«Бұл ойдың астары неде?» деп аталады
Ол үшін мына даналық сөздер ұсынылады.
Екі қолға бір күрек.
Ұшар қанатқа дүние кең.
Жүрген аяққа жүрегем ілінеді.
Кім барлық жерде жүрсе ол еш жерде жоқ.
Жастың күші иықта, кәрінің - басында.
Студенттер осы сөздерді оқытушыға өз сөзімен түсіндіруі керек. Не үшін
десек? Денешынықтыру мұғалімінің балалармен қарым-қатынасында пайда
болатын кез-келген жағдай маңызды. Ұстаз бен оқушы, оқушы мен оқушы
арасында түсінушілік те, қолдаушылық та, қақтығыс жағдайлар да орын алуы
мүмкін. Әсіресе, спортпен айналысатын оқушыларда өзіне сенімділік, басқаны
мойындай қоймау, эмоционалдық тұрақсыздық сияқты жайттар жиі кездеседі.
Оларды шешетін әрине, оқытушы. Осы тұрғыда спорт педагогы болған оқиғаны
тез саралай, өз ой елегінен өткізіп, оқиғаға оң баға бере білуі қажет. Мұғалімнің
оқушылардың деңгейіне түсе алуы, құндылықтар туралы әңгіме жүргізе білуі,
орын алған жағдайды талдай алуы, өз сөзімен шебер ұғындыра алуы аса
маңызды. Мұның барлығы рефлексивті мәдениет құрылымындағы элементтер
деп санаймыз. Сондықтан тренингтің келесі жаттығулары дене шынықтыру
мұғалімінің айтылған сапаларын жетілдіруге арналады.
Төртінші кезең -
«Менің қалауым спорт педагогы» жаттығуы.
Кіріспе сөзде төмендегілер айтылады. Біздің жеке басымыздың қасиеттері
белсенділікте айқын көрінеді. Егер ойластырылған іс біз үшін маңызды
құндылықтармен және мағыналармен қаныққан болса, онда біз өз
табиғатымыздың ең күшті және сүйікті жақтарын түсіне алсақ, онда біз кәсіп
пен жеке басымызды біріктіре алдық. Сонда кәсіби жұмыста тұлғалығымыз
ерекше көрінеді.
Содан кейін мұғалім қатысушыларға осы тренинг барысында алған жаңа
білім мен жаңа тәжірибені қорытындылауды ұсынады.
Қорытынды рефлексия Оқытушының сөзі.
Құрметті студенттер, бүгін біздің тренингімізде сіздер түрлі ақпарат
алдыңыздар. Сіз үшін ол қаншалықты маңызды болғанын қазір тексереміз.
122
Сіздерге түрлі-түсті стикерлер ұсынылады. Сізге кез-келген түсті 3
жапсырманы таңдап, оларды ұсынылған суреттерге қою керек боласыздар.