7. Қарт жастағы адамдар мен отбасылық егде жастағы адамдардың жалғызбасты қарттарға арналған мекемелерге деген көзқарастары мен олардың кіммен бірге тұруға ниеттері, балаларымен/ туыстарымен немесе өз жалғыз Егде жастағы адамдардың жалғыз тұратын қарттар мен қарт ерлі-зайыптыларға
арналған мекемелерге деген көзқарастарын анықтау үшін сауалнаманың барлық
қатысушыларына «Сіз қалай ойлайсыз Қазақстанда жалғызбасты қарттар мен қарт ерлі-
зайыптыларға арналған үйлер қажет деп ойлайсыз ба?» деген сұрақтар қойылды,
жауаптардың салыстырмалы нәтижелері 28 суретте көрсетілген. Сауалнама нәтижелері
бұрынғыдай егде жастағы адамдардың көпшілігі (73% -74%) жалғызбасты қарттар мен қарт
ерлі-зайыптылар үшін үйлердің қажеттілігін айтып, қолдайтындықтарын растады.
Сонымен қатар, мұндай үйлер қажет емес деп санайтындардың үлесі артты: 2008 жылғы
16,5% -дан 2020 жылы 22,6% -ға дейін. Бұл сұрақтың жауап
1
тарында, отбасылық жағдайы
мен ұлтына байланысты айтарлықтай айырмашылықтар бар: «қарттар үйі қажет емес»
деген жауаптар ерлі-зайыптылар мен қазақ ұлты азаматтарының арасында жиі кездеседі.
1
Қазақстан Республикасы үшін белсенді ғұмырдың (Active Ageing Index) индексын есептеуге және
ұйымдастыруға техникалық көмек көрсетудің нәтижесі жайлы есеп. О.В.Синявская. «2020 жылғы
Қазақстандағы қарт адамдардың әлеуметтік- экономикалық жағдайлары мен қажеттіліктерін анықтау»
әлеуметтанулық зерттеуінің негізінде индикаторлар есептелген.
² Қазақстан Республикасы үшін белсенді ғұмырдың (Active Ageing Index) индексын есептеуге және
ұйымдастыруға техникалық көмек көрсетудің нәтижесі жайлы есеп. О.В.Синявская. «2020 жылғы
Қазақстандағы қарт адамдардың әлеуметтік- экономикалық жағдайлары мен қажеттіліктерін анықтау»
әлеуметтанулық зерттеуінің негізінде индикаторлар есептелген.