Қарағанды облысы топонимдері Нұр-Сұлтан, 2020 Т. Аршабеков


Қарағанды облысы топонимиялық жүйесінің қалыптасуының



Pdf көрінісі
бет115/182
Дата04.11.2023
өлшемі7,57 Mb.
#189322
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   182
Қарағанды облысы топонимиялық жүйесінің қалыптасуының 
физикалық‑географиялық тарихи алғышарт
Геология карта қазақ жерінің геологиялық құрылысы аса күрделі 
екенін байқатады. Жекелеген физико-географиялық аймақтары әр түрлі 
дәуірде, тектоникалық көтерілулер нәтижелерінде пайда болған. Сондықтан 
әрқайсының өзіндік геологиялық құрылысының ерекшеліктері бар. Ботақара-
Нұра өңірінің геологиялық шекарасы палеозой қатпарлығының шөгінді және 
жанартаулардың атқылауынан пайда болған тобына жатады.
Ерте палеозой (кембрий, жоғары силур) кезеңінің жыныстарына негізінен 
әр түрлі әктастар, құмтастар, сазды тақтатастар жатады. Сонымен бірге 
орта палеозой кезеңінің (жоғары силур, девон, ерте карбон) жыныстары да 
кездеседі. Өзінің литологиялық құрамына қарай орта палеозой кезеңінің 
жиынтықтары әр түрлі болып келеді. 
Біздегі сөз мәдениетінің бір тарамы – жер-су атаулары. Жер болған соң 
жердің барлығы жазық бола бермейтіні белгілі. Өзінің табиғи, геологиялық 
қалыптасуына орай жер бедері әртүрлі болады. Соның сипатына қарай 
адамның мал өсіру, егін салу сияқты басты шаруашылығын жүргізуіне орай 
жер аты да қалыптасатын болған. 
Дөңес біткен жердің атаулары өз алдына үстірт, қырқа, тау, төбе, адыр, 
қырат, бұйрат, шоқы, аттарын қамтыса, ой жерлер – ойқыл, сай, жар болып 
келеді. Су атаулары – ақ бастау, бұлақ, өзен, арық, батпақ, сор, қақ, көл, 
теңіз аттарынан құралады. Қазақ халқы бітімі биік, аласа біткен жерлердің 
сипатын білдіретін – жар, аңғар, шатқал, жал, сай, өзек сияқты ұғымдар көп. 
Соны тіл ғылымында ономастика, топонимика деп атап, жер-су атауларын 
көбінесе оның этимологиялық қалыптасу жағынан қарастырады. Сондай-ақ, 
топонимика ғылым саласы ретінде өз орнын этнография, география, тарих 
ғылымының зерттеулері түйісетін жерінен де табады.
А.Жартыбаев белгілі бір этникалық топонимиялық аймақты зерттеу 
нысаны ретінде Орталық Қазақстан өңірі топонимиялық жүйесін алып отыр. 
Зерттеушінің пікірінше, аймақтық топонимияның қайталанбас өзіндік тілдік 
келбетін, жүйесін жасауда сол өңірдің тарихи тағдыры, физика-географиялық 
(ландшафттық) өзгешелігі, көптеген саяси-әлеуметтік, этносаяси және 
этнографиялық жағдайлары, этногенездік, этногенетикалық байланыстары 
мен тоғысуларының, шаруашылық және экономикалық факторларының 
үлкен ролі мен маңызы бар.
121
[3,5 б.]
«Арқа» терминінің Қазақстандағы ең ірі орографиялық нысаны Сарыарқа 
атауының құрамында кездесуі, халық Бұл жерді ежелден «Арқа» деп атауы 
121
Жартыбаев А.Е. Орталық Қазақстан топонимиясының тарихи-лингвистикалық, этимологиялық 
және этномәдени негіздері: филол. ғылым. докт...автореф.:10.02.06. – Алматы, 2006. – 44 б.


205
зерттеушілер тарапынын қызығушылық тудырған. Құрбанғали Халид Арқа 
атауының шығу тегі жөнінде былай дейді . «Арқа» деп жануардың мүшесінің 
үстіңгі бөлігін атайды, сондай-ақ жердің жоғарғы жерін де қазақтар «арқа» деп 
көрсетіп түсініктемелік сипаттама берген. Шындығында да, «арқа» терминіне 
қатысты әр түрлі пікірлерді кездестіруге болады. Солтүстік қырғыздар 
диалектісінде арқа «солтүстік» деген мағынаны берсе, оңтүстік қазақтары 
«ту сыртында тұр», немесе «арқасында тұр», деген тіркеспен алмастыру жиі 
кездеседі. Монғол тілінде «ар» термині «солтүстік» деген мағынаны білдіреді.
Осы деректердің негізінде арқаның «солтүстік жақ» деген ұғымға ие болуын 
түркі-монғол халықтарындағы оңтүстікке қарап бағдарлаудың салдары деп 
қорытынды жасауға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   182




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет