218
Ақадыр
– Сарыарқаның солтүстігінде, Балқаш қаласының солтүстік –
шығысында 40 км жере, Тоқырауын өзенінің жағасында, батыстан шығысқа
қарай 17 км – ге созылып жатыр, ені 5 км. Ең биік жері – 583 м. Беткейлері
жайдақ, түпкі жыныстары жалаңаштанып жер бетіне шығып жатыр. Ерте
ортаңғы тас көмір дәуірі гранитоид жыныстарынан түзілген. Сортаңды
сұр қоңыр топыраққа жусан, бұйырған, баялыш өседі. Оңтүстік беткейінде
бұлақтар және тұщы сулы құдықтар (Манса құдығы) бар. Күзгі,
көктемгі
жайылым.
Ақсораң
– Қызыларай тау массивінің оңтүстік бөлігінде, бүкіл
Сарыарқаның биік нүктесі. Ақтоғай ауданы жерінде,
Шылым ауылынан
шығысқа қарай 12 км-ге созылып жатыр, ені –7 км, биіктігі –1565 м.
Солтүстікке қарай еңістеу келген аласа таудан тұрады. Пермнің граниттерінен,
төменгі перм, орта тас көмір дәуірі жыныстарынан түзілген. Қаратал, Жіңішке,
Сарыөлең зеңдері басталады. Тау беткейлерінде қарағай орманы, тауаралық
аңғарлардағы қызыл қоңыр топырақта қайың, көктерек, тал, арша, қараған,
ойпаңдау жерінде тобылғы, астық тұқымдасты әр түрлі шөпті шалғы өседі.
Таудың табиғи көркі мен табиғат байлығы шаруашылық әрекеттерге көп
ұшырай қоймауы мұнда болашақта қорық ұйымдастыруға толық мүмкіндік
береді.
Ақшаадыр
–
Солтүстік Балқаш маңындағы ұсақ шоқылы тау массиві.
Солтүстік – батыстан оңтүстік – шығысқа қарай 15 км созылып жатыр, ені
– 4 км. Ең биік жері 586 м. Шатқал, сайлармен
тілімденген бірнеше ұсақ
шоқылар мен жеке тау массивтерінен (Ақшаадыр – Бесапан, 528 м) тұрады.
Силур жүйесінің жыныстаынан түзілген. Сортаңды сұр қоңыр топырақ
жамылғысында жусан, баялыш, көкпек өседі. Орталық бөлігінде тұщы сулы
Сорбақ құдығы бар, баурайы күзгі – көктемгі жайылым.
Арқарлы
– Ақтоғай ауданы жерінде, Тоқырауын өзенінің оң жағасында.
Солтүстік – батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 30 км-ге созылып жатыр, ені
8-10 км, ең биік жері – 1184 м. Сай, шатқал, қарқааралық аңғарларға бөлінген,
беткейлері бірнеше ұсақ шоқылардан тұрады. Солтүстік
және батыс тау
етектерінде көп мөлшерде қорымтас жиналған. Тас көмір жүйесінің орта
және жоғарғы бөліміндегі тау жыныстарынан түзілген. Қоңыр топырақ
жамылғысында жусан, бетеге, селеу, аңғарларда бидайықты шалғын өседі.
Бұл – жазғы, қысқы мал жайылымы.
Беғазы
– Ақтоғай ауданы жерінде, Қаратал өзенінің сол жағында, Ақтоғай
ауылынан шығысқа қарай 27 км жерде. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа
қарай 8 км-ге созылып жатыр, ені 4.5 км. Ең биік жері – 1169 м. Беткейлері
жайдақ, оңтүстік және батс бөлігі сай және аңғарлармен тілімделген, оңтүстік
беткейлерінде қорым тастар жиналған. Тас көмір жүйесінің ортаңғы бөлім
тау жыныстарынан түзілген. Қоңыр топырақ жамылғысында жусан, селеу,
219
бетеге, боз, қараған, арша, аңғаралрда астық тұқымды шалғындар өседі.
Бұлаққа бай, оңтүстік – шығыстан Шұбарөзек өзенінен басталады.
Беғазы
өңірінде көне заманда өркендеген Беғазы – Дәндібай мәдениетінің орталығы
таралған (сурет 4,5).
Бектауата
(Әулиетау) – Балқаш маңының солтүстігіндегі қос шоқылы
тау. Балқаш қаласынан солтүстікке қарай – 60 км. Ең биік жері – 1214 м.
Жоғарғы палеозойдың қызғылт гранитінен түзілген. Тау басы сүйірленіп,
тік беткейі тасты – тастақты – лавалы келеді. Кей жерінде бірен-саран бұта
өседі. Беткейаралық аңғарларындағы қоңыр топырағында қайың, терек, тал
мен қияқ аралас шалғын өседі. Арқар, елік мекендейді. Пьезооптикалық
минералдардың шағын кендері және үңгірлер кездеседі. Бектауата үңгірі
осында. Балқаш кен – металлургиялық комбинатының
демалыс орындары
бар. Бектауатаға апаратын жолдың бойына ақын Шашубай Қошқарбайұлы
жерленген.
Достарыңызбен бөлісу: