118
Сабақ соңындағы қорытынды жұмыстарда, білім алушылар жазған эсседе
студенттер рефлексияның педагог қызметіндегі алатын орын мен роліне
байланысты түсінік қалыптасқандығын көрсетті. Ал
«Зарядка»
деп аталатын
кері байланыс жаттығуы арқылы дәріс сабаққа шынайы баға берілді деп
санаймыз. Бұл техника сонымен қатар студенттердің сабақ соңындағы көңіл -
күйлерін көтеруге, келесі сабаққа деген ынталарын арттыруға ықпал еткенін
байқалтты.
Элективті пәннің басқа тақырыптары да осы тәртіппен өткізілді. Олардың
үлгі жоспарлары тәжірибелік жұмыс барысында даярланған әдістемелік
құралда келтіріледі.
Академиялық кезеңнің соңғы аптасында «Болашақ дене шынықтыру
оқытушысының рефлексивті мәдениетін қалыптастыру»элективті курсының
ғылымилығы мен пәнді оқытудағы қолданылған жаңа әдістердің тиімділігі
білім алушылармен кері байланыс орнатылып төмендегі сауалдар арқылы
анықталды:
1.
Пән сіздер үшін қаншалықты қызықты болды?
2.
Пәннің өзектілігі мен ғылымилығы қаншалықты көрінді?
3.
Пәнді оқытудағы әдіс-тәсілдер көңілдеріңізден шықты ма?
4.
Пән аясында білген-түйгендеріңіз болашақта қажет деп санайсыз ба?
5.
Пән Сіздердің кәсіби, тұлғалық, интеллектуалдық, коммуникациялық
рефлексиялық мәдениеттеріңіздің қалыптасуына әсер етті ме?
6.
Пән барысында игерген білім деңгейіңізге қанағаттанасыз ба?
Бірінші сауал бойынша білім алушылардың басым көпшілігі курстың
өздері үшін жаңа тақырып болғанын, сондықтан пән өте қызықты және білім
алушыларды ізденушілікке жеткізгендігін атап өтті. Екінші сауалға оқу тобы
студенттерінің барлығы пәннің әрбір сабағы ғылыми негізде құрылғанын атап
өткен. Үшінші сауал бойынша студенттер сабақ барысында қолданған
интербелсенді әдістердің барлығы өте қызықты және тақырыпты игеру мен
мәліметті есте сақтауда ерекше рөл атқарғанын жазса, төртінші сауалға
рефлексия жайлы толыққанды білу болашақ дене шынықтыру пәні
оқытушыларына аса қажет деген. Бесінші сауал бойынша білім алушылардың
басым көпшілігі рефлексияның барлық түрлерін меңгере алғандарын жазған.
Сонғы сауал бойынша 78 % білім алушылар толығымен қанағаттанамын десе,
22 % білім алушы пән аясында игерген білімін әрі қарай жетілдіріп, ізденетінін
жеткізген.
Білім алушылармен жүргізілген қорытынды рефлексия осылайша жақсы
нәтиже көрсетті. Пән бойынша жүргізілген осы қорытынды сауалнамаға
берілген жауаптарды моделіміздегі
Достарыңызбен бөлісу: