91
Марксизм теориясы мәжбүрлі жұмыссыздық мәселесін алға тартады.
Жұмыссыздықты капиталдың жинақталуының нәтижесі деп білді. Жұмыс күшіне деген
сұраныс капиталдың барлығымен емес, тек еңбек ресурстарын сатып алуға жұмсалған
капиталдың мөлшерімен ғана анықталады. Капиталдың жинақтала беруіне байланысты
капитал-еңбек қатынасы артады. Физикалық капиталдың (құрал-жабдықтар, материалдар,
шикізаттар) жалпы капиталдың құрамындағы өседі, ал адам капиталының үлесі азая
береді. К. Маркстің пікірінше, еңбек өнімділігінің артуы жұмысшыларды ығыстырады.
Бұдан басқа, өндірістің дамуының циклдік сипаты жұмысшылардың бірқатар тобын
жұмыстан мәжбүрлі түрде босатып отырады, дағдарыс пен тоқырау фазаларында
жұмыссыздық өседі, ал жандану мен өрлеу фазаларында ол азаяды.
Батыстың экономикалық әдебиеттерінде жұмыссыздық мәселесі- нің мәжбүрлі
сипатқа ие болатындығын алғаш мойындаған Дж. Кейнс деп айтылады. Бірақ ол
жұмыссыздықтың бірқатар бөлігінің ерікті түрге ие болатындығын да жоққа шығармаған.
Кейнстік теория жұмыссыздықтың пайда болу себебін тұрғындардың тауарларға деген
сұранысының жеткіліксіздігінен, олардың төлем қабілеттігінің төмен болуынан және
жалақы мөлшерлемесінің тым жоғары болуынан деп түсіндіреді. Жиынтық сұраныстың
жеткіліксіздігінен адамдардың жинақтауға деген бейімділігі мен инвестициялық
белсенділіктері әлсіз болады.
Неоклассикалық теорияның көрнекті өкілі А. Пигу 1923 жылы жарияла-ған
«Жұмыссыздық теориясы» еңбегінде осы мәселенің қыр-сырын басқаша түсіндіре алды,
яғни неоклассиктердің ойынша, жұмыссыздықтың басты себебі болып жалдамалы
жұмыскерлердің өз жұмыс орындарын ерікті түрде таңдауы табылады. Жұмысшылар аса
жоғары жалақыға ғана жұмыс істеуге дайын, сондықтан жұмыс күшіне деген сұраныс
төмендейді.
Монетаризм теориясы болса жұмыссыздықтың пайда болу себебін мемлекеттің ақша-
несие саясатын дұрыс жүргізбеуінен деп дәлелдеуге тырысады. Елдегі ақша массасын және
оның айналымын дұрыс реттей отырып, өндіріс үдерісін тиімді ұйымдастыруға болады.
Ағылшын экономисі Томас Мальтустың (1766-1834) атымен байланысты
мальтузиандық теория жұмыссыздық мәселесінің туындауын елдегі халық санының
өсуімен байланыстырады. Халық саны әр 25 жылда екі еселеніп отырады, ал оларға
қажетті тұтыну заттары олай өсе алмайды, сол себепті тұрғындардың бір бөлігіне өмір
сүру құралдары жетіспей олар кедейленеді және жұмыссыздыққа ұшырайды. Сондай-ақ,
халық санының өсуімен қатар, елге сырттан имигранттардың келуі де бұл мәселені
ушықтырып жіберуі мүмкін деп айтады.
Достарыңызбен бөлісу: