1 Карипова М. Р



Pdf көрінісі
бет39/169
Дата27.10.2023
өлшемі3,61 Mb.
#188867
түріОқулық
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   169
Байланысты:
Экономикалық-теория.-Карипова

2.
 
Жаппай жекешелендіру 
– жұмысшылар саны 200 адамнан асатын орта 
кәсіпорындарды жекешелендіру. Басқаша, бұл купондық жекешелендіру деп аталады. 
3.
 
Жеке жобалар жекешелендіру 
– жұмысшылар саны 5000 адамнан асатын ірі 
және стратегиялық маңызы бар мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіру. 
4.
 
Жекеше жекешелендіру 
– мемлекеттік меншік объектілерін жекелеген 
бөліктерге бөліп жекешелендіру. 
5.
 
Қарапайым кездейсоқ жекешелендіру 
– мемлекет тарапынан бақылау орын 
алмайтын жекешелендірудің түрі. 
Әлемдік тәжірибеде жекешелендірудің алғашқы үш түрі аса кең тараған деп жиі 
айтылады. 


37 
Жекешелендірудің әдістері: 
1.
 
Аукциондар, 
бұлар конкурстар жариялау арқылы қандай да бір мүлікті сату 
және сатып алу тәсілдерін қарастырады. Бұл жерде үміткерлер қатысатын ашық сауда 
коммерциялық конкурс арқылы жүргізіледі. Коммерциялық конкурс – максималды бағасы 
ұсынылып, сатып алушы қойылған шартты толық орындауға келіскен жағдайда 
мемлекеттік меншік объектілерін сату. 
2.
 
Акцияларды сату, 
яғни кәсіпорын капиталындағы үлестерді сату. Бұл жерде 
тендерлер жарияланып, үміткерлер қатысатын жабық сауда инвестициялық конкурс арқылы 
жүргізіледі. Инвестициялық конкурс – коммерциялық конкурсқа ұқсас, бірақ жеңіс 
өлшемдері жекешелендіру объектісінің инвестиция мерзімі мен мөлшері болып табылатын 
сауда-саттық. 
3.
 
Жалға берілген кәсіпорындардың мүлкін сатып алу. 
Бұл жерде кәсіпорындарды сату аукциондар арқылы ашық сауда тәсілдерімен 
жүргізіледі және сатып алушыға максималды баға қоюдың талабы ұсынылады. 
Қазақстанда кең көлемді жекешелендіру 1991 жылы басталды. Бұл үдерістің негізгі 
бағыттары үш кезеңнен өтті. Үкіметтің бағдарламалары бойынша 31 мың кәсіпорынды 
мемлекетсіздендіру және жекешелендіру жоспарланды. 
1991-1992 жылдарға арналған мемлекетсіздендіру мен жекеше- лендірудің алғашқы 
ұлттық бағдарламасы мемлекеттік меншікті басқа нысандарға айналдыруды, 
азаматтардың мемлекеттік кәсіпорындардың мүліктерін (акцияларын) сатып алуды 
мақсат етіп қойды. 
1993-1995 жылдарға арналған екінші ұлттық бағдарлама кіші, жаппай және жеке 
жобалар бойынша жекешелендірудің түрлерін қарастырып, нарықтық экономикаға көшуге 
жағдай жасауды мақсат етті. 
1996-1998 жылдарға арналған үшінші ұлттық бағдарлама негізінен жекешелендіру 
үдерісін аяқтау арқылы экономикада жеке сектордың басымдылығына қол жеткізіп, оны 
бекітуді мақсат етті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   169




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет