Дәрістер. 1 дәріс. Ғылым ретіндегі Қазақстан тарихының мақсат, міндеттері және оны зерттеудің өзектілігі


Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда (1946 – 1953 жж.)



Pdf көрінісі
бет35/43
Дата27.10.2023
өлшемі0,78 Mb.
#188470
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   43
Байланысты:
Қазақстан тарихы Бакаева

 


 Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда (1946 – 1953 жж.)
 
Ұлы Отан соғысы жеңіспен аяқталғаннан кейін Қазақстан еңбекшілері 
бейбіт құрылысқа оралды. Соғыстан кейінгі жылдарда елдегі қоғамдық-саяси 
өмірде жұрттың ой-пікіріне қатаң бақылау орнату, коммунистік 
идеологияның 
ықпалын 
күшейтіп, 
басқаша 
орнату, 
коммунистік 
идеологияның ықпалын күшейтіп, басқаша ойлаумен күрес жүргізу, 
демократияны барынша шектеумен сиппатталды. Елде Сталиннің жеке 
басына табыну күшейді. 1937 жылдардағы репрессия жалғасып, Ленинград 
пен Мәскеуде «Ленинградтық іс», «Дәрігерлер ісі» қолдан жасалып, 
Қазақстанда «Бекмахановтың ісі» ұйымдастырылды. 1947 жылы шыққан 
Ермұхан Бекмахановтың «ХІХ ғасырдың 20-40 жж. Қазақстан» деген еңбегі 
буржуазияшыл ұлтшыл еңбек деп жарияланды. 1950 ж. «Правда» газеті 
«Қазақстан тарихының мәселелерін маркстік-лениндік тұрғыдан жазу үшін» 
деген мақаласында Бекмахановтың кітабын айыптады. Осы мақаладан кейін 
Бекмаханов Ғылым академиясынан шығарылды. 1952 жылы 25 жылға 
соттады. 
Сондай-ақ республиканың көрнекті ғалымдары А. Жұбанов, Жұмалиев, 
Б. Сүлейменов, жалған саяси айыптармен жазаланды. Әбішев, Аманжолов
Бекхожин, Бегалин және басқа жазушылар буржуазиялық ұлтшылдық 
қателіктер жіберді деп дәлелсіз айыпталды. Осындай қуғындаудан кейін 
ғалым Қ. Сәтбаев пен жазушы М. Әуезов Қазақстаннан Мәскеуге кетуге 
мәжбүр болды.
Қазақстан «Хрущев декадасы» жылдарында (1953 – 1964 жж.)
1953 жылы наурызда Сталин қайтыс болғаннан кейін бұл ғалымдар мен 
жазушылар қуғындаудан құтылды. Сталиннен кейін Кеңес Одағын басқарған 
Хрущевтың кезінде де Қазақстанның саяси жағдайы жақсы болмады. Көп 
жыл Қазақстан партия ұйымын басқарған Шаяхметов орнынан алынып, оның 
орнына Республика халқының пікірі сұралмастан орталықтың тағайындаған 
адамдары қойылды. 
Республиканы 1954-1955 жж. Пономаренко, 1955-1956 жж. Брежнев, 
1956-1957 жж. Яковлев, 1957-1960 жж. Беляев, 1960-1962 жж. Қонаев, 1962-
1964 жж. Юсуповтар басқарды. Кеңес одағын Хрущевтың басқарған 
жылдары Оңтүстік Қазақстанның 4 ауданы көрші Өзбекстан Республикасына 
берілді. Қазақстанды Юсупов басқарған жылдары Алматы және Талдықорған 
облыстарының жерінде ұйғыр автономиясын құрып, астанасын Алматы 
қаласы ету әрекеті жасалды. Солтүстіктегі 5 облыстан тың аймағын құрып, 
Ресейге қосу, Маңғыстау облысын Түрікменстанға беру әрекеттері жасалды. 
Бұл әрекеттерге сол кездегі Қазақ ССР жоғарғы Кеңесінің төрағасы Жұмабай 
Тәшенов қарсы шықты. Осы әрекеті үшін ол орнынан алынды. 1964 жылы 
қазан айында Хрущев орнынан түскеннен кейін бұл әрекеттер іске аспай 
қалды. 
1964 жылдан Қазақстан Компартиясын қайта басқарған Д. А. Қонаев 
1972 жылы Өзбекстанға берген 4 ауданның екеуін қайтарып алды, ал екі 
аудан, 500 мыңға жуық мал сол күйінде Өзбекстанда қалып қойды. 


1956 жылы партияның ХХ съезі болды. Осы съезде Хрущев «Жеке басқа 
табыну және оның зардаптарын жою» туралы баяндама жасады. Бұл 
баяндама алғаш рет Сталиннің еліміздегі 1937-1939 жылдары аралығында 
жүргізген жазықсыз жазалаулары туралы ашық айтылып, оның зардаптарын 
жоюға шақырды. Соған байланысты жазықсыз жазаланған мыңдаған адамдар 
түрмеден босатылып, тағылған саяси айыптар алынды. 
Соғыстан кейінгі жылдары 700-дей кәсіпорын қатарға қосылды. Оның 
ішінде Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты, Өскемен су-электр станциясы, 
Бұқтырма су-электр станциясы, Қарағанды 2-жылу электр станциясы, 
Соколов-Сарыбай кен байыту комбинаттары бар. 1960 жылы Қазақстанда 32 
млн. тонна көмір өндірілді. 1953 жылы Қарағанды металлургия комбинаты 
іске қосылды. Сондай-ақ Маңғыстау өңірі ірі мұнайлы аймаққа айналды. 
Қазақстанда салынған заводтардың барлығы шикізат өңдеуге 
арналғандықтан адам денсаулығына үлкен зиянын тигізетін заводтар болды. 
Өскемендегі, Ақтөбедегі, Шымкенттегі, Жамбылдағы химфарм, сары 
фосфор, мырыш өңдеуші заводтар осындай заводтар еді. 
1949 жылы 29 тамызда Семей өңірінде ядролық зарядты тұңғыш сынау 
өткізілді. 1949-1963 жылға дейін жер үстіне 113 жарылыс жасалды. 1964 
жылдан бастап 1989 жылға дейін жер астында 343 сынақ жасалған. Бұның 
барлығы полигонға жақын тұратын халықтарға өте үлкен зардабын тигізді. 
Кеңес Одағы коммунистік партиясының орталық комитетінің 1954 жылғы 
ақпан-наурыз пленумында Қазақстанда, Сібірде, Оралда, Қиыр Шығыстың 
кейбір аудандарында жаңа тың жерлерді игеруге шешім қабылданды. 
Қазақстандағы тың жерлерді игеру ғылыми түрде зерттелмей өте асығыс 
жүргізілді. Тың игергеннен кейін Қазақстан 6 рет Отан қоймасына 1 
миллиард астық берді. Бірақ бұл миллиардтар шын мәнінде ауа райы 
қолайлы жылдары ғана алынды. 1954-1960 жылдары Қазақстанда 25 миллион 
гектар жер жыртылды, кейінгі жылдары оның мөлшері 35 млн. жеткізілді. 
Ғылыми түрде зерттелмей асығыс түрде көп мөлшерде жердің жыртылуы 
салдарынан 9 млн.-ға жуық жер жартылай сондай-ақ толығымен эррозияға 
ұшырады. Республиканың ежелгі халқы – қазақтарды тыңды игеруге шақыру 
назардан тыс қалды. 1954-1958 жылдары Ресейден және Украинадан 640 мың 
адам әкелді, кейінгі жылдары олардың саны 1,5 млн.-ға жетті. Бұл 
республиканың демографиясына үлкен өзгеріс әкелді. Қазақтар өз жерінде 
азшылық болып 1962 жылғы санақ бойынша республика халқының 29%-тін 
құрады. 
Сонымен бірге Қазақстанның географиялық жағдайы да үлкен өзгеріске 
ұшырады. 1954-1964 жылдардың ішінде тың өлкесі құрамына енген бес 
облыста 200-ден астам селолық және ауылдық кеңестердің аттары орыс 
тіліне өзгертілді. Жалпы республика бойынша 3500 елді мекендердің жер-
сулардың аттары өзгертілген. 
Әр түрлі Московский, Астраханский, Бауманский, Ростовский сияқты әр 
түрлі аттар пайда болып, бұрынғы атаулар алынып тасталды. Сонымен қатар 
тыңды игерудің мал жайылымына тигізген зияны үлкен болды. Мал 
жайылымдық жерлер азайды. Жылқы 3 есе, түйе 5 есе азайды. Тыңды игеру 


жылдары солтүстік облыстарда 700-ге жуық қазақ мектептері жабылды. Бұл 
қазақ тілінің дамуына үлкен зиянын тигізді. Бір мезгілде шет жақтардан өте 
көп адамның келуіне байланысты, оларға дер кезінде жағдай жасалмады. 
Соның салдарынан 1959 жылы Теміртау қаласында үлкен ереуіл болды. 
Ереуілдің себебі тамақтың сапасыздығы, ешқандай дұрыс жағдайдың 
жасалмауы болды. Ереуілге шыққан халыққа қарсы армия күштері жіберіліп, 
ереуіл үлкен қан төгіспен басып тасталынды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет