Семізбұғы
– тау /елді мекен/. Бұғымен байланысты атаулар Орталық
Қазақстанда кездеседі. Оның бірі – Жауырбұғы, қазіргі Теміртау.
Семізбұғы
– көне түркі тілдеріне тән көне топоним. Семізбұғы - тау. Атау
«семіз бұғы» немесе «шөптің түрі» деген мағынада.
Теректі
- шоқы тізбегі, Соқыр және Нұра арлығындағы су бөлегі. Атау
«шағын теректі тоғайы» деген мағынаны білдіреді.
Шоршоқы
– тау. Шор – қаракесектердің арғы тектерінің бірі болуы
мүмкін. Берік, мықты, тұрақты мағынасын білдіреді.
Аюлы
- таулар жүйесі. Бұл – зооним ертеден белгілі топонимикалық белгі.
Арқада бірнеше Аюлы атауы кездеседі.
Жартас
– Сарытаудың оңтүстік-батыс сілеміндегі тау. Қарағанды облысы
Бұқар жырау ауданы Семізбұғы ауылының солтүстік-батысында 12-13 км
жерде орналасқан. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 4-5 км-ге
созылған, ені – 2-3 км. Ең биік жері – 800 м. Девон жыныстарынан түзілген.
Беткейлері тік, сай-жыра, аңғарлармен қатты тілімденген. Жартастың
125
Кейін Керней атын переселендер орысшаға бұрып Кернеевка/Корнеевка деп атаған. Керней елді
мекенін Украина мен Беларуссиядан келгендер 1907 жылдан бері қоныстана бастаған. Қазақ сөзін
орысшаға бұру мысалдары көп: қос томар – Костомаровка, сары изен – Царицын, Ақ дың – Белодымовка,
әулие тау – Святогорск, т. б.
224
оңтүстік-шығыс бөлігінде түп жыныстарының жер бетіне шығуы байқалады.
Қызғылт қоңыр, сортаң топырағында әр түрлі дала өсімдіктері өседі.
Жауыртау
атауын халық аңыздарында жиі кездестіреміз. Бұл атау туралы
көнекөз қариялардың айтуынша: «Айбас Қозының ел-жұртын іздеуге шығып,
астындағы атының одан әрі жүруге жарамай, жауыр болып қалған жері, қазіргі
Теміртау маңайы болса керек, содан Жауыртау атанған еді», - дейді.
Теміртау қаласының солтүстік жағында жауыр аттың иығы секілді
айғыздалып жатқандығы үшін Жауыртау деп атап кеткен кішігірім шоқы
бар. Атадан балаға ауысып отыратын халық аңызы Жауыртау деген атауды
«Қозы-Көрпеш-Баян-сұлу» жырымен сабақтастырады. Ол жырда былайша
суреттеледі:
«Жауыр атты сен жүрсің, жаба тоқып,
Көктайың жауыр қылған соған орай!..»
Кәдуілгі «жетпіс жыл баққан малының жеті жапырақ етін тісіне басуға
қимайтын» Қарабай әкесі өлген Қозыны қомсынып қаша көшетін аңыз бар.
Ұзақ көш жолында қырық нары арып өліп, Қарабайға Аякөзге келгенде
ноғайлы Шақшақ байдың баласы Қодар Баянға ғашық болады ғой. Кешікпей-
ақ тоқсан мырзасын жалшылыққа берген Қодар Қарабаймен әмпей болып
алады. Сонда әбден шарасы таусылған Баян Айбас деген жігітті қанатты қара
биеден туған Бақа айғырға мінгізіп, алыста қалған ғашығы Қозыға жібереді.
Сәлемдеме деп алтын сандыққа домбырасы мен моншағын, басындағы
қарқара қадаған топысын салып берген екен.
Қарабайдың қырық нарын жалмаған ұзақ жол Айбастың арғымағына да
оңай тимепті. Шексіз-шетсіз сары дала Айбастың өзін де, астындағы тоқпақ
жал Бақа айғырды да титықтатса керек. Алайда қаншалықты қалжырап,
қажыса да Айбас Баянның өтінішін орындау үшін Қозы Көрпештің елін бетке
алып жүре берсе керек. Бірақ, амал қанша, елсіз-күнсіз сары дала астындағы
аттың титығына жетіп, бір жерлерге келгенде болдырып, тоқырап тұрып
қалыпты. Айбас алған бетінен сонда да қайтпайды. Бақа айғырды Тоқырауын
бойының сонысына тынықтырып алып, тағы да жүріп кетеді ғой. Ай жүреді,
апта жүреді, бір жерлерге келгенде мінген атынын тұяғы сөгіліп, арқасы
ошақтай жауыр болып, мүлдем міністен қалған екен. Осынау жауыр аттың
қалған жері содан бері «Жауыртау» атаныпты дейді қыр аңызы. Ер жігіттің
атын арытқан Жауыртауды казір Теміртау деп атайды. Халық жүрегінен
шыққан атау өміршең болады. Шынында да Теміртау дегеніңіз - ел өміріндегі
тарихи-әлеуметтік өзгерістерімен біте қайнасқан атау. Теміртау десе Теміртау.
Кәдуелгі «тау-тау темір» деген сөзден шыққан атау. Теміртау – 1945 жылға
дейін Самарқант қалашығы аталып келіп, 1945 жылдың аяғында Теміртау
қаласына айналған. Қарағанды облысына қарасты Самарқант су қоймасының
жағасындағы қала. Бұл жерде темір көп болғандықтан да Теміртау аталған.
225
Достарыңызбен бөлісу: |