С. А. Вологжанина, А. Ф. Иголкин материалтану оқУ ҚҰралы



Pdf көрінісі
бет181/239
Дата27.10.2023
өлшемі8,95 Mb.
#188857
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   239
Байланысты:
6 Вологжанина Материалтану. Оқулық

11.4. 
Үйкелісті материалдар 
Үйкелісті ұнтақты материалдар автокөліктердің, шынжыр табанды машиналардың, жол 
жəне құрылыс механизмдерінің, ұшақтардың, станоктардың, сыққыштардың жəне т.б. 
тежегіш жəне беріліс түйіндерінде жұмыс істеуге арналған. Ұнтақты материалдардан 
жасалған үйкелісті элементтерді дисктер, секторлық қаптама түрлі кескіндемелі негіздер 
түрінде жасайды. Мыс жəне темір негізді үйкелісті ұнтақты материалдар қолданылады. 
Құрамында қорғасын, графит жəне темір бар, қалайы жəне алюминийлі қола негізіндегі 
ұнтақты материалдар, көбінесе 35 МПа-ға дейінгі қысым мен сырғанау жылдамдығы 50 м/с-
ке дейінгі кезде қаттылығы 40...45 HRC орташа көміртектелген болатпен үйкеліс жағдайында 
жұмыс істеу үшін арналған. Төмен қысым жəне 5 м/с-ке дейінгі жылдамдық кезінде 
металлпластмасс материалдар қолданылады. 
Құрамында мыс, графит, кремний оксиді, асбест, барий сульфатының қоспасы бар темір 
негізіндегі ұнтақты материалдар, 300 Мпа-ға дейінгі қысым мен 60 м/с-ке дейінгі 
жылдамдықта шойын немесе қоспалы болатпен бірге түрлі конструкциялардың тежегіш 
жабдықтамасында – дискті, қалыпты,
389 


таспалы тежегіштерде үйкеліс жағдайында жұмыс істеуге арналған. 
Ұнтақты материалдар асбофрикциялық материалдармен салыстырғанда аса жоғары 
термо- жəне тозуға төзімділік мəндеріне ие (2 – 4 есе), ал кей жағдайларда, мысалы қоспалы 
шойынмен жұмыс кезінде, одан да жоғары (15...25 %-ға) үйкеліс коэффициентіне ие болады. 
11.5. 
Кеуекті сүзгіш элементтер 
Сүзгіш элементтерді жасау үшін əдетте мата, киіз, керамика, фарфор, сонымен қатар 
түрлі материалдардан жасалған тор сүзгіштерді қолданады. Төмен коррозияға шыдамдылық, 
жеткіліксіз механикалық беріктік, төмен термотұрақтылық жəне ыстыққа беріктілік олардың 
кемішіліктері болып табылады. Көп жағдайда олар жоғарғы қысымның түсуін болдырмайды, 
регенерацияға қиын беріледі. 
Асакеуекті ұнтақты металл материалдар қатаң кеңістіктік каркасының арқасында аса 
жоғары беріктікке ие, температураның кенет ауытқуына төзімді, оңай өңделеді, балқытып 
біріктіріледі жəне дəнекерленеді, қажет коррозияға шыдамдылық, ыстыққа төзімділік, 
жылуөткізгіштікпен қамтамасыз етеді. Жоғары кеуектілігінің салдарынан мұндай 
материалдар жеткілікті жұқа сүзгілеу (30 мкм дейін) кезінде сұйықтықтар мен газдар үшін 
жақсы өтімділікке ие, оңай қайта қалпына келтіріледі (сонымен қатар толық дерлік өзінің 
бастапқы қасиеттерін қалпына келтіреді), сүзгіленетін сұйықтықтар мен газдарды сүзгі 
материалдарымен ластамайды. 
Металл кеуекті элементтерді жасау технологиясы олардың қалыпы мен өлшемдеріне 
тəуелді. Ірі емес өлшемді сүзгіштерді бос себілген ұнтақты біріктіру арқылы дайындайды. 
Одан ірірек сүзгіштер үшін салқын тығыздау, одан кейін біріктіру қолданылады. Жұқа 
кеуекті таспаларды алу үшін жұқартуды қолданады. 
Кеуекті өткізгіш элементтерді жасау үшін түрлі металлдар мен қоспалардың ұнтақтарын: 
көміртекті жəне түрлі таңбалы коррозияға шыдамды болатты, хром жəне молибдені бар 
никель қоспасын, мыс, титан, алюминий, вольфрам, молибден жəне басқа қоспаларын 
қолданады. Техникада едəуір кең қолданыс тапқан коррозияға шыдамды болат, қола, титан 
жəне никель қоспаларынан жасалған сүзгіштер болды. 
Ұнтақты материалдарды қолдану тазартылған сұйықтықтарда жұмыс істейтін сорғы, 
қозғалтқыш жəне басқа агрегаттардың қызмет ету мерзімін ұзартуға мүмкіндік береді. 
Олардың көмегімен химиялық үдерістерінде эффективтілігі артады жəне вакуумды өнімнің 
сапасы жақсарады, жаңа қасиеттері бар материалдар алу үшін мүмкіндіктер туады. 
390 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   239




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет