Белегова әлия ақанбайқызы болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің рефлексивтік мәдениетін


педагогикалық әрекетті талдау тәжірибесін меңгеруі



Pdf көрінісі
бет42/85
Дата26.10.2023
өлшемі3,25 Mb.
#188374
түріДиссертация
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   85
Байланысты:
дш

педагогикалық әрекетті талдау тәжірибесін меңгеруі
Педагогикалық іс-әрекет дегеніміз - мұғалімнің оқу-тәрбие істерін 
нәтижеге жеткізетін әрекеттер құрылымы. Мұғалімнің шеберлігі педагогикалық 
мамандық негізінде басқара білу. Өз педагогикалық іс-әрекетін талдау - 
мұғалімнің 
оқу-тәрбие 
жұмысының 
қалпын, 
нәтижелерін 
зерделеуі; педагогикалық 
құбылыстар элементтерінің 
арасындағы 
өзара 
байланыстарды белгілеу, оқушыларды оқытуды және тәрбиелеуді әрі қарай 
жетілдіру жолдарын анықтаудан тұрады. Педагогикалық талдаудың: 
диагностикалық, танымдық, түрлендірушілік, өздігінен білімденушіліксияқты 
кызметтерді атқарады.
 
Педагогикалық іс-әрекеттегі педагогикалық талдаудың рөлі өте зор. 
Мұғалім талдауды неғұрлым тереңірек және негізді түрде жүргізсе, 
басқарылатын объектінің және ондағы процестердің мәніне енсе, басқарылатын 
жүйені ретке келтіру және оны жаңа, жоғары сапалы күйге көшіру жөніндегі 
әрекеттері неғұрлым дәлелді және тиімді болады. 
Талдау педагогикалық қызметтің нәтижелері мен тиімділігін зерттеу 
негізінде жүзеге асырылады және сонымен бірге педагогикалық қызметті 
мақсат қою, болжау және жоспарлаумен өте тығыз байланысты. Талдау 
қаншалықты терең болса, келесі кезеңдегі мұғалімдердің, ұжымның мақсаттары 
мен міндеттері соғұрлым дұрыс және нақты анықталады. Мақсаттар неғұрлым 
нақты болса, соғұрлым жоспарланған жұмыстың мазмұны мен формаларын 
таңдау оңтайлы болады.Әрекетті талдау ондағы орын алған кемшіліктердің 
себептерін айқындауға мүмкіндік береді. Талдау, қайта ой елегінен өткізу, яғни 


76 
мәселеге өзгенің көзімен қарап, өз мақсатына пайдалана білу дегенге келіп 
саяды. 
Егер педагог өз әрекетіне өзіндік талдау жасай алса, онда ол өзіндік 
дамуының, кәсіби тұрғыда жетілуінің көкжиегін бағдарлай және өз тәжірибесін 
жақсарта алады деуге болады. Болашақ маманды рефлексия жасауға жетелеу 
жоғары оқы орыны оқытушысының басты міндеттерінің бірі, себебі рефлекия 
да бұл әрекетті талдаудың өте тиімді формасы. Өзінің іс-әрекеттеріне және 
білім алушылармен өзара әрекеттестікті талдауға бағытталған жұмыс өзімен-өзі 
«ішкі диалог» құру, ол өзіңе және өзгелерге қатысты әділ болуды,
 
белгілі 
деңгейдегі педагогикалық тәжірибені, сондай-ақ психологиялық және 
педагогикалық білімді қажет етеді.
Сабақтың психологиялық ішкі жүйесін талдау әр студенттің білім алу 
барысындағы 
жасаған 
әрекеттеріндегіэмоционалдық 
жағдай, 
олардың 
эмпатиясын, зияткерлік және оқу материалдарының жеке ерекшеліктері мен 
ішкі қажеттіліктеріне сәйкес келуін көрсетеді.
Өз әрекетіңді біздің жағдайымызда педагогикалық әрекетті талдау ең 
алдымен басталғалы тұрған істі жобалай алудан басталып, орындау барысында 
кеткен кемшіліктерді айқындап, түзетумен аяқталатын үрдіс. Сондықтан 
болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің бойында рефлексиялық мәдениетінің 
дамуына әсер ететін педагогикалық әрекетті талдауға қажетті тұлғалық 
сапалары болуы тиіс деп санаймыз.Оларға біз:
әрекетті жоспарлай 
алу;
ә
рекетті орындаудағы ойлылық;
ә
рекет барысында кеткен кемшіліктерді
таба білу; кемшіліктерді түзету жолдарын білу;компромистік шешімдер 
іздеу және 
осы аталғандарды жүзеге асырудағы
табандылықты 
жатқыздық. 
Осылардың әр сатысында ақырғы нәтиженің сапалы болуына әкелетін қадамдар 
жатыр (сурет 7). 


77 
Сурет 7 - Рефлексиялық мәдениетті қалыптастыру үшін болашақ дене 
шынықтыру мұғалімінің кәсіби - педагогикалық әрекеттерді талдау алгоритмі 
және оған қажетті тұлғалық сапалары 
Бұл кәсіби - педагогикалық әрекеттер мен тұлғалық сапалар болашақ дене 
шынықтыру мұғалімдеріне мамандық бойынша кәсіби білім алу мазмұны мен 
тәжірибесі арқылы меңгеріледі, дамытылады. Біз оларды өз мақсатымызға 
қарай пайдалану арқылы одан әрі жетілдіруге ықпал етеміз.
Жұмысымыздың келесі тарауында ұсынылып отырған құрылымдық-
мазмұндық модельдің тиімділігін дәлелдеуге бағытталған тәжірибелік-
эксперименттік жұмыс барысы мен алынған нәтижелер сипатталады. 
Кемшіліктерді түзету жолдарын білу.
Әрекет барысындағы орын алған 
қателіктер саралауды қажет етеді. Жоспар мен оның орындалуын салыстыру, 
қорытынды шығару арқылы ғанажаңа, тың жолдар туындайды.
 Компромистік 
шешімдер іздеу.
Шешім қабылдау кезінде өзгелердің ойымен санасу қажет. 
Әйтпегенде, бұл шешім бір адамның ой толғанысы деңгейінде қалып қояды 
Әрекет барысында кеткен кемшіліктерді таба білу. 
Жасалған әрекетті 
қайтадан ой елегінен өткізу естілердің қатарында болуды білдіреді. Өз 
кемшілігіңді өзіңнің табуың оны қайталамауды жүзеге асырады. 
Р
еф
ле
кс
ия
лық
мә
де
ни
етт
і
қа
лып
та
стыру
ға
қа
ж
етт
і тұлға
лық
с
ап
ала
р 
Әрекетті жоспарлай алу.
Әр педагогикалық әрекет алдымен алдын ала 
дайындалып, жоспараланады. Дұрыс жоспар жасау – жақсы нәтижеге 
кепілі
Әрекетті орындаудағы ойлылық. 
Әрекет орындау кезінде өз іс 
қимылын, ой тұжырымдарын бақылауда ұстау, қателіктерге 
ұрындырмайтын әр қадамды дұрыс бағамдау.
Табандылық.
Жасаған жоспарды жүзеге асыруда қиыншылықтар мен 
кедергілерге қарамастан мақсатқа қалайда жетуге бағытталған еріктік қасиет – 
табандылық қажет. Тек сонда ғана жетістікке жету мүмкін болады. 


78 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет