САНДЫ ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ
1.
Қазақстандағы қарт адамдардың әлеуметтік- экономикалық жағдайлары мен
олардың қажеттіліктері
Респонденттерді әлеуметтік- демографиялық сипаттау
2 кестеде зерттеуге қатысқан респонденттердің гендерлік, жастық, ұлттық,
отбасылық статусына және олардың тұрғылықты мекенінің статусына байланысты
сипаттамалар көрсетілген. Әлеуметтанулық зерттеуге 55 және одан да жоғары жастағы 2000
қазақстандықтар қатысқан, оның ішінде 39,5% ерлер, 60,5% әйел адамдар қатысқан.
Сауалнамаға қатысушылардың орта жасы 62,6 жас, минималды жас – 55, ал максималды
жас – 90 жас.
Респонденттердің этникалық көрсеткіштеріне сай бөлу ҚР ресми статистикалық
ақпараттарындағы ұлттық көрсеткіштерге сай бөлінген, ол дегеніміз іріктеу жиынтығы
этикалық ерекшеліктерге сай жалпы жиынтықты репрезентативті етіп тұр, ол дегеніміз:
60% респонденттер – қазақ ұлтының азаматтары, 28% - орыс ұлтының өкілдері, 12% - басқа
да өзге ұлттың өкілдері, олардың ішінде өзбек, татар, ұйғыр, украйын, түрік, түркмен, неміс,
азербайжан, белорус, башкир, армян, авар, грузин, дагестан, кавказ, еврей, қарақалпақ,
қызрғыз, корейц, молдован, марвин және литовтар қатысқан.
Сұрауға қатысқандардың көбі некеде тұратындар (61,7%), 2,8% азаматтық некеде
тұрады, 9,4% - олар ажырасқандар, ал әрбір сұралған 5-ші респондент жесір қалған,
респонденттердің 3,5% ешқашан некелік қарым-қатынаста тұрмаған. Респонденттердің
94,3% балалары бар, олардың ішінде минимум 1, ал орта көрсеткіш бойынша 3 бала және
максималды бала саны 12 балалар бар. 80,4% респонденттердің немерелері бар, минималды
немере саны – 1, орта көрсеткіш – 5 немере, максималды немере саны – 40 немерелері бар,
бұл жайлы бір респондент айтқан.
Сұралған
респонденттердің
көп
бөлігі
42,2% облыс орталықтары
мен
республикалық маңызы бар қалаларда (Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкентте) тұрады, ал 40,2%
ауылдық мекендерде тұрады, сұралғандардың 17,7% Қазақстанның кіші қалаларында
тұрады (2 кесте).
1 суретте сұрауға қатысқан респонденттердің білім деңгейлері көрсетілген. Зерттеу
нәтижелерінің көрсетуі бойынша қатысқан респонденттердің 64,6% сала бойынша маман
екендігін айқтан, оның ішінде 36,6% орта-кәсіптік білімі бар, жоғары білім алғандар саны
28%. 33,9% сала бойынша мамандар емес, себебі тек орта білім алғандар, немесе тек оның
бір деңгейі бойынша білім алған: аяқталмаған орта білім 3,2%, ал қарттардың ішінде тек
бастауыш білім алғандары 1,7%.
Достарыңызбен бөлісу: |