Қарағанды облысы топонимдері Нұр-Сұлтан, 2020 Т. Аршабеков



Pdf көрінісі
бет100/182
Дата04.11.2023
өлшемі7,57 Mb.
#189322
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   182
ҮШҚАТЫН МАРГАНЕЦ КЕНІ
– Жаңаарқа жеріндегі 1961 ж. ашылған 
кен орыны.
Кен Жайылма мульдасының солтүстік-шығыс ернеуіндегі жоғарғы 
девонның жанартаулық шөгінді жыныстарынан құралған. Шығыс аталатын 
синклиналдық құрылымда орналасқан. Осы құрылымның тікшіл құламды 
батыс қанатында бір-бірімен кезектесе келген линза, қабат пішіндес темір-
марганец рудалары, жайпақ құламды шығыс қанатында қорғасын-барит 
рудалары бар. Қоры жөнінен орта кенге жатады.
ШАЛҒИЯ МОЛИБДЕН КЕНІ 
– Жаңаарқа жерінде 1947 ж. ашылған 
кен 
орыны.
1948-58 жж. барланды. Кен аумағындағы метаморфизмге шалынған 
каледондық негіз құрамды жыныстар (габролар, амфиболиттер) оңтүстігінде 
ертегерциндік, солтүстігінде соңғыгерциндік гра-нит массивтері арасынан 
орын алған. Руда 400 м-ге дейінгі тереңдікке кетеді, тотығу зонасының 
тереңдігі 42 м Негізгі руда минералы – молибденит, аздары – пирит, ильменит, 
халько-пирит, галенит, сфалерит, шеелит, вольфрамит. Молибденит пен 
пиритте селен, теллур, рений бар екендігі анықталған.
Бұлақтардың географиялық сипаты 
Жер асты сулары өте минералданған. Көл түбінде емдеу орындарында 
пайдаланатын күкіртті-сутекті шипалы сұр балшық тұнған. Жер асты суы 
8-20 м тереңдікте жатады, тек өзен аңғарларында тереңдігі 4-5 м ашылады. 
Сулардың жер бетіне шығуы сайлы, жыралы, ойпаңды жерлерде байқалады. 
Аудан аумағында сумен қамтамасыз етуге жарамды тұщы жарықшақты сулар 
кең таралған. 
Ертедегі көмілген аңғарлар шөгінділеріндегі жер асты сулары пласт типіне 
жатады және минерал тұздылығы күшті. Даланың қабат суларының басым 
көпшілігінің тұзды немесе сортаңды. Шоқы мен тауларда және олардың 
шлейфтеріне жер асты сулары топырақ бетіне бұлақ түрінде шығады, бірақ 
олар үнемі топырақты тұздап күзде кеуіп қалады. 
Қай заманда болмасын адамның бір жерді қоныс қылу себебі сол мекендегі 
өзен-судың болуына байланысты болған. Сол тұрғыда Арқадағы Нұра, Есіл, 
Сарысу, Кеңгір бойы немесе соның төңірегінде бұлаққа толы тұщы су көздері 
көп болған. Осы айналаны адам баласы ежелден қоныс қылып, ескі жұртқа 
айналдырды.
Неолит тұрақтар тобының басты ерекшелігін олардың бұлақтардың, 


184
артезиан суларының маңында, батпақты ландшафт орындарында орналасуы 
құрайды. Орталық Қазақстандағы неолит рулары осындай ландшафтысы бар 
жерлерді мекен еткен. Неолитте Қазақстан аумағында бұлақ бойында тұрақтар 
кең тараған. Қазақ жері қуаң дала аймағы болғандықтан ірі өзендер желісі 
аз. Сондықтан бұлақтардағы тұрақ орны уақытша маусым сипатында болған. 
Қазақстандағы қуаң далалық неолиттік ескерткіштердің ерекшеліктерінің 
бірі – ашық түрдегі тұрақтардың көп болуы.
Тұрақтардың барлығынан дерлік жергілікті материалдан жасалған 
садақ пен найза ұштары, балта, қашау, пышақ, қырғыш сияқты тас құралдар 
табылған. Оны жасағанда тас жыныстарын бөліп іріктеген. Шикізат әр түрлі 
болған соң өңдеу және жетілдіру әдістері әртүрлі техника дамытуға әсер 
еткен. Қазақ жерінде кездесетін неолиттік ескі жәдігерлер аумақтық тұрғыда 
бірнеше топқа бөлінеді. Олар мәдениет жағынан өзара туыс рулардың өмір 
сүру өңіріне сәйкес болуы мүмкін. 
Зеленая балка – бұлақтың қасында, жаңа Қарағандыдан 6 шақырым оңт.-
шығысқа қарай, қала маңындағы «Доскей» кеңшарының аумағындағы жер 
эрозиясының үрлеуінен анықталған төрт тұрақтан құралған топ. Бұл жер 
сазды ландшафтымен және жерасты суының көптігімен сипатгалады.
Орталық Қазақстан қола дәуір ескерткіштерінің ең көп таралған өлкесі 
болып табылады. Бұл аймақ ертеден-ақ адамның өмір сүруіне қолайлы болды. 
Имантау, Атасу, Ұлытау, Баянаула, Қарқаралы, Көкшетау таулы аймақтарының 
өзен, бұлақтарының бірі солтүстікке, бірі оңтүстікке қарай ағып жатады. 
Есіл, Нұра, Сарысу, Торғай өзендері қай уақытта болмасын мал өсіру үшін де, 
егіншілік жүргізуге де пайдалы болған. Қола дәуірінің қоныстарын кішігірім 
қала деп атауға да келеді (протогород – алғашқы қала үлгісі). Бұл тарихи 
ескерткіштер Сарыарқаның Тағыбай бұлақ, Аюлы сияқты толып жатқан елді 
мекендері маңында сақталған. 
Сақалардың өз аузынан грек тарихшысы галикарнастық Геродот сақалар 
атасы Тарғытай жөнінде біздің заманымызға дейін шамасы XV ғасыр 
төңірегінде өмір сүрген адам. Бұл уақыт жағына Ә.Марғұлан зерттеген 
археологияда «Беғазы-Дәндібай мәдениеті» деп (б.з.д XIII-X ғ.) аталатын қола 
дәуір кезеңіне жақын мезгіл. Демек, Сарыарқа өңірлеріндегі Беғазы, Атасу, 
Тағыбай бұлақ сияқты ескі қоныс орындары гректің тарихшысы Геродоттың 
дерегіндегі сақалардың арғы атасы деп көрсетілетін Тарғытай заманына 
қатысты жәдігерлер санатында. 
Айнакөл балқыту орталығы Жезқазған руднигінің жанында орналасқан. 
Оның мәдени құрылымы Милықұдыққа өте ұқсас. Милықұдық 
нысанындағыдай қазба жұмыстары балқыту пештерінің қалдықтарын, 
шеберханалар, жиналған күл үйінділерін, ұсақталған кендерді, шұңқыр
қоймаларды, кеніш құдықтарын кірпішпен салынған, ертедегі су қоймаларын 


185
тоғандар қалдықтарын анықтады. Балқыту пешінің жанында металл 
балқытатын ыдыстың қалдықтары, түтікшелердің жоғарғы қабатындағы 
қатқан күлмен, әртүрлі көлемдегі мыс құймалары және өндірістің қоқыс 
қалдықтары табылды. Айнакөлде екі мәдени қабаттанудың: қола мен 
ортағасырлар дәуірлерінің қазандықты қышпен үлкен көлемде толық жауып 
тұрды. 
Жезқазғандағы үшінші балқыту орталығы – Сорқұдық 1945 жылы 
А.В.Кузнецов пен Н.В.Валукинский зерттеді. А.В.Кузнецов пен 
Н.В.Валукинский айтуы бойынша Айнакөлмен Милықұдыққа ұқсас. Бұл 
ежелгі металлургия индустриясының үш ошақтың бір уақытта дамығаның 
айтты [12].
Ежелгі Сорқұдық металлургиясының қонысы Милықұдықтың 
солтүстігіне қарай 15 км қашықтықта орналасқан. Бұл үш орындағы ағыс 
суқоймасы құбырымен бөлінген, онда су қорлары сақталады. Сорқұдық 
қонысының қалдықтары шұңқырлар ойықтармен қоршалған, олар солтүстік 
бөлік аумағының жазық ағыстарының арасында орналасқан. Диаметрі 6-7 м, 
тереңдігі 1,2 м шұңқырдың түбінде үлкен құм тақтайшалар табылған, олардың 
қабырғалары тұрғын үй үшін қапталған. Сонымен тұрғын үй іздерімен 
қатар шеберханалар қалдығы, 8 мыс балқыту пеші, ұсақталған кен үйіндісі, 
жиналған күлдер табылған. Сорқұдық қонысында табылған құрал-жабдықтар 
толығымен қола дәуіріне жататынын білдіреді.
Бетпақдала шөлінің алқабында орналасқан Сарысу өзенінің бассейні 
осы уақытқа дейін әлі сарқылмаған, өзінің бай мыс орындарымен және 
полиметалдық темір-марганец кендерімен ерекшеленеді. Айрықша кен 
орындары – Жезқазған, Успен (Нілді), Спаск Сарысу өзені бассейнде 
орналасқан. Бұл жерде ежелгі кен өнімдерінің – Тастыбұлақ, Бесшоқы, 
Қазансынған, Кеңтөбе, Жамантас, Тасқора, Өгізтау, Атығай қалайы қазған 
жерлерінде көп сақталынған. Сарысу және Атасу өзендерінің жазығында 
орналасқан бұл кен орындары қола дәуірінде балқыту орталығының шикізат 
базасы болды.
Бұлақ термині арқылы құралған микрогидронимиялық аймақтық 
атаулардың біразына қатысты жоғарыда ақпар берілді. Бұлақтар мен 
бастаулардың түрлі сипаттарын т
ӛ
менде берілген атаулардан да байқауымызға 
болады: Айнабұлақ, Көкбұлақ, Қосбұлақ, Ниязбұлақ, Үлкенбұлақ,
Нұраның басы Наршөккен Қосағаш дейміз. Таулар жотасы осы арадан бір 
100 шақырым болады. Қайнары Ақбастау деген жерден басталады. Алтынсу 
бойымен. Нұра бұлақтан басталады. Қорғалжын көліне құйғанша айналып 
келіп, мына Шешенқараның арғы жағында Сиыртөбе деген төбе бар, сол 
төбеден оңға бұрылады да, Балқашқа қарай бет алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   182




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет