Қарағанды облысы топонимдері Нұр-Сұлтан, 2020 Т. Аршабеков


Қарабастау  – тау аты. «Адам мен мал шоғырланған жер» немесе Қарабас  этнонимімен байланысты: «Қарабастардың тау» мәніндегі атау. Қарағайлы



Pdf көрінісі
бет130/182
Дата04.11.2023
өлшемі7,57 Mb.
#189322
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   182
Қарабастау 
– тау аты. «Адам мен мал шоғырланған жер» немесе Қарабас 
этнонимімен байланысты: «Қарабастардың тау» мәніндегі атау.
Қарағайлы
– тау, өңір аты. Қаз. қарағай тұлғасыны сын есімдік -лы 
жұрнағын жалғау арқылы жасалған атау.
Қаражал
– тау аты. «Биік (таулы) жал» мағынасындағы атау.
Кент
– таулары. Парсы тілінде 
кент (кинт) 
қалаша, қалашық, ауыл, 
мекен, қоныс дегенді білдіреді. Әл-Идриси жазбаларындағы қимақ 
мемлкетінің ортағасырлы қалалары осы күнге дейін табылмай отыр.
Географиялық сипаттамасы бойынша қимақ қалалары көбінесе Ертіс 
аңғарыда, Арқа атырабында орналасқан тәрізді. Бұл таулардың Кент 
аталуыда сол қимақ қалалалырмен байланысты болуы мүмкін. Кент сөзі түркі 
тілдерінде иран тілінен енген. Біздің топшылауымызша, бұл сөз шығыс пен 
иран халықтарының қарым-қатынастарының нәтижесінде Қазақстанның 
оңтүстігіне VІ ғасырларда еніп, кейбір қала атттарын жасауға негіз болды. Ал 
орта ғасырларда бұл географиялық терминнің Орталық Қазақстанға тарағанын 
Қызылкент, Талдыкент атауларының құрамынан айқын аңғарамыз. Батыс 
және Орталық Қазақстанның елді мекендері туралы ХІV –ХV ғасырлардағы 
итальян карталарында мәліметтер бар. Бұған дүниежүзілік Каталон картасы 
(1375ж), ағайынды Пицигани (1367 ж) және Фра-Маур (1459 ж) карталары 
жатады. Каталон картасында Торғай өзенінің төменгі ағысында Канглы- Кент 
қаласы көрсетілген Мұнда Нұра өзенінің төменгі ағысында Аксикет қаласы 
белгіленген. Бұл жердегі ескі қаланың орны Ботағай деп аталады. Алайда 
итальян карталарында сол кезде көрсетілген қалалардың орны болмаса, өзі 
сақталмаған, өйткені қамыс, тал, ағаш сияқты материалдардан салынған 
мұндай құрылыстар сақталмаған. Гардизи мен Рашид-ад-диннің еңбектері 
бойынша Сарыарқадағы ең көне қала аты – Жубин (Жұбанч, Анбайдж, 
Инандж). Бұл үш оқ деп аталатын оғуз тайпасының Ортағ, Кертағ деген 
жайлауларының маңында болған. Әлкей Марғұлан Кертағ (Кертау) тауы – 
Ақадыр станциясынан оңтүстігінде 75 км жерде орналасқан Қызылтаудың 
ескі аты, ал Ортағ (Ортау) Ақадыр станциясының батыс жағында 50 км 
қашықтықта жатыр деп көрсетеді. Бұлардың екінші компоненті тағ қазіргі 


228
қазақ тіліндегі тау сөзінің көне фонетикалық түрі. Ал Кертау деген атаудың 
кер деген бөлігі көне замандарда «тау», «қыр», «тау басы» деген мағынада 
қолданғанына мына деректер дәлел бола алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   182




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет