2.
Қазақстан Республикалық партиясы.
3.
Қазақстан Халық Конгресі партиясы.
4.
Қазақстан коммунистік партиясы.
5.
Қазақстанның халықтық-кооперативтік партиясы.
Қозғалыстар:
1.
«Невада-Семей»
2.
«Азат»
3.
«Қазақстан жұмысшы қозғалысы»
4.
«Лад» республикалық славян қозғалысы.
1995 жылдан бастап елімізде жаңадан құрылған саяси партиялар пайда
болды. 1995 жылы қаңтар айында Қазақстанның «Өрлеу» партиясы құрылды.
Партия еліміздің әлеуметтік қорғансыз бөлігі: әйелдер, мүгедектер, зиялы
еңбек қызметкерлерінің мүддесін қорғайды делінген. 1995 жылдың бас
кезінде Қазақстанның аграрлық партиясы құрылды.
Оның басты мақсаты
ауыл шаруашылығы саласы халқының әлеуметтік-экономикалық және саяси
мүддесін қорғау болды.
Сонымен бірге 1999 жылы елімізде «Отан», Азаматтық партия сияқты
жаңа партиялар да пайда болып, саяси процесстерге белсене араласуда.
Бұлардың қатарын 2002 жылы наурыз айында құрылған «Ақ жол», 2003
жылы желтоқсан айында құрылған «Асар» партиялары толықтыра түсті.
Сонымен, Тәуелсіздік алғаннан бергі саяси процестерді қортындылайтын
болсақ, ол бірнеше кезеңдерден тұрады.
Бірінші кезең (1991-1993 жж.) бұрынғы саяси жүйені
өзгертіп, жаңа
саяси жүйені қалыптастыруға бағыт алынды. Бір партияның билігі жойылып,
көппартиялық жүйе енгізілді. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтары
кеңейтілді.
Елімізді
парламенттік-президенттік
басқару
формасы
қалыптасты.
Екінші кезең (1994-1995 жж.) саяси жүйедегі еліміздің саяси,
экономикалық, әлеуметтік-мәдени,
психологиялық, геосаяси, ұлттық
ерекшеліктерін қарастыру процессі жүргізілді. Алғаш рет еліміздегі Жоғарғы
Кеңеске баламалы түрде сайлау өткізіліп, жергілікті
жерлердегі өкілетті
билік өкілдері қалыптасты.
Үшінші кезеңде (1996-1998 жж.) 1995 жылы референдумда қабылданған
Конституция, Президенттік басқару формасына өтуде заңдық тұрғыдан
бекітіп, алдағы уақыттағы саяси жүйенің даму бағытын айқындап берді.
Елімізде екі палаталы кәсіпқой Парламент және басқа да саяси жүйе
институттары құрылды.
Төртінші жаңа кезең 1998 жылдың қыркүйегіне бастау алады. Бұл кезең
Президенттің Қазақстан халқына арналған жолдауын жария етуден және
1998 жылы күзде еліміздің Конституциясына және басқа заңдық актілеріне
өзгеріс
енгізуден, Парламенттің құқықтарын кеңейтуден басталды. Сайлау
жүйесіне реформа да жүргізілді.
Достарыңызбен бөлісу: