Қарағанды облысы топонимдері Нұр-Сұлтан, 2020 Т. Аршабеков


Қызылту  – Сарағаш ауданындағы солт.-батысқа қарай орналасқан ауыл,  екі компоненттен құралған – қызыл және ту. Ақата



Pdf көрінісі
бет108/182
Дата04.11.2023
өлшемі7,57 Mb.
#189322
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   182
Қызылту 
– Сарағаш ауданындағы солт.-батысқа қарай орналасқан ауыл, 
екі компоненттен құралған – қызыл және ту.
Ақата
– ауыл, Сарағаш қалалсының солт шығысқа қарай орналасқан 11 
км жерде кісі есімімен байланысты.
САРЫБИЕ 

 
өзен. 
Жаңаарқа ауданы жерімен ағады. Көктас өзенінің 
алабында. Ақжол қыратының оңтүстік беткейінен ағып шығатын бұлақтар 
суының қосылуынан түзіліп, Көктас өзеніне сол жағынан құяды. Ұзындығы 
35 км. Жағасы жайдақ, арнасы біршама ирелең. Көктемгі еріген қар және 
жерасты суларымен толысады. Сәуірде тасиды, жаздың ыстық айларында 
жеке қарасуларға бөлініп қалады. Өзен алабы шөбі шүйгін жайылымдық 
болып табылады.
 
Атауы 
сары 
(сын есім)
 
және
 бие 
(зат есім) сөздерінің бірігуі 
арқылы жасалған.
САРЫӨЗЕН 
– 
өзен,
Жаңаар. ауд. Мыңшұқыр тауының оңт.-батысынан 
бастау алып, Қабыршақты көліне солтүстіктен құяды, 
тұз.
өзен,
Бектау 
тауының оңт.-шығысынан бастау алып, Қуақ төбенің солт.-шығысындағы 
сортаңдарда жоғалады.
 Сары
(сын есім) + 
өзен
(зат есім) сөздерінен құралған. 
 
Суы лайсаң болғандықтан қойылған атау.
Қыстаулар
Ежелгі заманда қазақтармен жалғастырылған жерді ұғымды пайдалану 
дәстүрі қалыптасқан. Сонда жер аймақтарға бөлінген: қыстау, қыстақ (қысқы 
қоныс), жайлау (жазғы тұрақтар), күзеу (күзгі тұрақтар).
11
Қазақтар қыстауда 
қазаннан бастап сәуірге дейін, ал жайлауда – мамыр-шілде, күзеуде – тамыз-
қыркүйек айларында қоныстанған.
Қыстау үшін жер таңдау кезінде, ежелгі замандағы сияқты, далалықтар 
басым желдерден қорғайтын төмпешікті жайылымдықтарды таңдай отырып, 
елді мекеннің топографиясын ұтымды пайдаланған. Қыстау етіп таңдалынған 
жерлердің табиғат байлығы орыс ғалымдарымен де айтылған. Тау-далалы 
ландшафт қыстау үшін анағұрлым оңтайлы жерлер болған. Таулы аймақтар 
далалықтардың өздерін және олардың малдарын қатты аяздар мен борандардан 
қорғаған.
XIX ғасырдың ортасында жартылай көшпелі шаруашылықтарды 
зерттеген П.Медведевский мынаны байқаған: қоныс орнату үшін далалықтар 
желден корғалған жерлерді іздеген, отынды және мал үшін мол жем-шөп алу 
үшін қыстаулардың жанында ыңғайлы су айдындары болуы керек. «Киргизские 
землянки разбросаны по степи по одиночке, или по нескольку вместе; в обоих 
случаях, – деп жазды П.Медведский, – поселение носит название аул. В ауле от 
2 до 8 жилищ». «Выбирая местность, защищенную от ветров, казах имеет в виду 


194
не столько личные удобства, сколько удобства для скота».
12
Басқа автор: «Каждый 
кыстау с обособленным участками, с пастбищами, сенокосными угодьями и 
колодцами считался собственностью владельцев кыстау».
13
Қыстау (қыстақ) – қоршауы болған қысқы қоныстың атауы. «Границы 
каждой зимовки обозначаются обыкновенно природными знаками, как то: речкой, 
озером, лощиной, горкой; если же для определения границ не представляется 
природных удобств, тогда ставится большой камень или другие [знаки] 
замечательные предметы, которые, конечно, каждому из киргиз хорошо известны. 
Границы зимовок были издавна распределены»,
14
– деп белгісіз автор жазған. 
Қоршаудың ең қарапайым түрі – ішінде мал қамайтын қашасы бар қамыстан, 
саз балшықтан, шарбақтан шеңбер немесе төртбұрыш етіп жасалған қоршау.
Қыстау жанындағы қарапайым қорымдар ежелгі орта ғасырда «аула» 
деп аталды. Ауланың ішінде киіз үй, шошала орналасқан, кең ашық алаңда 
табын тұрған. Қыстаудың жоспары үнемі бір мақсатты көздеген – басты 
байлық ретінде қоғамдық табынды қорғау болған. Ауланың қорымы домалақ, 
сопақ, кейде тік бұрышты пішінді болған, қыстаудың кіре берісі оңтүстікке 
немесе оңтүстік-шығысқа қарап тұрған. Орта ғасырлық аула қорымының 
конфигурациясын сырт пішінін Қазақстанның көптеген аударында сақталған 
ойпандар береді.
Осындай ойпандар Қаратау тау алдындағы Күлтөбеде, Сырдария 
бассейнінде, Жетісуда, Ұлытау тауының төңірегінде (Нөгербек-Дарасы, 
Қаратон, Орда-қонғай), Сарысу, Есіл, Нұра өзендерінің айдындарында, 
Қарқаралы және Баянауыл таула-рында байқалады. Бұны XIX ғасырда 
Қазақстан аумағында топографиялық түсірілім жүргізген орыс кен инженерлері 
де байқаған. Осы жайлы жазбалар Н.П.Рычковтың, И.Германның, 
И.П.Шангиннің, С.Б.Броневскийдің, Нифантьевтің және т.б. күнделіктерінде 
кездеседі. Жайлаудан-жайлауға көшіп-қону барысында әр ауыл жыл сайын 
өткен жылы өздері болған жерлерге қайта орналасқан.
16 
Ескі, көп жылдық 
тұрақтарды қазақтар «ескі жұрт» деп атаған. «Жұрт» деген сөзінің мағынасы 
– бір орында көптеген адамдардың жиналуы, оның негізгі ұғымы – халық,
қоғам. Жазғы тұрақ киіз үйдің ізі туған елді, туған жерді білдірген нышан. Бұл 
сөздің заңды мағынасы да бар, бұрын болған жерде ізі сақталған орынды иемдену, 
яғни жұрт – бұл жазғы тұрақ үшін орнықты орын. Орта ғасырларда әр бек-
феодалдың өзінің киіз үйі (жұрты) болған. Туыстық қатынасы бар бірнеше 
ауыл орналасқан жер, басқа ешкімнің құкығы жоқ ұжымның меншігі болған.
Орта ғасырлық нығайтылған қоныс-қыстаудың топографиясы жөнінде 
қызықты мәліметтерді Орталық Қазақстанда жұмыс істеген генерал
С.Б.Броневскийдің жазбаларынан, «окружных приказов», (1822-1830 ж.) 
байқаймыз. Оның жазбаларында мынадай жазулар бар: «В окрестностях 
Каркаралинских гор и на равнинах у реки Нура много каменных укреплений 


195
в виде эллипса; они суть болыпие и малые, но фигурно одни другим 
совершенно подобны. Все они развалились до основания. При входе у стен 
были по две крупные башни, на середине двора были врыты толстые каменные 
плиты для стрельбы из-за оных».
18
Бұл жерде «қамал» жөнінде сөз болып отыр. 
Броневский, басқа да авторлар сияқты қазақтардың атауымен олардың пайда 
болуын қалмақтармен байланыстырады.
19
Шын мәнінде бұл құрылымдар 
қалмақтарға дейін пайда болған. Бекініс қоршау- қамалдардың пайда болуы 
қалмақтардың тарихымен байланысты емес, олар қалмақтардан бұрын ерте 
пайда болған. Жартылай отырықшы қыстаулар орта ғасырларда аула және 
қора (қура) деп атала бастайды. Бұл кезде аула сөзінің мағынасы кеңейгені 
байқалады, оның ұғымы қорымнан қыстауға дейінгі аралық дегенді білдіреді. 
Олардың арасындағы айырмашылық мынада, аулаға киіз үйлер, арбалар, 
шошалалар ғана емес, сондай-ақ мал қамайтын қаша сыйған, сондықтан 
қорадан қарағанда ауланың көлемі үлкен болды.
«Қора» сөзі «аула» сөзі сияқты қорғау мағынасын береді. «Қора» сөзінің 
қорымның қарапайым түрі «қоршау» және қорғаныс қабырғасы бар қамал - 
«қорған» сөзінің түбірі бір.
Орталық және Солтүстік Қазақстанда ауа-райы қатты аймақтарда 
қорымдар, бұрынғы замандағы сияқты тастан, шикі кірпіштен немесе шымнан 
тұрғызылған. Қарқаралының жанындағы алып қорым туралы М.Красовский 
былай жазды: «К югу от селения тянется стена довольно значительной высоты, 
в иных местах около 5 аршин и толщиной 2 аршина. Отсутствие башен и 
пристроек, огромное пространство, занимаемое стеной, указывает на то, что 
внутрь огороженной площади сгонялся скот».
23
Тас қорымдар кей жерлерде 
бүкіл қойнау арқылы бір жартастан екінші жартасқа өткен. Кейбір ғалымдар 
осы тас үйінділерінің адам қолының ісі екендігіне күмән келтіреді. Осындай 
қорымдар жабайы аң аулау кезінде оны қамау үшін жасалған деген пікір бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   182




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет