Жануарлармен байланысты топонимдер (зоонимдер)
Қазақтардың шаруашылығында ең бастысы мал шаруашылығы болғаны
белгілі. Мал шаруашылығымен айналысқан қазақтар таулы, далалы өңірде
қой, жылқы, түйе, сиыр өсірді. Бұл төрт түлік мал жылдың төрт маусымында
табиғи жайылымдарда бағылды. Мұның өзі кең өріс-қоныс болуын, шөптің
майсалығымен, судың тұнығын таңдап, көшіп-қонуды талап етті. Талай
ғасырлық тәжірибеден туындаған олар шаруашылықтың басқару тәсілі
жайылымдарды маусымға қарай пайдалану тәртібін қалыптастырды. Тозған
198
жайылым, өрістерді әр мезгіл сайын ауыстыру, әртүрлі мал шаруашылығы
түрлерін дамыту қазіргі экологиялық сипат негізінде қалыптасқанын
көрсетеді. Көшпелі малшаруашылығымен шұғылдануға байланысты қоныс,
жайлау, қыстау, күздеу құдық, қора, қотан, қос, ашық және т.б. атауларды
білдіретін топонимдер пайда болды.
Орталық Қазақстан аймағы топонимикасында бірқатар терминдер осы
атаулармен байланысты берілген. Тау алды жазықтықтары мен биік жазықтар
аттарында «дала» термині жиі кездеседі (Бетпақдала, Жусандала, Қоңырдала,
Ақдала, Кеңдала). Бұл заңдылықты халықтың тау мен жазықтықтың
арасындағы жер бедерінің айырмашылықтарын нақты көрсету мақсаты
көзделуімен түсіндіреміз. Оронимдердегі түсті білдіретін атаулар көп
жағдайда тау жыныстарының түсімен тікелей байланысты болып келеді,
мәселен: «қоңыр» термині жайылымдық жерлердің сипатын анықтауда
маңызы зор. Ол ландшафтық термин ретінде жер аттарының құрамында
жергілікті жердің табиғат ерекшелігінен хабар береді. Яғни «қоңыр» термині
қолайлы жайылымдық жерлер туралы мәлімет береді (Қоңырат, Қоңырсу,
Жетіқоңыр, Қоңырадыр). Мал шаруашылығын жүргізу тәжірибесі ұрпақтан
ұрпаққа жеткізу жергілікті табиғат ерекшеліктерін ескеру, ортаға бейімделу
тұрғысы, географиялық жағдайлар, табиғатты тиімді пайдалану жүйесі,
мал шаруашылығының көшпенді сипаты, маусымдық көші-қон жергілікті
топонимдерден маңызды орынды алады. Жаз кезегіндегі жайылымдық
терминдерге шұбар, көкорай, саз, жон, боз, теріскей, жазық тіркестері
берілген. Осыған орай Ақтоғай ауданы жерінде Шұбарөзек, Шұбар, Шұбартау,
Ақжарық, Жырық, Жарық, Саз, Майтас, Қойтас, Айыртас Ақсай, Бозащы
елді мекендерімен жекелеген табиғи-географиялық нысаналардың аталуы
да осы тарихи-табиғи факторларға байланысты қалыптасқан болу керек.
Қазақстандағы ірі нысаналық топонимдердің ішінде енді бір көп кездесетін
атаулардың қатарына жануарларға байланысты топонимдерді жатқызады.
Олардың ішінде жабайы жануарлар да, қолда өсетін үй жануарлары да енеді.
Орталық Қазақстан топонимдерінде жануарларға байланысты атаулардың көп
кездесуі кездейсоқ нәрсе емес. Өйткені осы өңірді мекендеген ерте замандағы
адамдардың жануарлардың етімен және жануар өнім түрлерімен күн көрудің
көзі болатындығын дәлелдейтін құралы ретіндегі құбылыс – халқымыздағы
аңшылық шеберлік. Қазақстанда қазақтардың тұрмыс-тіршілігінде аңшылық
шеберлікке мамандану ұзақ уақыт бойы сақталды және атадан балаға берілетін
кәсіптің негізгі түрлерінің бірі болып қалыптасты.
Аңшылық кейін күн көрудің негізгі түрі болмай, салт-дәстүріміздің басты
өзегіне де айналып кетті. Рас, Қазан төңкерісіне дейін тек аңшылықпен күн
көретін жекелеген адамдар да болғаны белгілі[3]. Жануарларға байланысты
қойылған атаулардың ішінде жабайы жануарларға байланысты қойылған ірі
199
нысаналық топонимдерден мынадай атауларды кездестіруге болады: Арқарлы
(тау жүйесі, Ақоғай ауданында), Балықтыкөл (елді мекен , Нұра ауданында),
Жыланды (тау, Ақтоғай ауданында), Киікті (станса, Шетауданында), Қарсақбай
(жұмысшы елді мекені , Ұлытау ауданында).
Қазақстан топонимиясының негізгі ерекшеліктерінің бірі – географиялық
атауларда ландшафтың, өсімдік және аң, жануарлардың көрінісі сипаттама
алатындығы. Топонимдер құрамындағы аң, жануар, құс атаулары Қазақстанда
аңдардың кейбір түрлері кең тарағандығын және солардың аңшылық маңызы
болғандығын аңғартады. Белгілі совет зоологы А.Н.Формозов Қазақстан
картасында аңдарға байланысты атаулар бар екендігін айта отырып, аңдардың
және аңшылықтың халық өмірінде атқарған үлкен мән-мағынасын атап
өтеді. Ғ.К.Қоңқашпаевтің пікірінше көшпенділердің күнкөрісіне жер-бедері
(релеф), ауа-райы (климат), су (гидрография), өсімдіктер және аңдар үлкен
септігін тигізген.
Ал Сарыарқа топонимдерінің құрамында төмендегідей аң, құс,
жәндіктердің аттары кездеседі: теке, арқар, қошқар, серке, борсық, ешкі,
қарсақ, жылқы, айғыр, байтал, тайлақ, қой, арыстан, аю, бұзау, айдаһар, шыбын,
сона, инелік, кене, қу, бүркіт, қаршыға, шағала, балық, шортан, сазан, бақа,
жылан, т.б. Сарыарқа жерінде бұланмен байланысты атаулар бар. Мысалы:
Бұланты жер және төбе аты, Қарағанды облысы, жезді ауданы, Ұлытау ауданы.
Р.С.Сәтімбековтың зерттеулерін қарасақ, Қазақстан территориясының бұлан
атымен байланысты 40-тан астам топоним кездеседі екен, оны 35-і қазақ
тіліндегі, ал алтауы моңғол тілінен енген атаулар.
Ботақара-Нұра өңірінің жер атауларының бір ерекшелігі зооним атаулардың
жиі кездесуімен байланысты. Мысалы, Аюлы тауы кәдімгі жыртқыш аң – аю
атымен байланысты. Біздің заманда бұл арада жабайы аюлар болмағанымен,
ертеде аю бұл жерде болған. Қасқыр, бөрі, түлкі, қарсақ бүгін де бар. Аюлы –
тау. Биіктігі 812 м және Белағаш ауылының сыртында тұрған тау аты. Аюлы
таулар жүйесі. Арқада бірнеше Аюлы атауы кездеседі. Үлкен Аюлы, Кіші
Аюлы – таулар. Енді бір зооним – бұғы атымен байланысты. Семізбұғы –
тау, елді мекен. Бұл көне топоним семіз бұғы көне түрік тілдеріне тән атау.
Семізбұғы атты шөптің түрі де бар.
Бұғылы, Бұғы деген бұғымен байланысты атаулар Сарыарқада жиі
кездеседі. Бұндай атаудың бір түрі – Жауырбұғы (қазіргі Теміртау).
Зоонимдердің екі түрі бар. Оның бір түрі жабайы аңдарға қатысты болса
(аю, бұғы, қоян, бөрі), енді бір түрі үй жануарына, төрт түлік малға қатысты
Ботақара атауында «бота» ұғымы тұр. Семізбұғы, Жауырбұғы, Бұғылы
атаулары жабайы бұғылардың көш жолын да білдіреді.
Арқар
.
Арқар
атымен байланысты Орталық Қазақстанда
Арқарды
,
Арқарқамалған
деген тау аттары бар. Арқар таулы аймақтарды мекен етеді, сол
200
себептен жазықтарда орналасқан объектілердің атауларында арқар компоненті
кездеспейді. Топонимистер (Ғ.Қ.Қоңқашбаев, А.Әбдірахманов) Арқарлы атты
топонимдер қатарына
Арғанаты
атауын да жатқызады.
Арғанаты
атты таулар
Тарбағатай, Ұлытау, Талдықорған облыстарында орналасқан.
Құлан.
Құландар, әдетте суы мен суаты бар, кешулері бар өзендерді,
қақтарды, құдықтарды т.б. аласа тау, шоқылардың маңын немесе далаңқай
жерлерді мекендейді.
Сарыарқа топонимикасында бұғы
атына байланысты атаулар кездеседі.
Семізбұғы – тау, Ульянов ауданы, Қарағанды облысы, Бұғылы – тау, Шет
ауданы, Қарағанды облысы, Бұғылы – тау Қызылтас тауларының солтүстік
батысында, Қарағанды облысы. Информаторлардың айтуы бойынша, Бұғылы
тауында бұрын бұғы болған көрінеді. Бұғылы, Тағылы – Қатар орналасқан тау
аттары, Қарағанды облысы шет ауданы.
Сарыарқа топонимикасында Киік атты атаулар да сол жерде киік
мекендегенін көрсетеді. Мысалы: Қарағанды облысында: Киіктау – биіктігі
612,3 м, Приозер ауданы, Киік – станция, Ақадыр ауданы, Киікбай – тау, биіктігі
554,8 м, Приозер ауданы, Киікбай – тау, биіктігі 897,2 м. Ақадыр ауданы,
Киікбай-тау, биіктігі 410,9 м, Киікбай – (тоған) – мекен аты, Қаракеңгір бойы,
Киікбай – сай, Ұлытау ауданы, Киіксубұлақ – Ақадыр ауданы, Киіктау – тау,
биіктігі 658,8 м Жаңаарқа ауданында т.б. атаулар.
Сарыарқа территориясында кездесетін үй жануарларына байланысты
топонимдерді бір бөлек семантикалық топқа жатқызуға болады. Осы топқа
Айғырұшқан, Бұзаутөбе, Ешкіөлмес, Ешкіқырылған, Қаратүйе, түйетас,
Түйешөккен, Итауыз сияқты географиялық атаулар кіреді.
Сарыарқа топонимикасында құс атауларына байланысты жер аттары да
бар. Мысалы, Қарағанды облысында: Қаршығалы – өзен, Ақтоғай ауданы,
Қулы – тау, биіктігі 537,5 м, Жаңаарқа ауданы, Бүркітті – тау, Бұғыылы
тауларында, Бүркітті ауыл округі, Бүркіт – тау, биіктігі 1187 м , Шет ауданы,
Бүркітті – өзен, Ақадыр ауданы, Бүркітті – тау, биіктігі 710,7 м, Жаңаарқа
ауданы, Бүркітті – тау, биіктігі 487,2 м Ақадыр аданы, Журавлиное – көлі,
Макин ауданы, Ақмола облысы, Қаршығалы ауыл округ, Қарқаралы ауданы,
Қарағанды облысы, Бүркітті – тау, биіктігі 506 м. Павлодар облысында:
Лебяжье – село, аудан орталығы, Утиное – көл.
Достарыңызбен бөлісу: |