуметтік құндылықтар

адамның қай саладағы болмасын жасаған әрекеттерінің пайдаға асуынан 
тұрады. Ең бастысы кез келген тәжірибе басқаларға зиян келтірмеуі керек.
Біздің ойымызша, рефлексиялық мәдениеті қалыптасқан болашақ дене 
шынықтыру мұғалімінің бойында осы құндылықтар болуы тиіс, әрі 
педагогикалық әрекеттері осыларға сәйкес болуы қажет.Аталмыш тұғыр 
болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің мамандыққа қойылатын талаптарды 
қанағаттандыратын және құндылық бағдары бар әлеуметтік мәнді іс-әрекетке 
дайын болуын қамтамасыз етеді. 
Акмеологиялық тұғыр. 
Кәсіби шеберліктің биігіне көтерілу туралы 
ғылымның «акмеология» деген атауы «акме» грек тілінен аударғанда «шың», 
«биiктiк» деген мағынаны береді.Акмеологияда адам өзін-өзі дамыту мен 
шығармашылыққа қабілетті, өзінің өмірі мен кәсіби әрекетін ұйымдастыра 
алатын өз әрекетінің субъектісі ретінде танылады. Әрбір маман иесі өз 
мамандығына сәйкес кәсібилік жолдарда өзін-өзі анықтаудан кәсіби әрекет 
негіздерін меңгеріп, шеберліктің баспалдақтарымен өту арқылы жетілудің 
шыңына көтеріледі. Бұл ретте маманның кәсібилігінің даму заңдылықтарын 
зерттейтін жаңа интерактивті-кешенді ғылым акмеологияның орны ерекше. 
Бірқатар ғалымдар: О.С.Анисимов [149], А.А.Бодалев, Н.В.Кузьмина [150], 
А.А.Деркач [151], В.Г.Зазыкин [152], А.П.Ситников [153], т.б. акмеологияның 
әртүрлі мәселелеріне өздерінің еңбектерін арнаған.


63 
Қазақстанда 
педагогикалық 
акмеология 
М.Ә.Құдайқұлов 
[154], 
Б.А.Тұрғынбаева [155] және олардың ғылыми мектебі өкілдерінің еңбектерінде 
қарастырылады. 
Кәсібилік – еңбектің субъектісі ретінде адамның дамуының жоғарғы 
деңгейі және акмеологияның басты категориясы болып табылады. Ол жалпы 
және кәсіптік білім беру барысында қалыптасады. Оның әрі қарай дамуының 
(«кәсіби акмеге жылжу») негізгі шарты болып кәсібилікке құндылықтық 
қатынас ретіндегі тұлғаның үздіксіз кәсіптік өзіндік білім алуы мен өзін-өзі 
дамыту қарастырылады. Кәсіби маман – бұл тұлға кәсібилігінің және іс-
әрекеттің жоғары көрсеткіштеріне ие, жоғары кәсіби және әлеуметтік мәртебесі 
бар, жағымды әлеуметтік маңызға ие, өзін-өзі дамытуға және өзін-өзі 
жетілдіруге, тұлғалық және кәсіби жетістіктерге бағдарланған, тұлғалық және 
әрекетшіл нормативтік реттеудің серпінді дамушы жүйесінің субъектісі.
Акмеологияның негізін қалаушылардың бірі А.А.Бодалев: «білімдік үрдіс пен 
тәрбие адамды үздіксіз өзін-өзі дамытуға бағыттап, ынталандырған жағдайда 
ғана шынайы нәтижелі болады»деп жазады [156]. Акмеологиялық тұғырдың 
аясында да болашақ маманның кәсіби өзіндік білім алу қабілеті қалыптасып, 
сол білім мен тәжірибені өзіндік саралау арқылы бағалаушылық қабілеттер 
жетіледі.
Бұлар туралы айтып отырған себебіміз рефлексиялық мәдениеті 
қалыптасқан дене шынықтыру пәнінің мұғалімі кәсібилікке жеткен деуге негіз 
бар. Ол жайында жұмысымыздың өн бойында көрсетіліп келеді [157]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет