Белегова әлия ақанбайқызы болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің рефлексивтік мәдениетін


  Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің рефлексивтік



Pdf көрінісі
бет39/85
Дата26.10.2023
өлшемі3,25 Mb.
#188374
түріДиссертация
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   85
Байланысты:
дш

2.2 
Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің рефлексивтік 
мәдениетін қалыптастырудың психологиялық – педагогикалық шарттары 
Еліміздің 
«Білім 
туралы» 
Заңына, 
білім 
беруді 
дамытудың
бағдарламасына сәйкес қазіргі білім берудің мақсаты өзін-өзі анықтауға, өзін-
өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі дамытуға қабілетті тұлғаны тәрбиелеу болып 
табылады. Ал білім берудің мемлекеттік стандарттары мен оқу 
бағдарламаларының мазмұны өзін-өзі жетілдіруге жағдай жасауға, жеке 
тұлғаның өзін-өзі тануына, өзін-өзі танытуына бағытталуы көзделген. Осыған 
сәйкес оқушы, студент оқу үрдісінің субъектісі ретінде танылады. Бұл болашақ 
маманды даярлау мәселесінде оқытудың прагматикалық мақсатына, кәсіби 
және педагогикалық мәдениеттің жоғары деңгейіне ие тұлғаны қалыптастыру 
мақсатына басымдық беруді талап етеді. 
Жоғары мәдениеті бар адамның ерекше сипаттамаларына оның -үздіксіз 
өзін-өзі білімдендіру, өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі дамыту қабілеттері жатады. 
Мәдениеттің белгілі бір деңгейіне жеткенде, адам «өзін-өзі» іске қосады, 
нәтижесінде ол белсенділігін танытып, ең бастысы өзін-өзі тану әрекеті тиімді 
жұмыс істей бастайды. Бұл оның өзін-өзі анықтауына, үздіксіз өзін-өзі 
дамытуға бағытталған тиімді өзін-өзі басқаруға, шығармашылық өзін-өзі жүзеге 
асыруын нәтижелі етеді. 
Педагогикалық мамандар даярлайтын жоғары оқу орындары түлектері 
заманауи білім беру-тәрбиелеу жүйелерінің шығармашылық өзін-өзі 
дамытуына жаңа серпін бере алатын бастапқы педагогикалық капитал болуға 
тиіс. 
Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің рефлексивті мәдениетін 
қалыптастыру-бұл дербестендірілген үрдіс және ол жоғары мектепте оқудың 
алғашқы күндерінен басталады. Бұл, ең алдымен, теориялық білімнің 
тереңдеуімен және кеңеюімен, рефлексивті идеялар үшін философиядағы, 


70 
психологиядағы, әлеуметтанудағы ұстанымдарды іздеумен, қазіргі заман 
талаптарына сай шығармашылықпен қолданумен байланысты. 
Болашақ мұғалімдер педагогикалық іс-әрекетке кәсіби даярлау барысында 
болжамдар ұсыну, әртүрлі жағдаяттарды модельдеу, шығармашылық 
мәселелерді шешу жолының дұрыстығын әрқашан талдауда рефлексия жасауға 
жұмылдырылады. Бұл ретте кәсіби педагогикалық дайындау үрдісінде бұл 
психологиялық тетіктің рөлі маңызды екендігін айтқан жөн.Себебі рефлексия 
қиындықтан шығу жолын табуға көмектеседі, ал бұл өз кезегінде болашақ 
маман тұлғасының кәсібилігігінің көрінісі болып табылады. 
Аталмыш психологиялық тетік оқу-танымдық іс-әрекетте өзін басқаруды 
үздіксіздігін және іс-әрекет үрдісін басқаруды қамтамасыз етеді, сонымен қатар 
байланыстыру мүмкіндіктерін, педагогикалық міндеттерді табысты шешуге де 
бағдарлауға ықпал етеді. Негізінен іс-әрекетті талдау адамды мақсатқа жетуге 
жетелейді. Сонымен, рефлексиялық тетік кез-келген іс-әрекеттің, оның ішінде 
оқу-кәсіби іс-әрекеттің мазмұнын өзгертуге қабілетті деп айтуға болады. 
Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің рефлексиялық мәдениетін жүйе 
ретінде қалыптастыру: білім беру мазмұнын тереңдету, кеңейту және жаңарту; 
рефлексивті іс-әрекетті қалыптастыру әдістемесін игеру, қабілеттерді, 
мотивтерді, көзқарастарды, қатынастарды, өзіне, білімге, танымдық іс-
әрекеттің тәсілдеріне, шындыққа қатысты ұстанымды дамытуды қамтиды. 
Рефлексивті мәдениеттің қалыптасуы: 
пропедевтикалық, негізгі, бекіту
сияқты 
бірнеше деңгейде жұмыс істейтін жүйе. 
Мұндағы
пропедевтикалық 
деңгей 
дайындық 
яғни осы зерттеліп отырған 
сапаның қалыптасуына жүйелі түрде қарапайым жаттығулар арқылы кірісуді 
білдірсе, 
негізгі
деңгей ол оқытылатын пәндер аясында тұрақты рефлексиялық 
жаттығуларды қолдану және 
бекіту
деңгейінде студенттер өз әрекеттерін 
өздері талдап қорытындылауды автоматты деңгейде қолдана алуларын 
көрсетеді. 
Рефлексивті мәдениетті қалыптастыру мақсатты жүргізіліп, бұл бағыттағы 
педагогикалық мәселелерді шешуге нақты назар аударғанда нәтиже береді. Бұл 
ретте аталмыш үрдіс рефлексивті білім мен дағдыларды сұранысқа ие және 
тиімді етеді. Рефлексивті мәдениеттің қалыптасуы үздіксіз болғаны жөн. 
Үздіксіздіктің өзі педагогикалық үрдістің кезеңдік сипатына негізделген 
білімнің жаңаруынан, студенттердің дамуынан, қиындықтардан және 
міндеттердің өзгеруінен туындайды.
Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің рефлексивтік мәдениеті 
айқындалған сыртқы және ішкі шарттардың ықпалы жағдайында қалыптасуы 
мүмкін. Осы ретте біз қарастырып отырған сапаның қалыптасуын нәтижелі 
ететін шарттарды сипаттауға көшеміз. 
Философиялық тұрғыдан заттың қоршаған құбылыстарға қатынасы, 
тәуелделігі, онсыз ол бола алмайды, «объектілердің (заттардың, олардың қалпы, 
өзара әрекеттестігі) кешенінің мәнді компоненті» деп сипатталады [162]. Яғни, 
сол құбылыстың нақты шарттарының жиынтығы, оның пайда болуына, әрекет 
етуіне және дамуына жағдай жасайды.


71 
Психологияда психикалық даму контекстінде ұсынылады және 
психологиялық дамуды анықтайтын, оны жеделдетіп, не шегендіретін, даму 
үрдісіне, динамикасына, және нәтижесіне ықпал ететін ішкі және сыртқы 
себептердің жиынтығы арқылы ашылады [163].
Педагогикада «шарт» ұғымы нысанның оны қоршаған ортадағы 
құбылыстарына деген қатынасын білдіретін категория ретінде қарастырылады. 
Байқап 
отырғанымыздай 
педагогикалық 
танымдағы 
«шарт» 
ұғымы 
психологиядан бірқатар айырмашылықтармен сипатталады. Себебі, қазіргі 
дидактика бойынша «шарт» оқу ісіндегі жетістікті қамтамасыз ететін оқу 
үрдісінің 
факторлары 
мен 
компоненттерінің 
жиынтығы 
ретінде 
тұжырымдалады. Тәрбиелеу теориясында шартты әртүрлі педагогикалық 
үрдістер тоғысатын орта деп қарастырады. 
Акмеологияда шарт мәнді, маңызды жағдай деп танылады және 
кемелденген тұлғаның жоғары дәрежелі прогрессивті даму жетістіктеріне 
жетуі, ең алдымен тұлғаның кәсібилік деңгейіне жету және оның қызметін 
атқара білу тікелей шартқа байланысты болады.
Біз «шарт» ұғымының негізгі ерекшеліктері мен белгілері әртүрлі 
аспектіде қарастырып, талдаймыз. Сөздіктерде «шарт» бір құбылыстың 
жағдайға тәуелділігі; іс-әркет, өмірдің бір саласында бекіген ережелер деп 
түсіндіріледі [164]. 
Педагогикалық шарттар – мақсатты құрылған жағдай, онда педагогқа оқу-
тәрбие жұмысын тиімді іске асыруға көмектесетін психологиялық-
педагогикалық факторлардың (қарым-қатынас, құралдар, т.б.) жиынтығы тығыз 
байланыста болады [165
]. 
Кешенді талдау көрсеткендей, «шарт» жалпығылыми 
ұғым, оның мәні педагогикалық тұрғыда бірнеше сипатталуы мүмкін: 

шарт – себептердің, жағдайлардың, объектілердің және т.б. жиынтығы; 

аталған жиынтық оқыту, тәрбиелеу, дамытуға ықпал етеді; 

шартардың ықпалы дамыту, тәрбиелеу және оқыту үрдістерін 
жеделдетеді, немесе шегіндіреді, сонымен қатар оның динамикасы мен 
нәтижелерге ықпал етеді. 
Осыларды айта келе, біз болашақ дене шынықтыру мұғалімінің 
рефлексивті мәдениетін қалыптастыруды тиімді ететін келесі педагогикалық –
психологиялық шарттарды ұсынамыз:
студенттердің кәсібі білім алу 
әрекеттерінде рефлексивтік үдерістерді жүйеқұраушы фактор ретінде 
белсендіру;оқу диалогын ұйымдастыру
;
оқу үрдісінде студенттің кәсіби 
және тұлғалық рефлексия жасау тәжірибесін меңгеруі;
Енді осы шарттарды ғылыми тұрғыда негіздеуге көшеміз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет