201
ала құнанға байланысты оқиға болуына байланысты.
Аққу
–
Павлодар облысының Лебьяжі ауданындағы ауыл, пристань, аудан
орталығы. 1966 жылға дейін «Лебьяже» деп аталған. Павлодар облысының
оңтүстік-шығысында, Ертіс өзенінің оң жағалауында, Павлодар-Семей
автомобиль жолының бойында орналасқан. Іргесі 1744 жылы қаланды. Атауы
Аққулыға ( Лебьяже) байланысты қойылған.
Ақтүлкі
–
өзен, Приозерный ауданында. Түлкісі мол, түлкісі көп деген
мағынаны білдіреді.
Ақтайлақ
– село, Бидайық селосына қарайды.Жаңаор ауданы, Ұлытау
ауданы маңындағы тау, биіктігі 960,2 м.
Ақ сұңқар
– тау, биіктігі 1110,1 м, елді мекен Жаңаор ауданында. Осы
тауда әуел баста ақ түсті сұңқарлар мекендеуіне байланысты.
Ақсу
-
Аюлы
– елді мекен, аудан орталығы. Шерубай - Нұра өзенінің
солтүстік жағында, шет аудан. Мағынасы «аю көп Ақсу» дегенді білдіреді.
Арыстантау
–
тау, биіктігі 539,0 м, Ұлытау ауданында, Жыланшық
өзенінің оңтүстігінде. Арыстан ( зат есім) + тау ( зат есім) сөздерінің бірігуінен
жасалған атау. Тауды арыстанға ұқсатумен немесе сол тауда ерте замандарда
арыстанның мекендеуімен байланысты қойылған атау.
Арқар
–
арқар атымен байланысты Орталық Қазақстанға (Жезқазған
облысы), Арқарды (Ақтоғай ауданы), Арқарқамалған (Шет ауданы) деген тау
аттары бар. Арқар таулы аймақтарды мекен етеді. Сол себепті жазықтарда
орналасқан обьектілердің ( өзендер, көлдер т.б.) атауларында арқар компоненті
көп кездеспейді.
Атбасар
– қала аты, (Целиноград облысы). Қазақша зат есім
ат
және
басар
есімшесінен құралған. Мал жәрмеңкесі және топтап жылқы айдайтын
торап болуымен байланысты сіңіскен атау.
Атбасы
–
тау, төбелер аты. Кейбір елеулі жорамалдар бойынша «жабайы
жылқы өріс алған тұстан бірі келе жатқан» атау болуға тиіс. Құланбасы,
Құлжабасы және қырғызша Атбашы топонимдерімен салыстырыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: