Қыпшақ,
бұлақ, Мұңлы т. солт.-шығ., Қарабұлақ т. оңт.-бат.. Жаңаарқа
ауд.
Мақанжан,
бұлақ, Қарабұлақ т. солт.-шығ., Қаратөбе т. оңт.-шығ.
Жаңаарқа ауд.
Ниязбұлақ,
бұлақ, Ақтау т. оңт.-бат., Қызылтас т. солт.-бат. Жаңаарқа ауд.
Олжабай,
бұлақ, Омарбек т. оңт. Қараоба шоқы оңт.-шығ.
Сарайбұлақ,
бұлақ, Шашты т. солт.-бат., Ақбастау шоқы. оңт.-шығ.
Тақырбұлақ,
бұлақ, Ақтасты су қоймасының солт.-шығ., Жақсы Иманақ
т. солт.-бат.
Тасбұлақ,_бұлақ,_Бектау_т._оңт.-шығ.,_Шұбароба_т._солт.-бат._Тасбұлақ'>Талдыбұлақ,
бұлақ, Қызылтас т. бат., Ақтау а. солт.-шығ.
187
Талдыбұлақ,
бұлақ, Қаратөбе т. солт., Қарашоқы т. оңт.-шығ
Тасбұлақ,
бұлақ, Бектау т. оңт.-шығ., Шұбароба т. солт.-бат.
Тасбұлақ,
бұлақ, Тасқараала т. оңт.-шығ., Балажелкекті т. солт.-бат
Тасбұлақ,
бұлақ, Шөлқоңыр т. оңт.-шығ., Құсбұлақ бұлағының солт
Телжан,
бұлақ, Қызылтас т. бат., Ақтау а. солт.-шығ.
Тоғанды бұлақ,
бұлақ, Сарыжал т. оңт.-шығ., Бектау т. солт.-бат
Тұма,
бұлақ, Қосылықты т. оңт.-бат., Шашты т. солт.-бат
Тұмсықбұлақ
, бұлақ, Қосылықты т. солт.-шығ., Шөлқоңыр т. солт.-бат.
Үлкенбұлақ
, бұлақ , Шұбароба т. солт.-шығ., Қарашоқы т. оңт.-шығ.
Шалыбайбұлақ,
бұлақ, Ақтау т. оңт.-бат., Қызылтау т. солт.-бат.
Түрлі түсті мәнді білдіретін топонимдер
Қоршаған ортаның түр-түс белгілерін немесе кеңістік бағытын айғақтау,
қазақ халқында ақ, қара, ала, қызыл, сары деген сөздерді қолдану арқылы
жүзеге асқан. Қоршаған ортаны сипаттау қазақ топонимдеріне тән басты
ерекшелік. Мысалы, ақ сөзі – түс, шылау, таза, адал, азық, жас шамасы, белгі
мағыналарын білдіреді. Бұл ақ деген сөз түркі тілдерінде заттың (тас, жар,
жартас, т.б.) түсін білдіретін сын есім атауы ретінде қолданылады.
114
Қазақ
халқы адам, мал, құс, жан-жануардың түсін де осылай айырады. Бұл сөздің
ауыспалы мағыналары қазақ тілінде аса жиі кездеседі. Бұқар жырау ауданы
жерінде Ақбастау, Ақбел, Ақжар, Көкпекті Ақжар, Аққора өзені, Аққұдық,
Аққұдық, Ақөре, Ақтас, Ақтөбе, Ақшоқы топонимдік атаулар бар. Түс
мағынасын білдіретін ақ деген сөзді қазақ халқы табиғат жаратылыстарына
жиі қолданады.
Жаратылыс әлемінде ақ сөзі өсімдіктерді, аң-құстарды, ағаштар, жер-су
атаулары мен ауа-райының сипатын білдіруге орай қолданылады. Мысалы,
өсімдіктер: ақ сүйрік – жас қамыс; ақбаттауық – шөптің түрі; ақ сора – шөптің
түрі; ақ өлең – шөптің түрі. Сондай-ақ, аң мен құс, хайуанаттар мен мал,
жануарлар туралы сөздер: ақ сұңқар – бүркіт; ақ табан ат; ақ шұбар, «ақ табан
аты астында, дулығасы басында», ақ қасқа ат, ақ қолтық – болдырмайтын ат,
арғымақ; «ақ айрауық» (атта болады, айылы батып, қажалған жерді айтады);
ақ аю, ақ боз, ақ боз ат; ақ үрпілену – сиыр, биенің сүт бермеуі; ақ болып кету
– суалып кеткен сиыр, бие туралы; ақ шегір (бүркіттің түсі турлы айтылады),
ақ үрпек балапан, ақ шабдар, ақ шағала; малдың түр-түсі: ақ теңбіл. Енді бір
қолданыс аясы – ауа райы, мысалы: ақ қиыршық қар, ақ боран – ұзақ соққа
боран, ақ түтек – бұрқасын, ақ құйын – торнадо. Ақ шарбы бұлттар – үкінің
114
Адамның мінезіне, жасына қатысты ақ сөзінің қолданылуы – адамның адал, жазықсыз, кінәсіз деген
мағыналарын білдіреді. Мезгіл мағынасында ақ сөзі: «ақ ешкінің құйрығы көкке жеткенде» (ешқашан);
«ақ пен қызыл арасы» (екі кеш ортасы), «ақ қар, көк мұзда» (қыс); «ақ табан шұбырынды» (тарихи
уақыт), әрекет мағынасында: ақ көздену (ақылсыз болу), тағам: ақ түймеш – жейтін құрт – М.А.
188
қауырсынындай бұлттар; ақ бұрқақ – бұрқасын, ақ дауыл, ақ қылау – қар
туралы; ақ қырау; ақ жауын.
Енді осы тұрғыда Ботақара-Нұра өңірінің жерінде кездесетін жоғарыда
біз келтірген атауларды қысқаша талдайтын болсақ, Ақбастау деген жер аты
осы жерде бұлақ, судың қайнар көзі барын білдіру үшін қойылған атау. Ал
Ақбел атауы жердің өңіне байланысты қалыптасқан. Жері дөңелі келген,
ұсақ шоқылы алқапқа тән атау Ақбел болады. Ақжар – өзен жағасына біткен
жардың түсі – ақтаңтақ жар деген мағынан білдіреді. Аққора атауында қора
– қуыс, қорған, ойпан, бекініс, пана, демек ақ қуыс деген ұғымды білдіреді.
115
Ақ құдық – суы берекелі құдық мағынасында. Ақөре – өзеннің
басталатын жері, өре басы – яғни судың басы. Ақөре – жері биік, дөңес жер,
әрі жазғытұрым қар еріп таудан аққан судың жолы. Ақсу, Ащысу өзенінің бір
тармағы. Бұл жерде Ақсу дегеніміз тау басынан өз арнасымен төмен қарай
ағып келетін қардың ерінді суын көрсетеді. Ақтас, Көктал аумағындағы жер,
ақ және тас компонентерінен құралған, өзінің тура мағынасындағы атау.
Ақтөбе, Ақшоқы – бұлар да солай. Ақ мағынасына жақын бір сөз – айна сөзі.
Мысалы, Айнабұлақ, яғни мөлдір, таза өзен дегенді білдіреді.
Мән-мағынасы жағынан ақ сөзіне қарама-қарсы қара деген ұғым да қазақ
топонимдерінің жасалу үдерісінде жиі қолданылады. Бұқар жырау ауданы
жерінде Қаражар, Қаракөл, Қарақұдык, Қарақойтас, Қарамола, Қарасу жер-су
аттары кездеседі. Қаражар – жардың түсіне байланысты айтылған. Қаракөлдің
(Дубовка кентінің орны) мағынасы «көзі бар көл» мағынасына саяды.
Керісінше, Қарасу атауы ағынсыз, тұйық су деген ұғымды білдіреді. Осылай
аталу себебі «жер» мағынасында қолданылатын қара» сөзімен байланысты.
«Қарасу» – «бетіне су шыққан жер», «жер суы».
Қарақойтас – жеке шоқылардың аты. Атау қазақша «қара» және көлемі
қой шамалас тастарды атау сөздерінен қалыптасқан (салыстырмалы – түйетас,
арғымақтас). Қарақұдык – құдықты мекен. «Қара» сөзі «мол, көп», немес
«көз» мағынасына орай айтылған. Қарамола атауы да сол, «қалың мола»
мағынасындағы атау. Қарасу – жер астынан, сай-жыралардан шығып жатқан
қайнар суы.
Қасқа, ала деген түс мағынасындағы атаулар. Алабас – жер аты. Бұл сөз
айғырдың атынан (төл басы) шыққан. Қорғанкөлден (Ақбел) солтүстікке
қарай бірер шақырым жерде. Алабас делінеді. Қаржас руы ішіндегі құл
атасының алабас айғыры туралы аңыз-әңгіме бар. Аңыз бойынша осы жерге
Баянауланың Алабас тауының аты осы жерге ауыстырып қойған. Шідертіге
қарай жерде оның Шыбынды деген атауы да кездеседі. Қасқасиыр – Пушкин
атындағы ауылдың телімі. Атау өзінің тура мағынасында.
115
Ескерту. Үлкендердің айтуына қарағанда, бұл өңірді атақты бір бай жайлапты. Мал дегенде есеп
жоқ. Сол бай үй, қора-жай салдырып, түгел әкпен сылатып, «Аққора» атауы осыдан шыққан деседі –
М.А.
189
Ботақара – елді мекен, көл, тау аты.
116
Орталық Қазақстандағы ұсақ
шоқылар. Қара сөзі бұл жерде көлемін, жалпы биіктікті көрсетеді. Баянтау
маңында Найзақара, Ерейментау жағында Балтақара осы атауларға ұқсас
құралған жер аты. Қоянқара – төбе, Ботақара кенті тұсында орналасқан.
Шешенқара – елді мекен, тау аты. Екі түрлі компоненттен құралған күрделі
атау. Шешен сөзінің негізі «тілді» дегені. «Қара сөзінің бұл жердегі мағынасы
– тау, биік деген ұғымға сәйкес. Сарыарқада «қара» сөзімен құрылған атаулар
жиі кездеседі. Мысалы, Үшқара, Таңқара, Найзақара, т.б. қазақ аңыздарында.
117
Шешенқара атауы ХVІІ-ХVІІІ ғ. қазақ-қалмақ жаугершілігі тұсында пайда
болған (аңызы алда айтылатын болады –
М.А.
). Тарихи деректер бойынша
қалмақтың хошутын
118
бір мезгіл Цэцэн хан басқарған (Батор қонтайшы
119
заманы). Аңыз бойынша Цэцэн қалмақ қызының аты. Қазақ тілінде шешен –
тілі өткір, қара – тау, биік түсінігіне сәйкесі.
Қотыр Қызылтау – етегі жер, ал төбелері тасты болғандықтан жер
солай аталады. Қожыр тау, кедір-бұдыр тас мағынасында түркі сөзі. Қожыр
– Нұраның оң жақ жағасындағы шоқы. Бұл атау шоқының бітімі бұжыр-
бұжыр, кедір-бұдыр келетінін білдіреді. Темір мағыналы кені кездесуіне
қарай тау жынысы қызыл реңді болып, соған қарай жер өңі де қызыл болуына
байланысты Қызылтау аталады. Қотыр, яғни жері ұсақ тастар қабатымен
жамылған. Керней – тау, әрі елді мекен аты. Керней – үрмелі музыка аспабы,
немесе кісі аты.
120
Қызылжар – жар өзеннің жағасының тік болып опырылып қалған жері.
Жардың өңін «қызыл» сөзі білдіріп тұр, топырақ бетінің реңімен байланысты.
Қызғылт қоңыр, сортаң топырағында әртүрлі дала өсімдіктері өседі. Қызылтау
– тау аттары.
Түс атауларымен байланысты қазақ орографиялық терминологиясында
бірнеше терминдер бар:
Достарыңызбен бөлісу: |