ЖИДЕЛІСАЙ
–
өзен, Сарысу өзені алабында. Молалыжал жотасының
солт. беткейінен ағып шығатын бұлақтар суының қосылуынан түзіледі,
Тегісдала мекенінен батысырақ Қаракеңгір өзеніне сол жағынан құяды. Ұз.
47 км. Жағасы жайдақ, біршама кең аңғармен ағады. Көктемгі еріген қар
суы және жер асты суымен толысады. Сәуірде суы тасиды, жаздың ыстық
айларында қарасуларға бөлініп кетеді. Өзен алабында жайылымдылық жерлер
мен қыстаулар бар.
Оронимдер
Сарыарқа жеріне тән облыстардың жер аумағы, негізінен шексіз жатқан
кең-байтақ, cap дала болғанымен оның таулы, ойлы-қырлы, жоталы аймақтары
өте мол. Сондықтан ғылыми әдебиеттерде оны қазақтың ұсақ шоқылығы деп
те атайды. Ал тұрғын халық ежелден Арқа немесе Сарыарқа атаған бұл аймақ
туралы Құрбанғали Хамиди «Таурих - и Хамса - и Ширхи» (Шығыстың бес
қаласының тарихы. Қазан, 1910 ж.) атты еңбегінде былай жазды: «Алтай мен
Оралға дейін созылып жатқан Арқаның ұзындығы 2500 шақырымнан артық
келеді де екі салаға бөлініп, Оңтүстік Арқа, Солтүстік Арқа деп аталады. Осы
аймақтағы көшіп жүрген елдің бәрі Арқа елі деген атқа ие. Осымен қатар олар
өзара тау елі және ой елі деп те аталады.
Бұл өлкедегі тау аттары (оронимдер) қойылу, пайда болуы және тілдік тегі
жағынан аса құнды да бағалы материал боп табылады. Өйткені ол атаулардың
ішінде көне замандар мен орта ғасырлық және қазіргі дәуірге тән сөздер,
лексикалық топтар бар.
Сарыарқаның шығыс және солтүстік жағындағы таулардың ең биік
саналатындары
–
Қарқаралы, Ұлытау, Баянауыл, Көкшетау, Оқжетпес,
Ереймен, Қу, Қызылтас, Қызыларай таулары. Кей жерлері ұсақ шоқылы,
төбелі, қырат, қырқалы, бел-белесті келеді.
Сарыарқаның оңтүстік батысындағы аласа таулы массивтің бірі
–
Ұлытау.
Оның ең биік таулары 1100 метрге жетеді. Олардың ішінде: Абылжол
–
биіктігі 908,9 м. Ақтоғай ауданы, Айғыршыққан
–
биіктігі 874 м. Ақадыр
ауданы, Айдаһарлы
–
биіктігі 1023 м. Шет ауданы, Айдарлы
–
биіктігі 966,3 м.
Жаңаарқа ауданы, Айыртас 963,7 м. Приозерный ауданы, Ақдоңғал
–
биіктігі
957,2 м. Ұлытау ауданы, Асқарлы
–
биіктігі 995,1м. Ақадыр ауданы, Ақсораң
–
211
биіктігі 1098 м. Ақадыр ауданы, Ақсұңқар 1110,1 м, Ақтоғай ауданы, Байелші
–
биіктігі 1091 м. Ақадыр ауданы, Бесшоқы
–
биіктігі 1109 м. Доңғал
–
биіктігі
1011,2 м. Ақтоғай ауданы, Елшін
–
биіктігі 1067 м. Приозерный ауданы т. б.
Осындай ірілі ұсақты таулар мен қыр, қырат, жоталар Қарқаралы таулары
сілемдерінде де көптеп кездеседі. Оның ең биік саналатын тауы Жиренсақал
–
1338 м, қалған жерлері тау деп аталғанымен, аласа жоталар мен төбелер.
Мәселен, Ақшоқы
–
биіктігі 579 м. Нұра ауданы, Жыланды - биіктігі 1195 м.
Нұра ауданы, Дос
–
1064 м. Егіндібұлақ ауданы, Қарасоран - 1369 м. Талды
ауданы, Қарғалы
–
1127 м. Осакаровка ауданы, Қараоба
–
929 м. Нұра ауданы,
Қаратоғанбай
–
1089 м. Талды ауданы.
Орографиялық тұрғыдағы қазақтың ұсақ шоқылы далалық аймағы
батысында – Торғай үстірті мен Тұран ойпатына дейін жетеді, шығысында
– Сауыр-Тарбағатай тау жүйелеріне қосылып, оңтүстігінде – Балқаш көлі
және Бетпақдаламен, солтүстігінде Батыс Сібір жазығымен шектеседі. Ұсақ
шоқылы қазақ аймағы міне осы тұста жатыр. Бірнеше миллион жыл бойы
жалғасқан табиғат әсерімен бір кездегі биік таулар бұзылып, аласарып, жазыққа
айналған. Ұдайы соққан жел мен жауған жаңбыр, ыстық пен суықтың, аяз бен
қардың алмасуынан таулардың тек негіздері ғана сақталған. Ағын сулар күшті
әсер еткен.
Қазақтың ұсақ шоқысы – ертедегі тас қатпарлы өлке. Жер бедері төбелі
қырқалы жазық болып келеді. Теңіз деңгейінің орташа биіктігі 300-450
м. Бұқар жырау ауданының ең биік нүктесі – Семізбұғы тауы солт.-шығыс
бөлігінде орналасқан. Ол солт.-батыстан, оңт.-шығысқа қарай 7 км, ал ені 4
км мөлшерде созылып жатыр. Бұл таудың биіктігі – 1049 м. Салыстыратын
болсақ, Баянаула тауының биігі Ақбет – 1027 м, Қызылтаудағы Әулиелі биігі
– 1057 м, Қызыларайдағы Ақсоран шыңы – 1565 м.
Геологиялық тұрғыда бұл өңір аумағында тегістелу үдерісі тоқталған жоқ.
Ұсақ шоқылар маңындағы жазықтар онша биік емес. Ежелгі тау сілемдерінің
қатты жынысты жерлерде ұсақ шоқылар қалдықтары ғана сақталған. Бұл
жердің геологиялық құрылымы герцин қатпарлығынан қалыптасқан, ұзақ
уақыт шөгу нәтижесінде уатылып, мүжіліп, тек мезозой эрасында белесті,
қыратты, ұсақ шоқылы, дөңесті жазық өңірге айналған.
Жер бедері ұсақ шоқылы болғанымен, жазық жерлері қорық жасауға, жер
өңдеуге аса қолайлы. Өлкенің көп бөлігі жазық далалы, өңірі егістік пен мал
жайылымына қолайлы. Мысалы, жазықтарда егін өсіп, ұсақ шоқылар мен
қатты тау жынысына біткен шымды жерінде мал жайылады.
Берік тау жыныстары жартас, ретсіз шашылып жатқан тас үйінділері және
қорым тас күйінде жер бетіне шығып жатады. Ұсақ шоқының полеозойдың
орта тұсынан осы уақытқа дейін жалғасып келген ұсақ континенттік даму
үдерісінің, яғни кембрийлікке дейін полеозойлық және неғұрлым мүжілуі
212
есебінен қалыптасты.
122
Ботақара-Нұра өңірінің жері каледон және герцен
құрылымдарын қамтитын Орталық Қазақстан полеозойы шығысқа қарай
бөлігінде орналасқан. Мүжілу үдерістері таулы өңірді аласа тауларға,
ерімейтін тау жыныстарынан тұратын бір-бірінен оқшауланған тау сілемдері
бар көлемді көне пенепленге айналдырды. Кайнозой-мезозой пенеплені әлсіз
эрегендік қозғалыстарды бірнеше рет басынан өткізді.
Тау жыныстарының сипаты мен жату тереңдігіне қарай шоқылықтардың
мүжілген пішіндері әртүрлі келеді. Граниттер желдің үгу қасиеті әсерінен
жерасты, тік өркешті, дөңгелек және көпшік пішінді болып, ал ұзыннан-ұзаққа
созылып жатқан құмтас, әктас және жанғыш тақтатас қабаттары қырқалы
және жонды келеді, ал қайталама кварциттерге үшкір шыңдар тән.
Аймақтың жер бедері нағыз шоқылы және биіктік белдеу бөлшек-бөліктері
байқалатын аласа таулы өлкені құрайды. Мұнда орманды дала да бар. Бұл
аймақтың негізгі бөлігі жартасты, жалды-қырқалы келген су айрықты-ұсақ
шоқылы және мүжілген жазықтан тұрады. Жер бедерінің ұзаққа созылған
геологиялық дамуының іздері бұл жерден айқын көрінеді. Бұдан 250-300 млн
жыл бұрын өткен ежелгі эрада таулардың орнында алып теңіз болғаны, оның
түбіне кейін құмдаққа, әктасқа, тақтатасқа айналған қатты заттар жинақталды.
Салыстыра алғанда, алқаптың тастары – шұғыл бұрылыстағы қия
жартастар, жіңішке тау шатқалдары, айқын дамыған қазіргі морфологиялық
эрозия және шөгінді үдерістерді көрсетеді. Жер бедерінің сипатына қарай ұсақ
шоқылы аймақ, биіктік белдеулерде байқалатын аласа таулармен араласқан
ойпаңды жазық. Орташа биіктігі 100-200 м болатын Шоқай, Нияз және
Ерементау сияқты аласа таулары кезіндегі биік таулы аймақтың қалдықтары
болып табылады.
123
Қазақ халқының ертедегі ата-бабалары, табиғатқа етене жақын, жер-
суға үнемі тамырлас өскен. Сондықтан сол ортаға қатысты атауларды тау-
жоталардың бедерін, дарқан даланың келбетін дәл бейнелеп, оның сипатына
лайық қисынмен атаған. Табиғаттағы әрбір заттарға, тау-тас, өзен-көлдерге
берілген атаулар ұрпақ үшін – үлгі, ұлттық тілдің сарқылмас қазынасы. Бұқар
жырау ауданының тарихи тұрғыда өзіндік қалыптасқан жер-су атауларының
жүйесі бар. Дәстүрлі жер-су атаулары жер сипаты, оның географиялық
ерекшеліктері туралы мағыналарды қамтиды.
Ақтоғай ауданының жер бедері Сарыарқаның оңтүстік-шығыс бөлігін
құрайды. Бұл каледон мен герцен геологиялық дәуірлері кезеңдеріндегі жер
бедері құрылудың интенсивті үрдістері нәтижесінсінде түзелген қуатты таулы
жүйелердің қалдығы.
122
«2000-2007 жылдардағы Қарағанды облысының ауыл-шаруашылығы» Статистикалық жинақ.
Қарағанды.2008-138 б.
123
Ахметов А. Аудан келбеті // «Орталық Қазақстан». 9 қазан. 2008.
213
Жер бедері ұзақ уақыт бойы әртүрлі геологиялық, үгілу және эррозия
үрдістерінің әсерінен тегістеліп, қазіргі келбеті – ұсақ шоқыларға айналған. Тау
жыныстары біршама бұзылып, қыраттар мен таулы массивтер жұмырланып,
немесе тегістеліп жер бедерінің қазіргі түзілімдер қабаты қалыптасты. Жер
бедерінің көп бөлігі палезой жыныстарының, әсіресе силур, девон және
карбон конгломераттарынан, метаморфтанған тақтатастардан, кварциттерден,
әктастар мен құмтастардан, сонымен қатар сазды тақта тастардан, қоңыр
саздардан, порфиттерден және т.б. құралған. (сурет 2).
Қазіргі уақытта аудан аумағының жер бедері өзіндік ерекшеліктері
бойынша 3 бөлікке бөлінеді.(сурет 3)
1. Солтүстік Қызыларай және Қызылтас таулы
–
шоқылы аймақ.
2. Орталық ұсақ шоқылы аймақ.
3. Оңтүстік – сирек шоқылы, шағын қырқалы жазықты аймақ.
Актоғай ауданының таулары бір-бірінен терең шатқалдармен бөлінген
үлкен және кіші жоталардан тұрады, олар көбінесе жартасты жондар мен
шыңдардың шырмалған жүйесін құрайды. Сарыарқаның аса биік нүктелері
(теңіз деңгейшмен алғанда): Қызыларай таулары (Ақсораң шыңы – 1565 м,
Қызылтас таулары (Құшоқы тауы – 1283 м, Бектауата тауы –1214 м осы
ауданда орналасқан. Салыстырып қарасақ: Қарқаралы таулары (Комсомол
шыңы – 1403 м), Кент таулары – 1400 м, Шыңғыстау таулары (Қособа шыңы –
1304 м ), Баянаул таулары (Ақбет шыңы – 1022 м), Көкшетау таулары (Көкше
шыңы – 947 м), Ұлытау таулары
–
793 м.
Ақтоғайдың таулары жазықтардан күрт көтеріледі. Қызыларай мен
Қызылтас тауларының басты айдарлары және негізгі сілемдері әсем
жартастармен ұштасқан. Аса бөлшектенген жер бедері ауданның батысында,
солтүстік-батысында және оңтүстік-батысында ерекшеленеді. Қызыларай
тауларының шығыс бөлігінде төбелі шоқылы жер бедері қалыптасқан. Мұнда
бірқалыпты, немесе толқынды аңғарлар кең таралған. Таулы аймақтарда
үңгірлер, қазан шұңқырлар және қуыстар кездеседі. Солтүстік Балқаш
өңіріндегі Бектауата тауында ұзындығы 80 м «Әулие» үңгірі орналасқан. Ол
кең кіре берістен басталып аяқ жағында қабырғалары бұрышпен үйлеседі.
Үңгірдің жоғарғы жағында тесік, ал түбінде су бар. Бұл үңгір қасиетті деп
есептелінді және адамдар сиыну орнына айналдырған. Ауданның басқа
тауларында да үлкенді – кішілі үңгірлер кездеседі.
Таулы аймақта көп жағдайда ирелеңдеген құрғақ арналар және бұлақтармен
дараланатын шоқыаралық аңғарлар жиі кездеседі. Шоқыаралық жазықтар
әлсіз толқынды, кейбір жерледе микрорельефтер топырақтың кешенділігін
сипаттайды, яғни кәдімгі қызғылт, ақшыл қызғылт, толық дамыған және
аз дамыған әр түрлі дәрежедегі сортаңды топырақтардан тұрады. Әр түрлі
214
төмендеулерде сор мен сортаң топырақтар, дамитын саздақтар, ауыр және
орташа саздақтар, тұзданған топырақ құраушы жыныстарға тән.
Ауданның оңтүстік және оңтүстік-шығыс бөлігі аса тегістелген, мұнда
ақшыл қызғылт топырақтармен қатар, қоңыр топырақтар дамыған. Ұсақ
шоқыларда түпкі жыныстардың шығулары байқалмайды.
Ауданның солтүстік және солтүстік-шығыс бөлігіндегі таулар мен жоталы
массивтер: оңтүстігіде Балқаш көліне (Тоқырауын, Жәмші, Қаршығалы
және т.б.) және солтүстік-шығысында Ертіс маңы тобындағы ұсақ көлдерге
бағытталған су айырықтың бір бөлігі болып табылады. Аудан өзендерінің
басым бөлігі бастауын осы таулы массивтерден алады. Оңтүстікке қарай
жер бедері төмендей бастайды. Мұнда ұсақ шоқылар шағын қырқаларға
ауысады. Бұл қырқалар солтүстіктен оңтүстікке және солтүстік-батыстан
оңтүстік шығысқа жазылады да, Балқаш көліне таяу жақындап, оның
абсолюттік биіктіктері 150-400 метр болатын жарлы солтүстік жағалауын
қалыптастырады. Мұнда аласа таулар да кездеседі. Мысалы, тегіс жазықта
арал тәрізді өрлеп тұрған жалғыз – Бектауата тауын (1214м) алуға болады.
Жер бедерінің әркелкі болып келуі, аласа таулар мен ұсақ шоқылардан
біртіндеп тегіс жазықтарға айналуы, жер асты ағысының қалыптасуына,
таулы қатпарлы облыстарда қырқалы және жазық жерлерде әлсіз су айналу
үрдісіне алып келеді. Тау жыныстарының литологиялық-петрографиялық
өзгешеліктері, су сақтайтын және су өтпейтін жиектерінің пайда болуына
әсер етеді және оның сүзгіштік, жинағыштық қасиеттері байқалып тұрады,
яғни жер асты суларының химиялық құрамына және минералдануына әсерін
тигізеді. Ауданның ұсақ шоқылы аймағының алып жатқан аумағының басым
бөлігі негізінен алғанда жарық сулары және жарықтың карстық сулары
таралған бір тұтас гидрогеологиялық облыс болып табылады. Жер бедерінің
барлық белгілерінің жиынтығы бойынша ірі көтерілулермен және ішкі иілулер
ажыратылып тұрады, олардың арасында өтпелі зоналар да бар. Жалпы бұл
зоналар жер асты суларының транзиттік таралуын көрсетеді.
Жер бедерінің жазықты сипаты және оның онша үлкен емес еңкіштігі жер
асты ағысының баяу ағатынын аңғартады. Бұл жағдай судың минералдануының
өсуіне алып келеді, тағы да бұған жамылғылық шөгінділерден келіп түсуші
ерігіш тұздардың араласуы әсерінен тигізеді.
Ақтоғай ауданының тауларының биік нүктелері теңіз деңгейімен алғанда
382 м (Бақтай), 1565м (Ақсораң) – аралығында болады. Олардың тізімі
төменде берілген. (кесте 1)
215
Кесте 1
Достарыңызбен бөлісу: |