Қарағанды облысы топонимдері Нұр-Сұлтан, 2020 Т. Аршабеков



Pdf көрінісі
бет96/182
Дата04.11.2023
өлшемі7,57 Mb.
#189322
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   182
ЖИДЕЛІҚҰДЫҚ
– 
құдық, 
Жаңаар. ауд. 
Жиде 
(зат есім) + сын есім 
жұрнағы 
-лі 
және 
құдық 
(зат есім) сөздерінің бірігуі арқылы жасалған 
атау. Мағынасы: «айналасында жиде өскен, жидесі бар жердегі кұдық».
КЕЛТЕТАЛ 
– 
қыстақ
, Жаңаар. ауд. Ақтүбек с/о, 
төбе,
Жаманадыр


180
тауының оңт.-батысында, Қосылықты тауының солт.-батысында, 
өзен,
Жаманадыр тауының оңт.-батысынан бастау алады да, Қосылықты тауының 
оңт.-батысындағы сортаңдарда жоғалады. Атауы аласа бойлы ағаш-
бұталардың көп болуына байланысты қойылған.
КӨҢ
– 
қыстақ, 
Жаңаар. ауд. Зат есімнен жасалған атау. Ескі қыстауды 
көң 
деп те атайды, содан қойылған атау.
ҚАБЫРҒАҚҰДЫҚ
– 
құдық,
Жаңаар. ауд. Түгіскен с/о. Қоңыртөбе 
тауының солт.-шығысында, Кенжебай-Самай ауылының оңт.-батысында. 
Қабырға 
(зат есім) + құдық
 
(зат есім) сөздерінің бірігуінен жасалған атау. 
Мағынасы толық зерттелмеген.
ҚАНДЫҚҰДЫҚ
– 
құдық, 
Жаңаар. ауд.-да. 
Қанды 
(туынды сын есім) 

құдық 
(зат есім) сөздерінін бірігуінен жасалған атау. Топонимдік мағынасы: 
«құдық басында болған қанды оқиғаға байланысты қойылған».
ҚАРАҚОҒАБҰЛАҚ
– 
құдық, 
Жаңаар. ауд. 
Қара 
(сын есім)
, қоға 
(зат 
есім)
, бұлақ 
(зат есім) сөздерінің бірігуінен жасалған атау. Топонимдік 
мағынасы: «қалың қоға» ішіндегі бұлақ».
ҚАСҚЫРҚҰДЫҚ
– 
құдық, 
Жаңаар.ауд. 
Қасқыр 
(зат 
есім), құдық 
(зат есім) сөздерінің бірігуінен жасалған атау. Құдықтың иесі – Сайдалы 
Қабай руының Қасқыр есімді адамының атына байланысты койылған.
МҰЗҚАҚҚАН
– 
құдық, 
Жаңаар. ауд. 
Мұз 
(зат есім), 
қаққан 
(етістіктің 
есімше тұлғасы) сөздерінің бірігуінен жасалған топоним. 
МЫҢҚАУҒА
– 
құдық, 
Жаңаар. ауд. Екі компоненттен кұралған 
топоним. 
Мың 
(сан есім), 
қауға 
(зат есім) сөздерінен жасалған атау, 
топонимдік мағынасы: «мың қауғалық суы бар құдық».
ТЕЛЖАН
– 
қыстақ, көне ескерткіштер тобы.
Антропоним. Бұл жерді 
Тұңғатар руының байы Телжан жайлаған. Қола дәуірінің зираттары табылған 
жер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   182




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет