Белегова әлия ақанбайқызы болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің рефлексивтік мәдениетін


Чемодан –суреті - бұл біздің шеберханадан алған пайдалы білімді  білдіреді. Ет тартқыш



Pdf көрінісі
бет76/85
Дата26.10.2023
өлшемі3,25 Mb.
#188374
түріДиссертация
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   85
Байланысты:
дш

Чемодан
–суреті - бұл біздің шеберханадан алған пайдалы білімді 
білдіреді.
Ет тартқыш
- суреті - бұл тексерілуі, талдауы, яғни «қорытылуы» керек 
ақпарат.
Себеттің 
- сурет - бұл сізге бүгін қажет емес деп санайтын білім және 
оны оңай тастай аласыз. 
Осы тапсырманы орындау арқылы тренинг барысында алынған білім мен 
тәжірибенің студенттердің қаншалықты адами, тұлғалық қажеттіліктерін 
өтегенін бағамдауға болады. Біздің жағдайымызда чемонданның суретін 
алғандар қатысушылардың басым көпшілігі 
(90%)
болды. 
Болашақ дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің рефлексиялық мәденииетін 
қалыптастыру мақсатында қолданылған келесі әдіс 
рефлексиялық инверсия
деп аталады. Инверсия (латынның inversio сөзінен «инверсия; қайта құру»): 
Математикада: инверсия (логика), терістеу - мағынаны өзгерту, «ақты» «қара» 
орнына ауыстыру.
Ұсынылған техниканың мәні келесідей. Біріншіден, зерттелетін істің 
объективті мазмұны енгізіледі. Содан кейін студенттер бұл істі өз бетінше 
талдауға жұмылдырылады. Істің талдауы мақсаттың ғылыми және 
тәжірибелікміндеттеріннақты анықтаудан тұрады.Оның негізінде маңызды 
және маңызды емес элементтер бөлінетін теориялық контекст орнатылады. 
Талдау жинақтаумен аяқталады - істің ғылыми көрінісін құру, ол одан әрі 
динамиканы болжауға және оған қажетті бағытта әрекет етуге мүмкіндік 
беріледі. 
Біз өз пәнімізде рефлексивтік инверсияны қолдана отырып, қарастырылып 
отырған мәселенің күнделікті өмірдегі орны мен қолданылуының нақты 
фактісін түсінуге бағытталған бірқатар сұрақтар қойдық. Мысалы:
1.Сіз күнделікті өз әрекетіңізді рефлексиялайсыз ба? 
2.Рефлексия жасамай өмір сүруге бола ма? 
3.Осы пәнді оқу барысында сіздің барлық әрекетті рефлексиялауға 
қатысты көзқарасыңыз өзгерді ме?
4.Оны қалай дәлелдер едіңіз?
Мұндай инверсиялық сұрақтар студенттердің біз зерттеп отырған 
сапасына деген ғылымнан бөлек тұрмыстық маңыздылығын айшықтап, оны 
жетілдіруге деген қажеттіліктерін арттырады. Сұрақтарға жауап барысында 
оқытушы студенттердің өз түсінік деңгейлеріндегі жуаптарына қарсылық 
білдірмей, керісінше оны қолдап және ғылымға бағыттап отыруы аса 
маңызды.Осындай 
жұмыс 
түрлері 
үздіксіз 
және 
мақсатты 
түрде 
жүргізілгендіктен бoлaшaқ дене шынықтыру мамандарының пән мазмұны 
бойынша терең білім алуына және кәсіби тұрғыда жетілуіне үлкен әсерін 
тигізді. Себебі, бұл жұмыстар студенттердің педагогикалық, әдістемелік білімі 
мен білігін қалыптастыруға және дамытуға бағытталып жүргізілді. Болашақ 
дене шынықтыру мамандарын даярлауда олардың рефлексивті мәдениетін 


123 
қалыптастырудың түрлі құрылымда (жеке, топтық, жұптық, т.б.) жүргізілетін 
жұмыстарды ұйымдастырудың да тиімділігі байқалды. Әсіресе топтық 
жұмыстарда 
білім 
алушыларды 
айрықша 
белсенділік, 
спорттық 
қызығушылықтың басым болғанын көре алдық. Сонымен қатар, студенттерді 
білімдік, дұрыс рефлексиялық жұмыстарға бағыттауда білім беруші мен білім 
алушының бірлесе отырып атқаратын жұмыстарының да мәні зор болды деп 
санаймыз.
Біз 
зерттеу 
барысында 
студенттердің 
рефлексивті 
мәдениетін 
қалыптастыру үшін дәстүрлі әдістерді де (сөздік, түciндipмелі-көрнекілік, 
тәжірибе, экспермент, бақылау және т.б.) және оқытудың инновациялық 
технологияларын да (мәселелік оқыту, СМАРТ мақсаттар қою әдісі, «Оқу мен 
жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясының әдіс- 
стратегиялары, т.б.) бір-бірімен байланыстыра отырып, тиімді қолдануға 
тырыстық. Мәселен, дәрістік, түciндipмелі-көрнекілік, презентациялар арқылы 
диалог дәрістер жүргізілсе, семнар сабақтарда тәжірибе, экспермент әдістері 
қолданылды, өздік жұмыстарын орындауда ақпараттарды жинау, оларды өңдеу, 
талдау, қорытындылау сияқты шығармашылық мазмұндағы тәжірибелік 
тапсырмаларды орындау кеңінен қолданылды. Ал рефлексиялық жұмыстар әр 
сабақта түрлендіріліп отырғандықтан, студенттер курс соңында оларға өте 
жақсы машықтанып, сұраныстары арта түсті. Кері байланыс жаттығуларының 
әсіресе, 
қимыл-қозғалыспен 
жасалатын 
түрлері 
студенттердің 
аса 
қызығушылықтарын тудырды. 
Бұл жұмыс түрлерінің барлығы студенттердің теориялық білімін 
тереңдетіп қана қоймай олардың ізденуіне, зерттеуіне, шығармашылықпен 
жұмыс орындауына жағдай туғызды. Сонымен қатар, негізінен шығармашылық 
тапсырмаларды студенттердің өздігінен орындауы олардың өз ісіне деген 
сенімін арттырып, өзін-өзі тексеруге, өз-өзіне баға беруге жағдай жасап қана 
қоймай, олардың белсенділігін арттыратындығына көзіміз жетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет