С. А. Вологжанина, А. Ф. Иголкин материалтану оқУ ҚҰралы


  Қатпарлы композициялық материалдар



Pdf көрінісі
бет175/239
Дата27.10.2023
өлшемі8,95 Mb.
#188857
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   239
Байланысты:
6 Вологжанина Материалтану. Оқулық

10.1. 
Қатпарлы композициялық материалдар 
Пластмасса, металл немесе керамика қатпарлы құрылымды композиттердің негізінің 
материалдары болып табылады. Толтырғыштар ретінде полимерлі талшықтар, матадан, 
трикотаждан жəне басқа материалдардан жасалған таспаларды қолданады. Жақсы танымал 
ламинаттар полимерлі талшықтармен немесе шыныматамен нығайтылған шайырлардан 
жасалған. Оларды құрылыста, көлік жасауда, жиһаз өнеркəсібінде, спорттық саймандарда, үй 
шаруашылығында жəне т.б. кең қолданады. 
Композиттердің 
осы 
тобына, 
оттекті 
немесе 
шыны 
талшығы 
бар 
фенолформальдегидтішайырлардың негізінде жасалған, зымырандарды жылулық қорғауға 
арналған абляциялық материалдар жатады. Жиі бұл материалдарда, көпқабатты жағу кезінде 
жұқа қабырғалы құбыр, тығын жəне басқалары сияқты өнімдердің жоғарғы механикалық 
қасиеттерін қамтамасыз ететін, шыныматаны қолданады. 
Қатпарланған байланыстырғышы алюминий, титан, мыс, никель жəне кобальт 
парақшалар жəне фольга болатын, ал арнайы қасиеттерін жəне қолдануды анықтайтын 
қатпарлары ретінде керамика, интерметаллды байланыс немесе басқа металлдар болатын 
композиттер кездеседі. 
Қатпарлы керамикалық композиттерді экстремалды жағдайларда қолданады. Осы типті 
композиттердің компоненттері ретінде жиі керамика, оттегі жəне металлдар, мысалы корунд, 
пиролитикалық графит, карбидтер, оксидтер, алюминий, мыс, титан, никель, кобальт, тантал, 
темірмен бірге композициядағы нитридтер қолданылады. Мұндай материалдар ғарыштық 
аппараттарда 
корунд, 
борсиликат, 
оттекті 
карборунд 
ламинаттардан 
жасалған 
жылуоқшаулағыш силикат плиткаларды жасау үшін қолданыс тапты. 
378 


10.1. 
Композициялық материалдардың қасиеттері және қолданылуы 
Аллюминий матрицасы негізіндегі композиттердің негізгі компоненттерінің физика-
механикалық қасиеттері 10.4 кестеде көрсетілген. Алюминий матрицасында бор талшықтары 
бар, қалыңдығы 0,5 мм болатын таспа түріндегі композициялық материалдардың құрылымы 
10.4 суретте көрсетілген. Матрицаның нығайтқыш элементпен жақсы үйлесімділігі, бор 
талшығының жоғарғы беріктік қасиеттері жəне матрица материалының қанағаттанарлық 
серпімділігі, осы материалдан жасалған бұйымдардың жақсы технологиялылығы мен 
конструкциялық сенімділігімен үйлескен МКМ-нің беріктік пен қатаңдығының жоғарғы 
меншікті мəндерін айқындайды. Тым төмен тығыздыққа ие МКМ жасау үшін магнийді 
қолданады. Магний негізді композиттер алюминий қоспаларына қарағанда 30 % жеңілірек, 
жақсы меншікті қасиеттерге, температураның кең диапазонында тұрақты СКТК ие, ол 
матрица мен талшық қасиеттерінің комбинациясы есебінен жүзеге асырылады жəне 
қолданудың нақты шарттарына байланысты басқаруға болады. Мұндай материалдарды 
жалпақ плиталар, түтіктер, шыбықтар жəне арнайы формалы бұйымдарды қоса құймалар 
қалыбында алуға болады. 
Магний — жеңіл металлдардың бірі, ол үшін оттекті, бор талшықтармен жəне кремний 
карбидінен жасалған талшықтармен əсерлескенде ешқандай мəселе туындамайды. Оттекті 
талшықтың перспективті жүйесі
10.4 кесте


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   239




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет