Қарағанды облысы топонимдері Нұр-Сұлтан, 2020 Т. Аршабеков


Ши - сабақтарынан түрлі бұйымдық заттар жасалатын, түп-түп болып өсетін  биік өсімдік. Өзек



Pdf көрінісі
бет119/182
Дата04.11.2023
өлшемі7,57 Mb.
#189322
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   182
 
Ши - сабақтарынан түрлі бұйымдық заттар жасалатын, түп-түп болып өсетін 
биік өсімдік. Өзек 
 

 
өзеннен тарамдалып бөлінген арнасы шағын су, терең 
арналы сай-сала. Атау өзеннің ерекшелігін көрсетіп тұр.
ШАЖАҒАЙ 

 
өзен.
 
Жаңаарқа ауд. жерімен ағады. Шу алабында. 
Ұзындығы 129 км. Су жинайтын алқабы 2110 шаршы км. Шет ауданындағы 
Өзенжал тауының беткейіндегі бұлақтар суының қосылуынан түзіледі. 
Елшібай тауынан оңтүстікте 3,8 км жерде тартылып қалады. Аңғары адырлы, 
бұйратты жазықты, ені 1-2 км, арнасы кең. Жауын-шашын суымен толысады. 
Сәуір-мамырда тасып, маусымда суы тартылып, иірім қарасуларға бөлінеді. 
Суы тұщы, жазда сәл кермек. Жылдық орташа су шығыны сағасынан 45 км 
жерде секундына 0,25 текше м Ауыз суға, мал суаруға пайдаланылады. 
ТЕРЕҢСАЙ 

 
өзен.
 
Жаңаарқа ауд. жерімен ағады. Ұзындығы 35 км. 
Нұрмұқан зираты түбіндегі Бектау ұсақ шоқысының батыс беткейіндегі 
бұлақтардан бастау алып, Аралқұм қыстауына таяу қырқалы құмдарға сіңіп 
кетеді. Жағасы жайдақ, құмдауытты, төменгі ағысында өзен аңғары кеңейеді. 
Көктемгі еріген қар және жерасты суларымен толысады. Тұрақты ағысы 
сәуірде байқалады. Мал суаруға пайдаланылады. Топонимдік мағынасы: «суы 
терең өзен».
ТЕМІР 

 
өзен.
 
Жаңаарқа ауд. Ақтау с/о жерінде. Антропоним, руы 
қырғыз Байтемірдің есімімен аталған. Жазда құрғап, суы тартылып қалатын 
су арнасы.
МАНДАЙҚАҚ 

 
өзен, Сарысу алабында. Борсеңгір тауының солт. 
беткейіндегі бұлақтар суының қосылуынан түзіліп, Біройнақ. тауы маңында 


210
Сарысу өзеніне оң жағынан құяды. Ұз. 56 км Жағасы жайдак, кұмдауытты. 
Көктемгі еріген қар және жер асты суымен толысады. Сәуірде тасиды, жаздың 
ыстық айларында қарасуларға бөлініп кетеді. Өзен алабында жайылымдық 
жерлер, қыстаулар бар. Суы мал суаруға пайдаланылады. Өзеннің орта 
ағысындағы аңғарда суы тұщы Ақабай құдығы бар, тереңд. 10 м, суының 
өнімділігі 100 л/сағ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   182




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет