184
артезиан суларының маңында, батпақты ландшафт орындарында орналасуы
құрайды. Орталық Қазақстандағы неолит рулары осындай ландшафтысы бар
жерлерді мекен еткен. Неолитте Қазақстан аумағында бұлақ бойында тұрақтар
кең тараған. Қазақ жері қуаң дала аймағы болғандықтан ірі өзендер желісі
аз. Сондықтан бұлақтардағы тұрақ орны уақытша маусым сипатында болған.
Қазақстандағы қуаң далалық неолиттік ескерткіштердің ерекшеліктерінің
бірі – ашық түрдегі тұрақтардың көп болуы.
Тұрақтардың барлығынан дерлік жергілікті материалдан жасалған
садақ пен найза ұштары, балта, қашау, пышақ, қырғыш сияқты тас құралдар
табылған. Оны жасағанда тас жыныстарын бөліп іріктеген. Шикізат әр түрлі
болған соң өңдеу және жетілдіру әдістері әртүрлі техника дамытуға әсер
еткен. Қазақ жерінде кездесетін неолиттік ескі жәдігерлер аумақтық тұрғыда
бірнеше топқа бөлінеді. Олар мәдениет жағынан өзара туыс рулардың өмір
сүру өңіріне сәйкес болуы мүмкін.
Зеленая балка – бұлақтың қасында, жаңа Қарағандыдан 6 шақырым оңт.-
шығысқа қарай, қала маңындағы «Доскей» кеңшарының аумағындағы жер
эрозиясының үрлеуінен анықталған төрт тұрақтан құралған топ.
Бұл жер
сазды ландшафтымен және жерасты суының көптігімен сипатгалады.
Орталық Қазақстан қола дәуір ескерткіштерінің ең көп таралған өлкесі
болып табылады. Бұл аймақ ертеден-ақ адамның өмір сүруіне қолайлы болды.
Имантау, Атасу, Ұлытау, Баянаула, Қарқаралы, Көкшетау таулы аймақтарының
өзен, бұлақтарының бірі солтүстікке, бірі оңтүстікке қарай ағып жатады.
Есіл, Нұра, Сарысу, Торғай өзендері қай уақытта болмасын мал өсіру үшін де,
егіншілік жүргізуге де пайдалы болған. Қола дәуірінің қоныстарын кішігірім
қала деп атауға да келеді (протогород – алғашқы қала үлгісі). Бұл тарихи
ескерткіштер Сарыарқаның Тағыбай бұлақ, Аюлы сияқты толып жатқан елді
мекендері маңында сақталған.
Сақалардың өз аузынан грек тарихшысы галикарнастық Геродот сақалар
атасы Тарғытай жөнінде біздің заманымызға дейін шамасы XV ғасыр
төңірегінде өмір сүрген адам. Бұл уақыт жағына Ә.Марғұлан зерттеген
археологияда «Беғазы-Дәндібай мәдениеті» деп (б.з.д XIII-X ғ.) аталатын қола
дәуір кезеңіне жақын мезгіл. Демек, Сарыарқа өңірлеріндегі Беғазы, Атасу,
Тағыбай бұлақ сияқты ескі қоныс орындары гректің тарихшысы Геродоттың
дерегіндегі сақалардың арғы атасы деп көрсетілетін Тарғытай заманына
қатысты жәдігерлер санатында.
Айнакөл балқыту орталығы Жезқазған руднигінің жанында орналасқан.
Оның мәдени құрылымы Милықұдыққа өте ұқсас. Милықұдық
нысанындағыдай қазба жұмыстары балқыту пештерінің қалдықтарын,
шеберханалар, жиналған күл үйінділерін,
ұсақталған кендерді, шұңқыр
қоймаларды, кеніш құдықтарын кірпішпен салынған, ертедегі су қоймаларын
185
тоғандар қалдықтарын анықтады. Балқыту пешінің жанында металл
балқытатын ыдыстың қалдықтары, түтікшелердің жоғарғы қабатындағы
қатқан күлмен, әртүрлі көлемдегі мыс құймалары және өндірістің қоқыс
қалдықтары табылды. Айнакөлде екі мәдени қабаттанудың: қола мен
ортағасырлар дәуірлерінің қазандықты қышпен үлкен көлемде толық жауып
тұрды.
Жезқазғандағы үшінші балқыту орталығы – Сорқұдық 1945 жылы
А.В.Кузнецов пен Н.В.Валукинский зерттеді. А.В.Кузнецов пен
Н.В.Валукинский айтуы бойынша Айнакөлмен Милықұдыққа ұқсас. Бұл
ежелгі металлургия индустриясының үш ошақтың
бір уақытта дамығаның
айтты [12].
Ежелгі Сорқұдық металлургиясының қонысы Милықұдықтың
солтүстігіне қарай 15 км қашықтықта орналасқан. Бұл үш орындағы ағыс
суқоймасы құбырымен бөлінген, онда су қорлары сақталады. Сорқұдық
қонысының қалдықтары шұңқырлар ойықтармен қоршалған, олар солтүстік
бөлік аумағының жазық ағыстарының арасында орналасқан. Диаметрі 6-7 м,
тереңдігі 1,2 м шұңқырдың түбінде үлкен құм тақтайшалар табылған, олардың
қабырғалары тұрғын үй үшін қапталған. Сонымен тұрғын үй іздерімен
қатар шеберханалар қалдығы, 8 мыс балқыту пеші, ұсақталған кен үйіндісі,
жиналған күлдер табылған. Сорқұдық қонысында табылған құрал-жабдықтар
толығымен қола дәуіріне жататынын білдіреді.
Бетпақдала шөлінің алқабында орналасқан
Сарысу өзенінің бассейні
осы уақытқа дейін әлі сарқылмаған, өзінің бай мыс орындарымен және
полиметалдық темір-марганец кендерімен ерекшеленеді. Айрықша кен
орындары – Жезқазған, Успен (Нілді), Спаск Сарысу өзені бассейнде
орналасқан. Бұл жерде ежелгі кен өнімдерінің – Тастыбұлақ, Бесшоқы,
Қазансынған, Кеңтөбе, Жамантас, Тасқора, Өгізтау,
Атығай қалайы қазған
жерлерінде көп сақталынған. Сарысу және Атасу өзендерінің жазығында
орналасқан бұл кен орындары қола дәуірінде балқыту орталығының шикізат
базасы болды.
Бұлақ термині арқылы құралған микрогидронимиялық аймақтық
атаулардың біразына қатысты жоғарыда ақпар берілді. Бұлақтар мен
бастаулардың түрлі сипаттарын т
ӛ
менде берілген атаулардан да байқауымызға
болады: Айнабұлақ, Көкбұлақ,
Қосбұлақ, Ниязбұлақ, Үлкенбұлақ,
Нұраның басы Наршөккен Қосағаш дейміз. Таулар жотасы осы арадан бір
100 шақырым болады. Қайнары Ақбастау деген жерден басталады. Алтынсу
бойымен. Нұра бұлақтан басталады. Қорғалжын көліне құйғанша айналып
келіп, мына Шешенқараның арғы жағында Сиыртөбе деген төбе бар, сол
төбеден оңға бұрылады да, Балқашқа қарай бет алады.
Достарыңызбен бөлісу: