Ұнтақты болаттар механикалық қасиеттері бойынша сəйкес құрамды құйылған жəне
соғылған болаттардан кем түспеуі мүмкін. Осылайша, титан мөлшерін 2... 3 %-ға дейін
арттыру мүмкіндігінің арқасында мартенситті ескіретін болаттар соққы тұтқырлығы
KCU30.40 Дж/см
2
кезінде 2 000 МПа-ға дейін уақыттық кедергіге ие.
Коррозияға шыдамды ұнтақты материалдарды алу үшін негіз ретінде əдетте болат жəне
белгілі бір құрамды қоспалардың ұнтақтары қызмет атқарады.
Титан жəне оның қоспаларының ұнтақтарын ауыржүктелген бөлшектерді жасау үшін
қолданған перспективті. Титан негізді ұнтақты бұйымдардың жоғарғы механикалық
қасиеттері (а
в
= = 650.900 МПа; 5 = 8.16 %) оларды автокөлік қозғалтқыштарының
шатундарын жасау үшін қолдануға мүмкіндік береді, ол едəуір массаны азайтады,
инерциялық күшті төмендетеді жəне қозғалтқыштың қуатын арттырады. Титан ұнтақтарынан
химиялық жəне тағамдық машина жасау, аспап жасау жəне басқалар үшін тығын, қақпақ,
түтік сияқты бөлшектердің сериялы өндірісі ұйымдастырылған.
Достарыңызбен бөлісу: