Белегова әлия ақанбайқызы болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің рефлексивтік мәдениетін



Pdf көрінісі
бет38/85
Дата26.10.2023
өлшемі3,25 Mb.
#188374
түріДиссертация
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   85
Байланысты:
дш

«рефлексия», «рефлексивтік 
мәдениет» 
ұғымдарына қатысты қатысты теориялық білімдердің болуы
эмпатияны дамытуға қабілеттілік 
негізінде жүзеге асады.
Оқытушының әрекеті студенттердің ішкі әлеміне әсер ететін, оның өз 
әрекетін бағалауға деген белсенділігін тудыратын, әдіс құралдар арқылы 
рефлекистік орта жасаудан тұрады. Оларды сипаттай кетсек, оқытушы: 
студенттердің белсенді танымдық әрекетін ұйымдастырады, басқарады, 
рефлексиялық жұмыстарына қызығушылығын белсендіреді, кәсіби сапалы 
білім алуына, білім алушылардың өзіне сенімділігін, бағдарланушылығын 
дамытуға ықпал етеді,бақылау жасау, әрекетқорытындысын болжай алу 
дағдыларын жетілдіреді. 
Студент: білім алу үрдісіндегі өз әрекетін жобалау, жоспарлау, 
ұйымдастыру, нәтижесін қорытындылау сияқты компоненттерді меңгереді, 
өзіндік бағалау әрекетін басқарады, әрекетті рефлексиялау жұмыстарының 
мақсатын ұғынады, әдіс -тәсілдерін меңгереді, оқу үрдісінде кездесетін 
қиыншылықты жеңуге еріктік аймақтарын бағыттайды, өзіндік басқару және өз 
іс - әрекеттеріне баға беруге машықтанады. 
Бағалаушылық- нәтижелік компонент. 
Адамға сыртқы дүние оның ақыл - 
ойы, сезімі, көңіл -күйі, тәжірибесі арқылы әсер ететіні заңды нәрсе. Дегенмен 
жоғары оқу орындарындағы білім берудің дәстүрлі теориясы мен қазіргі 
тәжірибесі елімізді дамытудың мемлекеттік талабына сәйкес келмей, білім 
алушылардың өзін - өзі жүзеге асыру, өзін - өзі дамыту, өзіндік рефлексия 
жасау, кәсіби карьерасын жоспарлау сияқты қажеттіліктерімен қарама-
қайшылыққа келіп жататындығы белгілі. Белгілі психолог С.Л.Рубинштейн 
атап көрсеткендей, өмірдің кез - келген сәтіне әсер ететін жағдайлар – осыған 
дейін басымыздан кешкен ой елегінен өткізген және іштей тындырған 
жұмысымыздың нәтижесі [161].
Бағалаушылық- нәтижелік компонент 
модельдің кері байланысты және 
болашақ 
дене 
шынықтыру 
мұғалімдерінің 
рефлексивті 
мәдениетін 
қалыптастыру үрдісінің басқарушылығын қамтамасыз етеді. Аталғанкомпонент 
болашақ 
мамандардың 
рефлексивті 
мәдениетін 
қалыптастыруды 
диагностикалық - сараптамалық әрекеттер мен соңынан түзетуарқылы 
бағалауды көрсетеді. Диагностикалық-сараптамалық әрекет педагогикалық 
мониторингтің кезеңдерін анықтау мен жүзеге асыруға тікелей көмегін тигізе 
алады.


68 
Бағалаушылық-нәтижелік компонент модельдің қалған компоненттерімен 
тығыз байланысын қамтамасыз етеді, тәжірибелік жұмыстар мен рефлексивті-
түзету әрекеттерінің түрлі кезеңдеріндегі болашақ дене шынықтыру 
мұғалімдерінің рефлексивті мәдениетін қалыптастырудың деңгейін бағалауды 
жүзеге асыруға септігін тигізеді, аталмыш сапаны қалыптастыру үрдісінің 
барлық уақытында қателіктердің алдын-алуға мүмкіндік туғызады.
Рефлексивті мәдениет кез келген маманның жоғары білікті, кәсіби 
еңбегінің базалық компоненті болып саналады. Рефлексивті мәдениеттің даму 
деңгейі кәсібиліктің деңгейін тікелей сипаттайды, сондықтан олардың арасында 
тығыз функционалды байланыстар болады және бұл сапаны дамыту келесі 
нәтижелерге әкеледі:

дамушы тұлғаның бағалаушылық-инновациялық әлеуетін белсендіру;

тұлғаның кәсіби тәжірибесін өзінің қайта мағыналауы;

кәсіби шығармашылыққа даярлықты қалыптастыруы;

кәсіби іс-әрекеттегі рефлексияның өзекті және әлеуетті өрістерін 
кеңейту.
Біздің пікірімізше, ұсынылып отырған модель болашақ дене шынықтыру 
пәні оқытушысының рефлексивті мәдениетінің қалыптасуы мен деңгейін 
арттырудың мүмкіндіктерін ашуды тиімді етеді. Мұның бәрі болашақ маман 
тұлғасының бойында ізделініп отырған сапаны қалыптастырудың әдіс, тәсілдер 
және технологияларды дұрыс таңдауды өзекті етеді. Бұл ретте құралдары етіп 
әртүрлі рефлексиялық міндеттерді шешу; формалары: 
рефлепрактикумдар, 
интербелсенді семинарлар; әдістері: кейс стади, рефлексиялық полилог, 
рефлексиялық тренинг, рефлексиялық портфолио
әдістері алынды. Бұл әдістер 
жұмысымыздың эксперименттік бөлімінде кеңінен тарқатылатын болады. 
Ұсынылып отырған модельде анықталған көрсеткіштер негізінде болашақ 
дене шынықтыру мұғалімдерінің рефлексивті мәдениетінің қалыптасу 
деңгейлерінің сипаттамасы жасалды.
Жоғары деңгей
– болашақ дене шынықтыру мұғалімдерініңрефлексивті 
мәдениетіндамытуға деген ынтасын тұрақты, оны өзінің кәсіби іс-әрекетінің 
басты бағыты деп есептейді. «Рефлексия», «рефлексивтік мәдениет» жайында 
теориялық білімі жеткілікті, осы бағыттағы білік пен дағдыларды игеруге 
қызығушылықтары жоғары. Рефлексивтік мәдениетті өзінің кәсіби тұрғыда 
дамуының негізі, сапалы білімнің кепілі деп түсінеді. 
Орташа деңгей 
– болашақ дене шынықтыру мұғалімдері өздерінің 
рефлексивті мәдениетіндамытуға жағымды көзқараста, оның кәсіби әрекеттегі 
орнын түсінеді. Рефлексия жайында теориялардан хабардар, кәсіби білім алу 
барысында осы бағыттағы білік пен дағдыларды игеруге қабілетті. Дегенмен 
бұл әрекетпен тұрақты айналысуға дағдыланбаған.
Төменгі деңгей – 
болашақ дене шынықтыру мұғалімдері өздерінің 
рефлексивті мәдениетіндамытудың қажеттілігін сезінеді, рефлексия жайындағы 
білімдері жеткіліксіз, осы бағыттағы білік пен дағдыларының қалыптасу 
деңгейі төмен. Рефлексиялық әрекетті іс жүзінде қолдану дағдысы 
қалыптаспаған.


69 
Cонымен, болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің рефлексивтік 
мәдениетін қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі кәсіби білім алу 
барысында аталмыш сапаны қалыптастырудың жалпы теориялық, әрекеттік 
және тәжірибелік тетіктерін белгілейді. Модель зерттеу мәселесі бойынша 
жасалған ғылыми ізденістің ақырғы нәтижеге жетуінің теориялық - 
әдіснамалық негіздері; рефлексивтік мәдениетті қалыптастыру үдерісінің 
компоненттері мен көрсеткіштері айқындалған, мамандар даярлауда 
қолданылатын мазмұн мен зерттеу мәселесін тиімді шешуге бағытталған
әдістерін, құралдарын сипаттайтын, ізделініп отырған сапаның қалыптасу 
деңгейлері айқындалған құрылым болып табылады. 
Зерттеу жұмысы барысында жасалған осы модельдің бірегейлігін атап өте 
отырып, оның құндылығы – болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің кәсіби
даярлау үрдісінде, жоғары педагогикалық оқу орындарының теориялық және 
практикалық міндеттерді шешудегі әрекеттерін жаңартуда оқу орындары мен 
мектеп тәжірибесінде басшылыққа алуға болатындығында - деп санаймыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет