202
тау Қалбатауының бір бөлігі.
Ғ.Қоңқашбаев Қандағатай тау атты моңғолдың қандаға (бұғы) сөзінен
қойылған дейді. А. Әбдірахманов Қандағатай орониміндегі -
тай
қандағайдың
( бұғының ) бар екендігін білдіретін моңғол тіліндегі көне жұрнақ деп қарайды.
Бұланты
– өзен, Жаңаарқа ауданында, төбе, сай Жезді ауданы, Байқоңыр
өзенінің шығысында. Атау бұлан (зат есім) + ты (сын есімнің қосымшасы)
негізінде жасалған. Бұл жерде бұланның көп болуына байланысты аталған.
.
Бұлансай
-
тау, биіктігі 287,4 м,
Ұлытау ауданында, Тұяқбай қыстауының
Солтүстік жазығында. Бұлан (зат есім) «бұғы тектес ірі тұлғалы жабайы аң» +
сай (зат есім ), яғни «бұланы көп, бұлан мекендеген сай».
Бұлғынтөбе
–
дөң, Ақадыр ауданы, Ақши құдығының оңтүстік-шығыс
жағалауында. Бұл атау бұлғын (зат есім) «терісі қымбат аң» және «төбе»
(зат есім)
сөздерінің құралуымен жасалған, яғни бұл биік жерде (төбеде)
бұлғынның мекендеуіне байланысты аталған.
Бүркіт
– таулар, биіктігі 574 м. Ақтоғай ауданында тау, биіктігі 1187
м, Шет ауданында. Осы тауда бүркіттің балапандауымен немесе бүркіт
ұстауымен байланысты аталуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: