182
алынады. Ірі кен орны саналатын Жәйрем полиметалл кенінің рудасын ашық
әдіспен өндіруге болады. Барланған марганец кенінің қоры 1 млрд тоннаға
жуық. Қазір кәсіпорынның құрамында Қиыр Батыс, Батыс, Үшқатын кеніштері
жұмыс істейді. Бұларда өндірілетін кеннің жылдық қоры 2 млн тонна, соның
ішінде 300 мың тонна марганец кені бар. Кен базасы жылына 6 млн тоннаға
дейін полиметалл кенін өңдейтін қуатты ұқсату кешенін салуға мүмкіндік
береді.
ЖОМАРТ МАРГАНЕЦ КЕНІ
– Жаңаарқа жерінде Қызылжар теміржол
стансасынан оңтүстік-шығысқа қарай 45 км жерде орналасқан марганец
кен
орыны.
1932 ж. ашылған. Кеннің марганец және темір рудалары төменгі тас
көмір дәуірінің қатпарланған кремнийлі әктастарында орналасқан. Үш рудалы
горизонттың төменгі мен жоғарғысында марганец, ал ортаңғысында темір
рудасы бар. Негізгі руда минералдары: браунит, гаусманит, аздап родохрозит,
мангонокальцит, мангоносидерит. Үгілу қыртысының шекарасындағы
марганецті тотыққан рудалар құрамында псиломелан, аздап пиролюзит,
вернадит, манганит бар. Марганецті бастапқы рудаларда 15-47% (орта есеппен
20-22%), тотыққан рудаларда 50%-дай (орта есеппен 30-35%) марганец
кездеседі. Марганец рудасының жалпы қоры шамамен 5 млн 245 мың тонна.
Достарыңызбен бөлісу: