Ұнтақты дайындамаларды 10 %-дан кем кеуектілікпен біріктіргеннен кейін жоғарғы
дəрежеде (90 %-дан жоғары) сығатын, ыстық экструзия үнемдірек болып саналады. Қағида
бойынша, жылдам кесетін ұнтақты болатты өндіру кезінде бөлшектерінің өлшемі 600 мкм-
ден кем ұнтақтарды қолданады. Біріктіру температурасы көміртегінің мөлшеріне тəуелді.
Көміртегінің 1 % мөлшері бар болат үшін біріктіру температурасы 1 240 °С құрайды,
көміртегінің мөлшерін 1,6 %-ға көбейткенде — 1 200 °С. Ұнтақты жылдам кесетін болатты,
тəртібі қарапайым қайта балқытылған болатты өңдеу кезіндегідей термиялық өңдейді: босату,
шынықтыру жəне үш реттік демалыс. Ұнтақты болаттарды шынықтыру кезіндегі қыздыру
температурасы біршама төмен. Ұнтақты металлургия бұйымдардың ұсақ түйірлі
құрылымымен қамтамасыз етеді, олардың беріктігін, тұтқырлығын жəне тозуға төзімділігін
жоғарылатады (11.1 кесте).
Сондай-ақ ұнтақты жоғары қоспалы құрал-сайман жасайтын болаттарды мөртабандар
үшін қолданады. О.В. Роман мəліметтері бойынша, соқпалы сығып шығаруға арналған құрал-
саймандарды жасау үшін қолданылатын, жоғары тығыздықты Х12М типті хроммолибденді
болат келесідей физика-механикалық қасиеттерге ие:
Тығыздық, г/см
3
............................................................................................... 7,7...7,2
Уақыттық кедергі, МПа............................................................................ 1 100. 1 260
Иілу кезіндегі беріктік шегі, МПа ........................................................... 1 350. 1 440
Сығу кезіндегі беріктік шегі, МПа .......................................................... 2 080.2160
Бұзылу тұтқырлығы, МПа ■ м
1/2
......................................................................... 42.45
Достарыңызбен бөлісу: