Дәрістер. 1 дәріс. Ғылым ретіндегі Қазақстан тарихының мақсат, міндеттері және оны зерттеудің өзектілігі


Қазақстанның тәуелсіздігінің жариялануы



Pdf көрінісі
бет38/43
Дата27.10.2023
өлшемі0,78 Mb.
#188470
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43
Байланысты:
Қазақстан тарихы Бакаева

Қазақстанның тәуелсіздігінің жариялануы.
Қазақстанның тәуелсіздік алуы және тәуелсіздік туралы заң. 1991 жылы 
16 желтоқсанда Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялады. Сөйтіп, Қазақстан 
260 жылға созылған отарлық бұғаудан құтылып, өз алдына дербес мемлекет 
құруға мүмкіндік алды. Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін 
алғаннан кейін, әлемдік нормалары қатаң сақтай отырып, әлемдік 
қауымдастықпен байланысқа көшті. Қазақстан 1992 жылы 2 наурызда 
Біріккен ұлттар ұйымына мүше болып қабылданды. Қазіргі уақытта 
Қазақстан дүние жүзінің ірілі-кішілі мемлекеттерімен тең дәрежеде байланыс 
жасауда. Қазақстанды әлемнің 140-қа жуық елдері ресми таныды. Қазақстан 
50-ге жуық мемлекеттерде өз елшіліктерін ашты. Қазақстан дүние жүзінде 
территориясы жағынан 9-шы, адам саны жағынан 50-ші орын алады. Бүгінде 
тәуелсіз Қазақстанда 130 ұлт пен ұлыстың өкілдері тұрады. Соның ішіндегі 
негізгі қазақ халқы 1997 жылы демограф, ғалым Мақаш Тәтімовтың есептеуі 
бойынша, 8 млн.-ға жетіп, Республика халқының жартысынан астамын құрап 
отыр. Дүние жүзі бойынша қазақтардың саны 12 млн.-ға жетті.
Тәуелсіз мемлекеттер достастығының құру (ТМД). 
1990 және 1991 жылдары еліміздегі басты мәселелердің бірі жаңа 
Одақтық келісімге қол қою болды. Жаңа келісім шартқа 1991 жылы 20 
тамызда қол қою көзделген еді. 1991 жылы тамыздың 19-ы мен 21-і арасында 
Кеңестер Одағында әскери төңкеріс әрекеті жасалды. Төңкерісті 
ұйымдастырушылар Г. Янаев, О. Бакланов, В. Павлов елде төтенше комитет 
құрды. Олар ел Президенті М. С. Горбачевті үш тәулік бойы Форостағы 
демалыс үйінде қамауда ұстап, өз еркімен Президенттік өкілдігінен бас 
тартуды талап еткен. Сонымен бір мезгілде, 19-20 күндері әскери бөлімдер 
күшімен Россия жоғарғы Кеңесінің үйін басып алуға бірнеше рет әрекет 
жасады. Ельцин бастаған Россия басшыларын халық қолдады. Соның 
нәтижесінде төңкерісшілер Ақ үйді басып ала алмады. 
Бұл күндері Қазақстанда жағдай бір қалыпты болды. 20 тамызда 
Н.Назарбаев арнайы мәлімдеме жасап, төтенше комитетінің іс-әрекеттерінің 
ешқандай заңға, Конституцияға сәйкес келмейтінін ашық айтты. Осы 
оқиғадан кейін Одақтық шартқа басқаша көзқарас туды. Бұл оқиға Одақтың 
ыдырауын шапшаңдатты. 1991 жылы 8 желтоқсанда Белоруссияда Россия
Белоруссия, Украина басшылары тәуелсіз мемлекеттер достастығын құру 
туралы келісімге қол қойды. Сонымен бірге 1991 жылы 21 желтоқсанда 
Алматыда тоғыз мемлекеттен тұратын тәуелсіз мемлекеттер достастығы 


құрылды. Алматы кездесуінде КСРО-ның ыдырап, ТМД-ның құрылғаны 
туралы Декларация қабылданды. 
Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан кейін «Тәуелсіздік 
туралы заңын» жариялады. Оның негізгі тұжырымдарын қысқартып айтатын 
болсақ, 1 бабында былай дейді: Қазақстан Республикасы тәуелсіз, 
демократиялық және құқтық мемлекет. Ол өз территориясында үкімет 
билігін толық иеленеді, өзінің ішкі және сыртқы саясатын дербес белгілеп 
жүргізеді.
2-ші баб. Қазақстан Республикасы барлық мемлекеттерімен өзара 
қатынас халықаралық құқ принциптері бойынша құрады.
3-ші баб. Қазақстан Республикасының бүкіл территориясында Қазақстан 
Республикасының Конституциясы мен заңдары, сондай-ақ ол таныған 
халықаралық құқ нормалары қолданылады.
4-ші 
баб. 
Қазақстан 
Республикасының 
территориясы 
қазіргі 
шекараларында бітұтас, бөлінбейтін және қол сұғуға болмайтын территория 
болып табылды. 
5-ші баб. Жер және оның қойнауы, су, әуе кеңістігі, өсімдіктер мен 
жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар, экономикалық және ғылыми 
техникалық потенциал Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігінің 
негізін құрай отырып, тек қана соның меншігінде болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет