Егде жастағы адамдардың денсаулықтарын мен олардың медициналық және әлеуметтік қызметтерді алуындағы қолжетімділік пен сапасын бағалау Зерттеу шеңберінде медициналық көмек көрсету мәселесі талқыланды, мамандармен
қарт адамдарға медициналық көмектің қол жетімділігі мен сапасы (алғашқы,
мамандандырылған амбулаториялық және стационарлық, жоғары технологиялық, жедел,
паллиативті, гериатриялық) және соңғы жылдардағы өзгерістерге баға берілді. Қарттар
үшін медициналық қызметтің қол жетімділігі қалада және ауылда әр түрлі ме, қарт
адамдарға көрсетілетін медициналық қызметтің сапасы мен қол жетімділігін арттыру үшін
не істеу керек?
Осы сұрақтар блогы бойынша біз егде жастағы адамдарға медициналық
қызметтер қол жетімді екендігін көрсететін пікірлер алдық, бірақ оларды ұсыну
сапасы жеткіліксіз , сондай-ақ қарттардың ерекше проблемалары бойынша
кәсібилік пен мамандандыру жеткіліксіз. Егде жастағы адамдарға арналған медициналық саладағы
келесі мәселелер мен қажеттіліктер анықталды, мысалы:
медициналық мекемелерде көмек көрсету кезінде науқастардың қажеттіліктері мен
денсаулық жағдайлары бойынша бөлу: «денсаулық жағдайының күрделілік деңгейіне
сәйкес адамдарды қабылдау»;
қарттарға үйде патронаттық көмек көрсету қажеттілігі: «денсаулықтың белгілі бір
параметрлері бойынша қарт адамға үйінде медициналық патронажды міндетті түрде
ұйымдастыру қажет»;
халықтың барлық санаттары арасында, әсіресе медициналық қызметкерлердің барлық
деңгейлері арасында денсаулық сақтау жүйесінде қызметтерді алу мәдениетін дамыту
қажеттілігі.
81
«Медициналық қызметтердің сапасы көп нәрсені қалайды. Кәсіби шеберлік аз болуы себебінен зардап шегеді, отбасылық дәрігерлердің тәжірибесі жеткіліксіз, бізге егде жастағы науқастарға арналған кабинеттер қажет, олардың өзіндік аурулары (физикалық және психологиялық) және ерекшеліктері бар: мазасыздық, қорқыныш, болашақтан қорқу, өлім». «Медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде бюджет шектеулі, қартайған кезде қажет барлық дәрі-дәрмектер толық көлемде берілмейді, медициналық қызметтер жеткіліксіз мөлшерде және тиісті деңгейде емес көрсетіледі. Кадр саясатының өткір мәселесі бар, геронтолог дәрігерлері жеткіліксіз». Сарапшылардың көзқарасы бойынша,