С. А. Вологжанина, А. Ф. Иголкин материалтану оқУ ҚҰралы


ҚАҰ типті қоспалардың механикалық қасиеттерінің сынақ



Pdf көрінісі
бет172/239
Дата27.10.2023
өлшемі8,95 Mb.
#188857
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   239
Байланысты:
6 Вологжанина Материалтану. Оқулық

 
ҚАҰ типті қоспалардың механикалық қасиеттерінің сынақ 
температурасына ^
сын
 тәуелділігі

,
°с
исп’ 
s, МПа
а
02
, МПа
5, %
20
380
265
7
100
315
235
6,5
200
235
190
5
300
175
155
3,5
400
130
120
2
500
1 05
105
2,5
373 


ҚАҰ типті қоспаларды авиациялық техникада, 500 °С-ге дейінгі температурада жұмыс 
істейтін, жоғарғы меншікті беріктік жəне коррозиялық тұрақтылыққа ие бөлшектерді жасау 
үшін қолданады. Олардан піспек соташығын, компрессор қалағын, жылубөлгіш 
элементтердің қабығын жəне жылуалмасқыштардың құбырларын жасайды. 
10.3. 
Талшықты композициялық материалдар 
Құрылымның беріктігі мен тұтастығын қамтамасыз етумен қатар, матрица қажет 
серпімділікке ие болуы жəне композит жұмыс істеуге арналған температуралық аймақта 
жұмысқа қабілетті болуы қажет. 
200 °С-ден төменгі температурада қолданылатын композиттерді жасау үшін полимерлі 
матрицалар қолданылады. Мұндай композиттерге, полиэфирлі шайырдан тұратын матрицасы 
қысқа шыны талшықтармен нығайтылған шыныпластик жатады. Шыныпластиктерді 
автокөліктер, қайықтар, кейбір тұрмыстық аспаптардың корпусын жасау үшін қолданады. 
Сондай-ақ матрица ретінде, негізгі тізбектердің арасындағы көлденең байланыстар үш осьті 
торы бар қатаң құрылым жасайтын, термореактивті полимерлерді қолданады. Мұндай 
полимерлерге, көлденең байланыстарының арқасында айтарлықтай жоғарғы жылуға 
төзімділікке ие, эпоксидті шайырлар жатады. 
10.3 суретте сұлбалық түрде талшықты композитті жасаудың əдісі көрсетілген. 
Талшықты белдекпен орап, жабысқақтықты жақсартатын беттік өңдеу жасап, оларды 
полимерлі шайырмен қаптайтын ваннаға салады. Шайыр талшықтарды жазық бұрау – таспаға 
бекітеді. Дайын таспаларды қатпарлы парақша материалдарға (шеренің аналогы) жинақтайды 
немесе қиынырақ формаларға орайды. Парақшаларға жинақталған немесе оралған 
материалдарды термиялық өңдеумен қатайтады. Қабаттарды талшықтардың əртүрлі 
бағыттарымен кезек-кезек қоюға жəне композитте материалға қатаңдық беретін арматураның 
торлы құрылымын жасауға болады. 
Қабаттардың арасында жəне əрбір бөлек қабатта көлденең нығайтудың жоқтығы мұндай 
композиттің кемшілігі болып табылады. Сондықтан материал қабаттарға бөлініп кетуі 
мүмкін. Сонымен қатар осындай композиттен жасалған көлемді үлгідегі жарық қабаттар 
арасында оңай таратылады. Бұл кемшіліктерді жою үшін тоқымалы композиттер жасайды.
Аса жоғары температураларда жұмыс істеу үшін металл матрицалар қолданылады. 
Әдетте тығыздығы аз металлдарды қолданады: алюминий, сирек – магний, титан.
Металл композиттер полимерлімен салыстырғанда артықшылықтарға ие. Жоғарырақ 
жұмыс температурасынан бөлек, олар 
374 


жақсы изотропия жəне пайдалану кезіндегі жоғарғы тұрақтылық қасиеті, аса жоғарғы 
эрозиялық шыдамдылықпен сипатталады. Металл матрицалардың серпімділігі құрылымға 
қажет тұтқырлықты береді, ол локалды механикалық жүктемелерді жылдам тегістеуге 
мүмкіндік береді. МКМ жоғарғы жылуөткізгіштігі локалды қызып кетуден сақтайды, бұл 
зымыранның ұшы жəне қанаттардың жетекші ернеуі сияқты бұйымдар үшін аса маңызды. 
МКМ жоғарғы электрөткізгіштігі оларды найзағайдан, электромагниттік сəулеленуден жақсы 
қорғайды, статикалық электрлік қаупін төмендетеді. Жасау, қалыпқа келтіру, термиялық 
өңдеу, байланыстарды жəне төсемелерді қалыптау үдерістерінің аса жоғары технологиялығы 
МКМ маңызды артықшылығы болып табылады. Негізгі металл матрицалардың қасиеттері
10.2 кестеде көрсетілген. 
10.2 кесте.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   239




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет