113
Оқытудың бұл әдістері мен технологиялары білім алушылардың дағдысы
мен икемділіктерін, ғылыми ұғымдарды меңгеруі мен жан-жақты дамуын,
зейінінің беріктігі мен ойлау қабілетін арттырады.
Эксперимент барысында жүргізілген дәріс, семинар сабақтарының
кейбіріне тоқталсақ. «Рефлексия ұғымының пайда болуы»тақырыбындағы
өтілген дәріс үлгісі
Дәріс тақырыбы:
«Рефлексия ұғымының пайда болуы»
Мақсаты:
Білім алушыларға пәннің мақсаты мен міндетін түсіндіру,
рефлексия жайлы жалпы түсінік алуларына жағдай жасау
Көрнекілік:
интерактивті тақта, презентация, үлестірме материалдар
Әдістер:
SMART
мақсат қою, сын тұрғысынан ойлауды дамыту
технологиясының топтастыру, түртіп оқу, әдістері
Күтілетін нәтижелер:
студенттер «рефлексия» ұғымы, оның пайда болу
алғышарттары жайлы мәліметтермен танысады, мәнін ұғынады.
Сурет 18
Дәріс барысы
1.Студенттерді «спорттық ойын атаулары арқылы»
топтарға бөлу
2. Оқытушының пәннің мақсат міндеттері жайлы кіріспе сөзі
3. Слайд арқылы сабақтың SMART мақсатын талдау. Осы әрекет
барысында аудиторияға психологиялық жағымды орта қалыптастыру,
студентердің пәнді игеруге деген мотивтерін жоғарылату жүзеге асырылды.
4.
Топтық жұмыс
«Рефлексия» ұғымы жайлы не білеміз? сұрағына
топтастыру жасау. Бұл жұмыс студенттердің
жаңа тақырып жайында
білетіндерін анықтап алу және дәріске деген қызығушылығын ояту үшін
жүргізілді. Студенттерге
«Күрес», «Бокс», «Гимнастика», «Шахмат»
топтарында 5 минут ішінде таратылып берілген ватман қағаздарда
114
топтастыру – кластер
жасау тапсырылды. Әр топта жасалған жұмыс нәтижесі
жарияланды.
Бұдан соң, презентация арқылы сабақ мазмұнын білім алушыларды
қатыстыра отырып талдау ұйымдастырылды.
Біз үшін аса маңызды кері байланыс немесе өз әрекетін рефлексиялай
алуға үйрету
«Жетістік баспалдағы»
әдісі арқылы жүзеге асырылды.
Қатысушыларға осы дәріске қатысып, сабақ
мазмұнын талдау арқылы қол
жеткізгісі келетін мақсатты мұқият ойластыру, содан кейін оны қысқаша
сипаттау тапсырмасы берілді. Содан кейін қатысушылардан альбом парағын
алып, оған алты сатыдан тұратын кішкентай баспалдақ салу тапсырылды.
Ондағы ең төменгі баспалдақ мақсатқа қол жетпегендігін, ал жоғарғы -
мақсатқа толық қол жеткізілген жағдайды білдіреді.
Осыдан кейін қатысушыларға әр баспалдаққа қатысты өз тараптарынан 2-
3 белгіжазу тапсырылды. Сол арқылы дәл
қазір мақсатқа жетудің қай
сатысында тұрғанын түсінуге тырысады, осы позицияны белгілеп, оны кішкене
фразалармен сипаттайды.
Сурет 19
Студенттер бүгінгі сабақта алдыларына қойған мақсаттарын орындаудың
өзіндік деңгейін анықтаған соң, жіберілген кемшіліктері турасында ойлануға
шамамен 2 минут беріледі. Осы әрекет арқылы өз мақсаттарына жету
жоспарларын жетілдіреді.
Судеттердің сабақ соңындағы эмоционалдық жағдайын анықтау үшін
«Көңіл күй ағашы»
әдісі қолданылды.
Әдістің жүргізілуіне қойылатын талаптар: әр топ тақтада ілінген ағаш
суретіне сабақ соңындағы өздерінің көңіл күйлеріне сай түстегі
фигураларды
жапсырады. Дәріс топтың сабақ соңындағы эмоционалдық жағдайына қысқаша
талдау жасаумен аяқталды.
Дәріс сағатының өтілуіне өзіндік қорытынды жасар болсақ, студенттердің
оқу белсенділігін арттыру мақсаты толық орындалды деуге болады. Білімгерлер
алғашқы минуттардан бастап топтық әрекетте болғандықтан топтың әр
мүшесінің ортақ мүддеге үлес қосуы орын алды. Презентация арқылы дәріс
мазмұнын жеткізу сұрақ –жауап түрінде ұйымдастырылды. Сондықтан
115
студенттерді мәселені талдау үдерісіне қатыстыру ойластырылғандықтан
алғашқы танымдық белсенділік деңгейі төмендеген жоқ. Ал сабақ соңындағы
рефлексиялық жаттығулар арқылы алған
білімдер санада сараланып, пәнге
деген ынталарын арттырды деп айта аламыз.
Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің рефлексивті мәдениетін
қалыптастыру өзіміз ұсынған элективті курстың барлық тақырыптарын өтуде
басты назарда ұсталды. Дәріс, семинар сабақтарда тек теориялық материалдар
беріліп қоймай, рефлексивтік әдістер,
тәсілдер, жаттығуларды кеңінен
қолдануды ойластырып отырдық. Мұндай сабақтарды білім алушылар
рефлексия мен оның философиясы, табиғаты, атқаратын қызметі жайлы
мағлұмат алып қана қоймай, тәжірибеде қолдану арқылы өздерінің әрекеттерін
бағалауға машықтанды. Төменде осындай
бір дәрістің өту барысын
сипаттаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: