С. А. Вологжанина, А. Ф. Иголкин материалтану оқУ ҚҰралы


  Үйкеліссіз ұнтақты материалдар



Pdf көрінісі
бет180/239
Дата27.10.2023
өлшемі8,95 Mb.
#188857
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   239
Байланысты:
6 Вологжанина Материалтану. Оқулық

11.3. 
Үйкеліссіз ұнтақты материалдар 
Сырғанауға, нығыздауға мойынтіректер, өкшеліктерді жасау үшін құйма қорыталармен 
(қолалар, баббиттер жəне шойындар) қатар, ұнтақты металлургия əдісімен жасалған 
үйкеліссіз материалдар(МОСТ 26802—86) қолданылады. Мұндай материалдар мыс немесе 
темір негізінде жасалады жəне оларға белгіленген пайдалану жəне механикалық қасиеттерін 
қамтамасыз ететін, қатаң майлағыш типті заттардан тұрады. 
Үйкеліссіз ұнтақты материалдар төменгі үйкеліс коэффициенті, жақсы тозуға төзімділік, 
білікпен оңай жұмыс істеу жəне едəуір жүктемені көтеру қабілеттілігімен сипатталады. 
Үйкеліссіз ұнтақты материалдар қарапайым үйкеліссіз материалдармен салыстырғанда 
артықшылықтарға ие. Олардың тозуға төзімділігі қола жəне боббиттерге қарағанда бірнеше 
есе жоғары, ол аса жоғары жылдамдық пен қысымда жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Құрылымында кең ауқымда (35 % дейін) басқарылатын, кеуектіліктің бар болуы оларды 
алдын ала жағармаймен малауға мүмкіндік береді. Жұмыс істеу кезінде, материалдың майда 
каналдары мен қуыстарында капиляр күшімен құрықталған май қыздырған сайын біртіндеп 
сыртқа ығыстырылады жəне жұмыс бетінде жақпа қабықшасын түзеді. Мойынтіректі тоқтату 
жəне одан кейін суыту кезінде май ішінара қайта қуыстарға сіңіріледі. Кеуекті мойынтіректер 
қосымша майлаусыз ұзақ уақыт жұмыс істей алады. Май сіңген кеуекті мойынтіректерде 
өзіндікмайлану эффектісі сырттан майлағыш материалды жеткізбестен 3 000 . 5 000 сағ. 
көлемінде сақтала алады. 
388 


Композициялық үйкеліссіз ұнтақты материалдар, қатаң майлағыш роліндегі (графит, 
сульфид, пластмасса жəне кейбір басқа байланыстар) заттардан тұратын біртекті үлестірілген 
қосындыларға ие болуға мүмкіндік береді. Мұндай материалдар сұйық майлағышсыз (кебу 
үйкеліс режимінде) жұмыс істегенде салыстырмалы төмен үйкеліс коэффициентіне ие. Қатты 
майлағыштың жоғары үйкеліссіз қасиеті мен металл қасиеттері бар пластмассаның үйлесімі 
суда, агрессивті сұйықтықтарда, бензинде, түрлі газды орталарда, вакуумда, сондай-ақ 
жоғарғы жəне төменгі температурада жұмыс істеуге қабілетті материалдарды алуға мүмкіндік 
береді. 
Үйкеліссіз ұнтақ материалдар, қаңқасы берік материалдан жасалған, ал аралығы 
жұмсағырақ материалмен толтырылған, қаңқалы конструкция болып санала алады. 
Керісінше, мойынтіректің жұмысқа қабілеттілігін арттыратын, дисперсиялықтың түрлі 
деңгейлі, біртекті үйлестірілген қатты қосылысы бар жұмсақ матрицаға ие болға болады. Бұл 
ерекшеліктер үйкеліссіз ұнтақты материалдардың қасиеттерін пайдаланудың нақты 
шарттарына қатысты бағытталған басқаруды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. 
Ұнтақты сырғанау мойынтіректерін енгізу жұмыс істейтін құрылғының төзімділігі мен 
сенімділігін арттырады, оларды жасаудың еңбексыйымдылық үдерісін төмендетеді, металл 
қалдығын жаңқаға айналдыру арқылы азайтуға мүмкіндік береді, тапшы түсті металлдар мен 
қоспаларды үнемдеуді қамтамасыз етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   239




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет