206
деңгейі кеңістікте таралуы мен бағыт-бағдары әр алуан. Сондықтан табиғи
антропогендік факторларға талдау жасау мен осыған байланысты табиғи
кешендерді жақсарту жолдарын ұсынған дұрыс, әрі қолайлы. Нұра өзенің
жоғарғы алабында шығу тегі жағынан біртекті, функционалдық біртұтас Нұра-
Ақбастау, Байқожа, Матақ, Ащысу, Шилі салаларының табиғи антропогендік
кешендері қалыптасқан.
Нұра өзенінің орта ағысы алабының геожүйесі Нұра, Ашағанды,
Жайылым, Үлкен Құндызды өзендерінің салаларының оң жақ жағалауы мен
Есен, Шерубай-Нұра өзендеріні оң жақ жағалауында орналасқан ауқымында.
Өзендердің оң жақ жағалауларындағы
қырқалы-жонды ұсақ шоқтар
мен денудациялық-қырқалы жазықтарда дамыған. Сол жақ жағлауындағы
Қалпақсор мен Тассуат көлді-аллювиалды, жазықтарына сәйкестенгендіктен
құрғақтау дала биотасын ерекшеленеді.
Шерубай-Нұра алабының кешендері өте тез өзгермелі және күрделі. Нұра
өзенінің ағындысында Шерубай-Нұра саласының үлесі 26 пайызын құрайды.
Теңіз – Қорғалжың ойпатына кіретін Ашаған, Жайылма, Үлкен Құндыз
салалары; Тассуат, Жалпақсор, Мұзбел ағыссыз салалары оңтүстік карбонатты
қара топырақтарын, қою каштанды және каштанды топырақтарын ұзақ уақыт
егістікке жету топырақ горизонтының қатты шаңдануына,
құнарлылық
шайыуы мен жоғалуына алып келеді.
Төменгі Нұра 77,3 мың га, лиманды суармалы жерінің 33,2 мың га
Үлкен Құндыз – 20,9 мың га Шерубай-Нұра және Есен – 17,2 мың га кесек
мол азығын өсіруге қолданылады. Ақмола және Қарағанды облыстарының
кейбір шаруашылықтарында лимандар қараусыз қалған, ал көптеген
шаруашылықтарда олар қарапайым агромелиоративті жағдайларда ескермей
қолданылуда
Сарысу өзені Орталық Қазақстандағы ірі өзендердің бірі. Су жинайтын
алабының ауданы жөнінен Есілден кейінгі үшінші орынды алады.
Суының
молдығы тұрғысынан Нұра мен Есілден кейінгі үшінші орынды алады. Өзеннің
Жаңаарқа ауданы аумағындағы жалпы ұзындығы 400 шақырым. Су жинайтын
алабының ауданы 81600 шаршы шақырым. Өзеннің орташа көпжылдық ағыс
көлемі 217 млн м, орта жылдық ағысы шығыны 6,2 м/сек. Өзеннің аудан
жеріндегі өзен аңғары Солтүстік, Шығыс және Оңтүстік жақтарында аласа
таулармен қоршалады. Таулардан құлап ағып жатқан өзеншелер мен көктемгі
тасқын кезіндегі суға толатын жылғалар, сайлар жер бетін әбден тілімдеген,
жыралы, сайлы өзен торы жиі кездеседі. Сарысу өзені – Жамансарысу және
Жақсысарысу өзендерінің қосылуынан пайда болады. Жамансарысу мен
Жақсысарысу, Бұғылы-Тағылы тауларынан басталғанда Қайрақты өзені деп
аталады. Бастауынан 60 шақырым өткеннен кейін Қарағанды саласы келіп
құяды. Содан бастап өзен Жамансарысу деп аталады. Өзеннің ұзындығы 150
207
шақырымға жуық[6].
Жақсысарысу Тағылы тауларынан басталады. Ұзындығы 148 шақырымға
жуық. Атасудың тұсында екі өзен (Жамансарысу мен Жақсысарысу) қосылып
Сарысу деп аталады. Осы жерден бастап өзен аңғары кеңейіп, терассалары
(сатылынып келеді) айқындалады. Өзеннің аңғары айналасындағы
жазықтың
тереңдігі 4-5 м болатын тік жар қабықтармен бөлінген. Аңғардың кеңіген
жерінде 4,5-5 шақырымға дейін жетеді. Осы кеңейіген жерден жайылымы
үш сатылы бедер (терасса) қалыптасқан. Аудан аумағымен ағып өтетін
Сарысу өзенінің шығыс бөлігі батысына қарағанда, көтеріңкі таулы-шоқылы
аймақпен өтеді. Осы бөлікте өзен аңғары Солтүстік, Шығыс және Оңтүстік
жақтарында аласа таулармен қоршағанда жазық үстімен өтетін батыс бөлігі
бар. Кеңгір өзені сағасына дейін ендік бағытында ағып келеді де, Қаражар
даласында шұғыл оңтүстікке бұрылады.
Сарысу өзен салалары көп. Олар: Құрманақа, Талдыманақа, Сарысу, Сөрті,
Сарыөзен т.б. Өзен орта ағысынан бастап Ащыкөлге құйғанша (сағасына
дейін), жазды күндері суы тартылып, жеке-жеке қарасуға бөлініп қалады.
Өзен аңғарларындағы ну тоғайлардан осы күндері
топ-топ болып қалған
ағаштардың қалдығын ғана көреміз. Өзен Оңтүстік Қазақстан облысындағы
Ащыкөлге барып құяды. Ертеректе өзен Шуға барып одан әрі Арал теңізіне
құйған деген болжам бар. Аймысық, Айғыржал тауларының Солтүстік
шығысындағы аумақтардан басталып, Нұра ауданынан басып өтетін өзен
Құланөтпес деп аталады, ұзындығы 364, өзеннің аңғары кең жағасы тік
жарлы болып келеді. Бұл өзен Айнабұлақ селолық
округіндегі Қызылағаш
елді мекенін басып өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: