Белегова әлия ақанбайқызы болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің рефлексивтік мәдениетін


Білімдік үрдісте оқу диалогын ұйымдастыру



Pdf көрінісі
бет41/85
Дата26.10.2023
өлшемі3,25 Mb.
#188374
түріДиссертация
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   85
Байланысты:
дш

2.Білімдік үрдісте оқу диалогын ұйымдастыру. 
Бұл шарт ең алдымен 
оқытушының
диалогты ұйымдастыруын; студенттердің өз бетінше оқу 
диалогын ұйымдастыруы сияқты бөліктерден тұрады. Шартты негіздеуді 
«диалог», «оқу диалогы» ұғымдарының мәнін ашудан бастағанды жөн көрдік.
 
М.С. Каганның пайымдауынша, диалог - бұл объективті және субъективті 
сипаттағы білімнің өсуіне және сыни алмасуына, сондай-ақ интроспекцияға 
және субъектілердің жеке мағыналарын дамытуға негізделген әлеуметтік-
коммуникативтік 
тәжірибені 
кеңейтуге 
бағытталған, 
пәнаралық 
интеллектуалдық коммуникацияға негізделген жүйелі бірлескен іс-әрекет тәсілі 
[168]. 
Білімді ізгілендіру қағидасы оқыту үрдісін диалогтық негізде 
ұйымдастыруды өзекті етеді. Себебі диалог білім мазмұнын білім алушының 
тұлғасына жақындатып, оның қолжетімді болуын, субъект үшін мәнінің 
артуына ықпал етеді. Диалогтың танымдық әрекетті белсендіру әдісі ретіндегі 
маңызы өте зор. Оны қолдану нәтижесінде студенттердің бойында еркіндік, 
ашықтық, араласушылық, ойды, пікірді білдіру сияқты қасиеттер қалыптасады. 
Дәл осы қасиеттер рефлексиялық мәдениеттің құраушылары болып табылады 
Белова С.В. оқу диалогын -білім беру жағдайының барлық деңгейлерін 
қамтитын жеке тұлғаға бағытталған оқытудың жүйе құраушы элементі: 
мазмұнын, мақсаттарын, міндеттерін, пәнін, жұмыс формалары мен әдістерін 
қалыптастыру, мониторинг және бағалау жүйесі, оқытылатын мәселелерді 


74 
шешуге бағытталған оқу субъектілерінің өздерінің қызметі, болашақ 
мұғалімдердің жеке мағынасын іздеуі деп тұжырымдайды [169]. 
Диалогтік оқытудың Н. Mercer, негіздемесі бойынша үш түрі бар: әңгіме-
дебат, кумулятивті, зерттеушілік. Ол еңбекте диалог сабақта білім 
алушылардың қызығушылығын арттырумен қатар олардың білім деңгейінің 
өсуіне үлес қосатынын, әңгімелесу яғни, адами когнитивті және әлеуметтік 
даму негізінде оқушылардың қызығушылығын диалогтық стратегияларды 
қолдану арқылы жүзеге асырады десе [170], ал Perry, N. E., VandeKamp ұсынған 
зерттеулерінде студенттердің жауаптары мен түсініктемелеріне қарай әрекет 
етуінің түрлерін тиімді қолдануды ұсынады [171].
Бұл сілтемелерден оқу диалогы-педагогикалық шындықтың күрделі көп 
өлшемді құбылыстарының бірі және кәсіби-білім беру ортасын қалыптастыру 
тәсілі ретінде әрекет етеді, оның жағдайында педагогикалық пәндерді оқу 
үрдісінде болашақ мұғалімдер арасында құнды пікір алмасуды қамтамасыз 
етеді деген қорытынды жасалады. Оқу диалогы оқушылардың теориялық 
ойлауын, ойлау әрекетін, ойлау коммуникациясын, рефлексияны дамытуға 
бағытталған үрдіс.Өйткені теориялық білімді игеру әрқашан пікірталастар 
арқылы іске асады. Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау үрдісіндегі оқу 
диалогы студенттерді жаңа материалды игеруге психологиялық тұрғыдан 
бейімдейді, танымдық күштер мен қабілеттердің дамуына ықпал етеді
тәуелсіздікті белсендіреді, олардың шығармашылығы мен өзін-өзі дамытуының
тетігі болып табылады.
Оқу диалогын дұрыс ұйымдастыру арқылы білім алушыларға дәріс, 
практикалық сабақтар барысында жайлы, тиімді психологиялық ахуал туғызу. 
«Жайлылық» - адамға жағымды әсер ететін, жақсы сезім береді Ыңғайлы 
жағдай сыртқы әрекетсіздік немесе толық релаксация емес, керісінше, адамның 
жүйке және психикалық функцияларын белгілі бір жұмылдырумен болатын 
белсенді жағдай. Бұл ахуал оқу үрдісі субъектілерінде осы жағдайдың ұзақ 
уақыт сақталуы мен дамуына ықпал етеді.
А.С. Ахиезер «жайлы-ыңғайсыз әлем» жайлылық мәселелерін зерттей 
келе, жайлы әлемнің ерекшелігі-ол жағымды құндылықтардың көрінісі 
екендігіне тоқталады. Әлемнің жайлылығы, оған деген үміт адамдарды өмірге 
құлшындырырады, оларды эмоционалды түрде қанықтырады. Қолайсыз әлем-
бұл қауіпті әлем, қалыптасқан ырғақтарды бұзады, қолайлы деңгейден асып 
кетеді, сондықтан да ол жағымсыздық тудырады деген пікір білдіреді [172].
О. А. Воробьева психологиялық-педагогикалық жайлылық зерттеулерінде 
оны оқу процесінің барлық субъектілері үйлесімді дамуды және 
қызығушылықтары мен қажеттіліктерін қанағаттандыруды табатын оқу орны 
ұжымының моральдық-эмоционалды жағдайы ретінде ұсынады. Мұның бәрін 
оқу процесінде қолайлы жағдай жасау қажеттілігімен байланыстыруға болады 
[173].
Қазіргі уақытта психологиялық тұрғыдан ыңғайлы оқу ахуал орнату 
студенттерді оқытудың жетістігінің маңызды факторы ғана емес, сонымен бірге 
олардың психикалық денсаулығын сақтаудың негізгі шарты болып 


75 
табылатындығына ешкім күмән келтірмейді. Бұл мәселе дұрыс шешімін табу 
мектеп мұғалімі немесе жоғары оқу орыныоқытушысы үшін күрделі жұмыстың 
бірі болып табылады. Оқытушы дәріс не практикалық сабақ барысында білім 
алушыға психологиялық тиімді жағдай туғызу алдымен оқушылардың 
қызығушылықтарын туғызу арқылы қабілеттерін аша білу, осы арқылы 
ұстазбен өзара тиімді байланыс орнату сияқты белгілі әрекеттер арқылы жүзеге 
асады. Бұлай болмаған жағдайда білім алушының сабақ барысында өзін тұйық, 
ынтасыз сезініп, шеттеліп қалуы әбден мүмкін. 
 
Психологиялық жайлылық адамдар арасындағы байланыстың сапалық 
көрсеткіші болып табылады. Ортадағы жақсы психологиялық жайлылық
нәтижесінде адамдардың өзара сыйласымдылық танытуы, өздерін еркін ұстауы 
орын алып, әр адамның мүмкіндігінің толық ашылуының көрінісі болып 
табылады. Керісінше болғанда өзара атқаратын жұмыстың сапасыз болуына, 
білім алушының жан-жақты өсуіне кедергісін келтіреді. Жақсы психологиялық 
ахуалдың болмауы адамның жеке басының дамуына кедергі келтіріп, оның 
үрей, қобалжу, өзін қорғансыз сезіну жағдайына әкеледі. 
Осыдан келіп қалыптасатын болашақ мұғалімнің рефлексиялық мәдениеті
- оның интегративті сипатын, теориялық және әдіснамалық білімдерін, 
құндылық бағдарларын бейнелейді және педагогикалық іс-әрекеттің 
рефлексивті-жеке тәсілін анықтайды.
3. Келесі сипатталатын шарт-«оқытушы», «білім алушы» позицияларында 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет