Белегова әлия ақанбайқызы болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің рефлексивтік мәдениетін



Pdf көрінісі
бет43/85
Дата26.10.2023
өлшемі3,25 Mb.
#188374
түріДиссертация
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   85
Байланысты:
дш


БОЛАШАҚ 
ДЕНЕ 
ШЫНЫҚТЫРУ 
МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ 
РЕФЛЕКСИВТІК МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕСІНЕ 
АРНАЛҒАН ТӘЖІРИБЕЛІК-ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЖҰМЫС
 
 
3.1 
Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің рефлексивтік 
мәдениетінің бастапқы деңгейін анықтау
Бүгінде болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің кәсіби даярлау үдерісі: 
жалпыға міндетті кәсіби білім беру стандартына, оқу бағдарламасының 
мазмұнына, оқыту үдерісін ұйымдастыру деңгейі мен ЖОО оқытушысының 
кәсіби құзыреттілігіне т.б. факторларға тәуелді. 
Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерін дайындауда жоғары оқу 
орындары мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (жоғары 
кәсіптік) негізінде жүзеге асыратыны белгілі. 5В010800 – «Дене шынықтыру 
және спорт» мамандығының қолданыстағы стандартын, типтік оқу 
бағдараламаларын талдайтын болсақ, ондағы берілген кәсіби білім мазмұны 
болашақ денешынықтыру мұғалімдеріне педагогогикалық-психологиялық білім 
беру сұранысына сәйкестігін атапөткеніміз жөн. Атап айтсақ, білім беру 
бағдарламасында «Дене шынықтыру және спорт педагогикасы», «Жалпы және 
жас ерекшелік психологиясы», «Дене шынықтыру және спорт теориясы мен 
әдістемесі», «Жас ерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы», «Дене 
шынықтыру және спорт менеджменті» және жекелеген спорт түрлерінің 
әдістемелеріне арналған пәндердің қарастырылуы студенттердің кәсіби білім 
алуына бағытталғандығын көрсетеді.
Зерттеу жұмысы аясында 5В010800 – «Дене шынықтыру және спорт» 
мамандығына арналған жалпыға міндетті білім беру стандартына талдау 
жасалды.ЖОО-да денешынықтыру оқытушыларын Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 895 қаулысымен бекітілген 
стандартпен кредиттік жүйе бойынша даярланып келді [174]. 
Осы стандарт бойынша бөлінген кредит саны мен пайыздық көрсеткіші 
төмендегідей: 5В010800жалпы білім беру пәндерінің циклының құрамы типтік 
оқу жоспарында 129 кредит, ондағы міндетті пәндер көлемі 21 кредитті 
құрайды. Таңдау бойынша-7 кредит, базалық пәндер көлемі-69, оның ішінде: 
міндетті компонент-20. Таңдау бойынша-49, профильдік-32 оның ішінде: 5 
мідентті компонет, 27-таңдауы бойынша. Қосымша дене шынықтыру және 
спорт-8 кредит. Практика-6 кредит, қорытынды аттестация-6. 5 - тен кем емес. 
Теориялық ББ-129 кредит, ДШжС-8. Қорытынды аттестация-3, практика-6 
кредиттен кем емес. 
ҚР Білім және ғылым министрінің 31.10.2018 №604 бұйрығымен 
-ЖБП циклітізбесінде міндетті компонент пәндерінің көлемін азайтуға жол 
берілмейді, оның мазмұны үлгілік оқу бағдарламаларымен айқындалады. Тек 
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім базасында 
жеделдетілген оқыту мерзімімен қысқартылған білім беру бағдарламалары 
үшін рұқсат беріледі.


79 
Бұл талдаулар 5В010800 және 6В01401 айырмашылық ЖОО 
компонентіндегі сағаттар көлемінде екендігін көрсетеді. 
-ЖК және ТК пәндерінің ЖОО дербес анықтайды және еңбек нарғының 
қажеттілігін, жұмыс берушілердің күтуін және білім алушылардың жеке 
мүделерін ескереді.
-ӘАОО-да жоғары оқу орны компонентін нақты ӘАОО-да қалыптасқан 
ғылыми мектептер, біліктілік сипаттамаларына, біліктілік таоаптарына 
қойылатын ӘАОО талаптарының ерекшелігін ескереді. 
-ЖБП цикілінің көлемі 56 академиялық кредитті құрайды. Олардың 51 
академиялық кредиті міндетті компонент пәнеріне тиеслі. 5 кредит-таңдау 
бойынша. 
6В01401-міндетті пәндер көлемі 56 кредит құрайды. Базалық пәндер 112 
кредит, 47 пайызды құрайды. Профильдік пәндер-60 кредит құрайды, яғни-25 
пайызды құрайды. Қорытынды аттестация-12 кредитті құрайды. Жалпы 
саны:240. 
Бұл талдаулар 5В010800 және 6В01401 айырмашылық ЖОО 
компонентіндегі сағаттар көлемінде екендігін көрсетеді. 
Айта кету керек, бұл құжатта болашақ мамандарға педагогикалық және 
психологиялық кәсіптік білім берудің барлық жағы қамтылғанымен, 
студенттердің рефлексиялық мәдениетін көтеруге бағытталған міндетті не 
таңдау пәндері қарастырылмағандығын көруге болады. Педагогикалық 
үрдістегі рефлексия өз позициясынан шығуды және оны сырттан қарастыруды, 
болған жағдайға да, өткенге де өзіне деген жаңа көзқарас қалыптастыруды 
көздейтін өзіндік ойлау және қызмет әдістеріне бағытталған. 
Дегенмен студенттерге жүргізілетін «Жалпы және жас ерекшелік 
психологиясы», «Дене шынықтыру және спорт психологиясы»атты оқу 
пәндерінде студенттерге адамның ішкі мүмкіндіктері, тұлғаның дамуы, түрлі 
шиеленісті жағдайлардан шығудың өзіндік жолдарын табу олардың 
рефлексивті ойлау іс-әрекеттерін тудыруға ықпал жасайды деп түсінеміз. Бұл 
әрине, сөзсіз біздің жұмысымызды белгілі бір дәрежеде жеңілдетеді.
Рефлексивтік мәдениетінің бастапқы деңгейін анықтауға арналған болашақ 
дене шынықтыру мұғалімдерінің кәсібилігі алғышарттарының бірі ретінде 
В.С.Степиннің пікірінше, күрделі өзін-өзі дамытатын жүйелерді құру және 
қолдану заңдарын зерттеу ретінде ғылыми классикалық емес ғылыми 
рационалдылық түрі қолданылады [175]. 
Экспериментпен ғылыми зерттеулер ғана емес, сонымен қатар кез келген 
адам қызметі де байланысты. Эксперимент – кез келген мақсатты қызметтің 
ажырамас кезеңі.Интернет пен ғылыми әдебиетте эксперименттің анықтамасы 
мен жіктелуін басқарылатын жағдайларда кейбір құбылысты зерттеудің 
ғылыми әдісі ретінде анықтауға болады. Егер басқарылатын эксперименттер 
өте қиын болса немесе мүмкін болмаса, онда зерттеушілер виртуалды 
эксперименттер кеңінен танымал болған квазиэксперименттерге жүгінеді. 
«Эксперимент» ұғымы ғылым мен тәжірибенің базалық ұғымдарының 
қатарына жатады. Эксперимент педагогикалық білім алуда эмпирикалық 


80 
тәсілдің негізі болып табылады, ал белгілі критерийлер К.Поппердің 
пайымдауынша, ғылыми теорияның жалған ғылыми теориядан басты 
айырмашылығы ретінде эксперимент қою мүмкіндігін атап өтеді [176].
Зерттеу жұмысы аясында болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің 
рефлексивтік мәдениетін қалыптастыру мәселесіне арналған тәжірибелік 
эксперименттік жұмыстың кезеңдері белгіленген бағдарламасы жасалды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет