10.1.
Композициялық материалдардың қасиеттері және қолданылуы
Аллюминий матрицасы негізіндегі композиттердің негізгі компоненттерінің физика-
механикалық қасиеттері 10.4 кестеде көрсетілген. Алюминий матрицасында бор талшықтары
бар, қалыңдығы 0,5 мм болатын таспа түріндегі композициялық материалдардың құрылымы
10.4 суретте көрсетілген. Матрицаның нығайтқыш элементпен жақсы үйлесімділігі, бор
талшығының жоғарғы беріктік қасиеттері жəне матрица материалының қанағаттанарлық
серпімділігі, осы материалдан жасалған бұйымдардың
жақсы технологиялылығы мен
конструкциялық сенімділігімен үйлескен МКМ-нің беріктік пен қатаңдығының жоғарғы
меншікті мəндерін айқындайды. Тым төмен тығыздыққа ие МКМ жасау үшін магнийді
қолданады. Магний негізді композиттер алюминий қоспаларына қарағанда 30 %
жеңілірек,
жақсы меншікті қасиеттерге, температураның кең диапазонында тұрақты СКТК ие, ол
матрица мен талшық қасиеттерінің комбинациясы есебінен жүзеге асырылады жəне
қолданудың нақты шарттарына байланысты басқаруға болады.
Мұндай материалдарды
жалпақ плиталар, түтіктер, шыбықтар жəне арнайы формалы бұйымдарды қоса құймалар
қалыбында алуға болады.
Магний — жеңіл металлдардың бірі, ол үшін оттекті, бор талшықтармен жəне кремний
карбидінен жасалған талшықтармен əсерлескенде ешқандай мəселе туындамайды.
Оттекті
талшықтың перспективті жүйесі
10.4 кесте
Достарыңызбен бөлісу: