Темір негізді антифрикциялық мақсатта жасалатын бұйымдарды біріктіру температурасы
1000...1 050°С, қола негізді — 850...950°С. Біріктіруді қыздыру пештерінде, қағида бойынша,
ұнтақ бөлшектерінің тотығуын алдын алу үшін қорғаныс атмосферасында немесе вакуумда
0,5.1,5 сағат жүргізеді. Материалдардың пайдалану жəне механикалық қасиеттерінің аса
жоғары сипаттамасын алу үшін жəне қалыптау мен біріктіруден кейінгі өлшемдерінің
дəлдігін арттыру үшін қосымша ыстық тығыздау, қалыптама, жұқарту үдерістерін жүргізеді.
Ұнтақ бөлшектерді термиялық өңдеуге кейбір спецификалық ерекшеліктер тəн.
Кеуектілік ұнтақты материалдардың тотығу қабілеттілігін арттырады, сондықтан оларды
қыздыруды қорғаныс атмосферасында жүргізген жөн. Газбен толтырылған қуыстар
жылуөткізгіштікті төмендетеді, ол ықшам материалдармен салыстырғанда кеуекті
материалдардың шынығу қабілетін нашарлатады. Кеуек бөлшектер үшін су ағысында кенет
салқындату немесе салқындатуды қиындататын бу қаптамасын болдырмауды жылдамдату
үшін екпінді араластыру сияқты шынықтыруды қолданған жөн. Шынықтырудан кейін
бөлшектердің қуыстарынан дамқыл толық кеткенше міндетті түрде кептірілуі керек.
Кей кезде қосымша ұнтақты материалдан жасалған бөлшектерге ХТӨ жүргізеді.
Цементтеу мен нитроцементтеуді беткі қабаттың қаттылығы мен тозуға төзімділігін арттыру
үшін қолданады. Азоттау бөлшектердің жоғарғы қаттылық, қажуға беріктік жəне
коррозиялық шыдамдылығына қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Сульфидтеуді темір жəне темірграфитті бұйымдардың тозуға төзімділігі мен
қаттылығын арттыру үшін үйкеліс коэффициентін азайту мақсатында қолданады.
Сульфидтеудің ең қарапайым əдісі – кеуек бұйымдарды алдымен 140.160 °С температурада
балқытылған күкіртке енгізіп (ұстап тұру уақыты 10.15 мин.), одан соң 400.500 °С-ге дейін
азоткөміртекті атмосферасы бар герметизацияланған пеште қыздыру арқылы күкірпен
қуыстарды бітеу.
Бумен өңдеу арқылы оксидтеуді темір негізді ұнтақ бөлшектердің коррозиялық
шыдамдылығы мен тозуға төзімділігін арттыру үшін қолданады. Әдетте бумен өңдеуді 1
сағат көлемінде 550 °С температурада қолданады, одан кейін майда суытады. Бөлшектердің
жəне ашық қуыстардың бетіндегі темір мен су буының əсерлесуі кезінде берік коррозияға
шыдамды қабықша пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: