Белегова әлия ақанбайқызы болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің рефлексивтік мәдениетін



Pdf көрінісі
бет72/85
Дата26.10.2023
өлшемі3,25 Mb.
#188374
түріДиссертация
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   85
Байланысты:
дш

мазмұндық компоненттің 
көрсеткішінің 
нәтижесі деп қабылдадық. 
Зерттеу 
жұмысымыздың 
эксперименттік 
бөлігінде 
рефлексиялық 
практикум, рефлексиялық инверсия, рефлексиялық полилог сияқты әдістер 
қолдандық. Ол жайында диссертацияның 3.2 параграфында сипаттамалар 
келтірілген болатын. Енді сол жұмыс түрлерінің жүзеге асуынан мысалдар 
келтірілетін болады.


119 
Бұдан әрі қарай біз студенттермен жүргізілген рефлексиялық тренинтің 
бірін сипттауды жөн деп санадық. 
«Мен спорт педагогымын»
рефлексивті тренингі. 
Тренингтің мақсаты: Басқаларға өзін және өзінің жеке ерекшеліктерін 
таныстыру; 
-
жеке мүдделер мен құндылықтарды түсіну; 
-студенттермен жұмыста олардың қызығушылықтары мен құндылықтарын 
жүзеге асыру жолдарын іздеу. 
Тренинг 15 - 20 адамнан тұратын топтың жұмысына арналған (болашақ 
дене шынықтыру оқытушылары эксперименттік тобы). 
Пайдаланылатын материалдар: 
Жасыл, көк және сары түстердің стикерлері;
жасыл - «басқалар сияқты», көк - «басқалар сияқты», сары - «ешкім 
сияқты» деген жазулар; қызыл, сары, жасыл жапсырмалар; чемодан, себет, ет 
тартқыштың суреттері; магниттік тақта; ағаш. 
Бірінші кезең - 
«ҚАБЫЛДАУ» 
Грек жаңғағы жаттығуы. 
Бұл жаттығу үшін қатысушылардың санына сәйкес ыдысқа салынған
жаңғақ керек. Жаңғақтарды шеңбердің ортасына қойып, бәрінен біреуін алу 
сұралады. Қатысушылар біраз уақыт бойы жаңғақтарды мұқият зерттеп, 
құрылымын, сыртқы ерекшеліктерін зерттеп, оны есте сақтауға тырысады. 
Содан кейін жаңғақтар қайтадан ыдысқа салынып, араластырылып, қайтадан 
шеңбердің ортасына шашылады. Әр қатысушы олардың арасынан өз жаңғағын 
табуға міндетті. 
Барлық жаңғақтар өз иелерін тапқаннан кейін, талқылау басталады. Онда 
әр қатысушы өз жаңғағын қалай есінде сақтағанын, қандай белгілерін жадында 
ұстағанын айтып береді. Бір қарағанда, барлық жаңғақтар өте ұқсас болып 
көрінеді, бірақ егер мұқият қарап шығуға уақыт бөлетін болсаңыз, олар өте 
өзгеше екенін байқайсыз және жаңғақтарды басқалармен шатастыру мүмкін 
емес болады. Адамдар да солай: бәрі әр түрлі, дегенмен әрқайсысының есте 
қаларлық, өзіндік ерекшеліктері, өзіндік сұлулығы мен тартымдылығы бар. Тек 
оны сезіну және түсіну керек. 
Жаттығу соңында жаңғақтар қатысушыларға сыйлық ретінде ұсынылады. 
Жұмыстың осы кезеңінің міндеті - қатысушыларды жаттығудың нақтылығына 
сәйкестендіру, осы тақырыпқа құндылыққа байланысты атмосфера құру және 
әр қатысушының жеке басы мен даралығын ашу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет