5.
Егемендік құқығы
, игілікті шеттету, тұтыну немесе жою құқығы;
6.
Қауіпсіздікке деген құқығы
, яғни игілікті қанаудан және сыртқы ортаның
зияндылығынан қорғау құқығы;
7.
Игілікті мұрагерлікке беру құқығы;
8.
Игілікті иеленудегі мерзімсіздік құқығы;
9.
Сыртқы ортаға зиян келтіретін әдістерді қолдануға қарсылық жасау
құқығы;
10.
Жауапкершілікке жазалау түрін қолдану құқығы
, яғни қарызды төлеуге
игіліктермен жазалау мүмкіндігі;
11.
Қалдықтық сипат құқығы
, яғни бұзылған құқық шараларын қалпына келтіруді
қамтамасыз ету институтының өмір сүру құқығы. Сонымен, меншіктің экономикалық
категория ретіндегі мәні мынаған келіп саяды, яғни
меншік
– бұл адамдар арасындағы
материалдық және рухани игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну салаларындағы
күрделі әлеуметтік-экономикалық қатынастар. Меншік қатынастары меншік объектілерін
иемдену жөнінде меншік субъектілерінің арасында қалыптасып отырады.
Меншік
субъектілері
– бұл олардың арасында меншік қатынастары туындап отыратын тұлғалар,
оларға жеке индивидтер, отбасы, әлеуметтік топтар, ұжым, халық, мемлекет және
басқару органдары жатады.
Меншік объектісі
– бұл осылар арқылы меншік
қатынастары туындап отыратын қандай да бір заттар немесе құралдар, т.б. Меншік
объектілеріне: жер, ғимараттар, табиғи ресурстар, өндіріс құрал- жабдықтары, мүлік,
ақшалар, бағалы заттар, ақпарат, жұмыс күші, білім, құнды қағаздар, ұлттық
құндылықтар, т.б. жатады.
Меншіктің 2 түрі ажыратылады: жеке меншік және мемлекеттік меншік. Олардың
әрқайсысының бірнеше нысандары бар.
Жеке меншік
– бұл бір тұлғаның немесе отбасының мүліктің немесе ресурстың
иесі болып табылуы. Жинақтау сипаты бойынша жеке меншік еңбектік және еңбектік
емес болып бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |