Тәуелсіз Қазақстан Республикасы экономикалық дамуда көптеген
қиыншылықтарды басынан кешіре отырып, ілгері дамып келеді. Жетістіктері
баршылық. Мәселен, 2000 жылы ішкі жалпы өкімінің өсімі 9,6% болды.
Өндіріс көлемі – 14,6%, жүк тасымалдау – 13,3%, сыртқы тауар айналымы –
56,7% өсті. 2000 жылы елдің экономикалық өсімі 10%-ға жуық көтерілді.
2001 жылы бұл көрсеткіш 12%-ға артты. Соның нәтижесінде әлеуметтік сала
бойынша жалақы мен зейнетақы деңгейін көтеріп, ТМД елдері арасында
алдыңғы қатарға шығуға мүмкіндік туды.
Қазақстанның ішкі экономикасын көтеру арқылы инвестициялық
ахуалын жақсартуға негіз қаланды. Он жылдың ішінде еліміздің
экономикасына 18,5 млрд. доллар көлемінде тікелей шетелдік инвестиция
құйылды.
Достарыңызбен бөлісу: